Материалдар / Ашық сабақ Қазақстан жорықтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Қазақстан жорықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық Сабақта Қазақстан жорықтар туралы айтылды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2023
226
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтары

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды қорықтардың мақсатымен таныстырып, Қазақстанның қорықтарын тереңдетіп оқыту.

2.Жұмбақтар, мақалдар, слайд, бейне көрсетілімдерін пайдаланып оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, табиғат заңдылықтарын терең түсініп зерттей білуге баулу.

3.Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.

І.Сабақтың барысы:

«Мейірім» әдісімен көңілді әуен және смайликтер арқылы амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «ЖОЛДАМА» әдісі.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқу, құрал - жабдықтарын даярлату.
3. Сабаққа ынтасын аудару, түгелдеу.
4. Сабақ мақсатын таныстыру, топтарға бөлу.

1-топ «Жануарлар»
2-топ «Өсімдіктер»

ІІІ.Жаңа сабақ: «галерея» әдісімен тақырыпты анықтау. Табиғи Қорық - табиғат нысандарын қорғаудың жоғарғы көрсеткіші. Ерекше қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдік пен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Қазір елімізде 10 қорық жұмыс жасауда, олардың әлемдік маңызы бар деген мәртебеге ие болған Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Ең соңғы 10 - ыншы қорық Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында 2004 «Қаратау» қорығы ұйымдастырылды

Бейнеролик көрсету.

Стюардесса: Біз ұшаққа отырдық,ременьдеріңізді тағып, ыңғайланып отырыңыздар. Біз 3000м биіктікке ұшып келеміз. Бірінші бағытымыз Ақсу-Жабағылы қорығы.

1- оқушы: Ең алғашқы ұйымдастырылған қорық 1926 жылы, ауданы 131934га. Батыс Тянь – Шянь мен Өгем тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылған. Табиғат байлықтары: өсімдіктердің 1400 түрі, балықтың, бауырмен жорғалаушылардың 9, 200 – ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі бар.

- Картамен жұмыс «Мозайка әдісі» Қорықтарды картаға орналастыру.

Стюардесса : Келесі бағытымыз Барсакелмес қорығы.

Арал теңізіндегі оңтүстіктен солтүстікке қарай көлбей созылып жатқан шағын аралды қазақтар ежелден Барсакелмес деп атаған.1830 жылға дейін мұндай аралдың бар-жоғын дүние жүзіндегі ешбір географ білмеген. 1831 жылы орыс ғалымы Левшин осы аралдыашып, картаға түсіреді. Аралдың Барсакелмес деп аталуында өзіндік бір сыр бар

Стюардесса: Келесі бағытымыз Қазақстанның оңтүстік батысындағы Үстірт қорығы.

3 – оқушы. Маңғыстау өңіріндегі Үстірт жазығының шөлейтті аймағының табиғатын қорғау мақсатында 1984 жылы Үстірт қорығы ұйымдастырылды. Қорық табиғаты ерекше, онда жорғалаушылардың 30 түрі кездеседі, өсімдіктердің 300, құстың 111, сүтқоректілердің 27 түрі бар. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны Жабайы қойдың ерекше түрі – үстірт муфлоны, қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен тіршілік етеді.

«Колесо» әдісі

1.Маңғыстау облысы орналасқан қорық (Үстірт)

2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық ( Алматы)

3.Екі өзеннің атауынан құрылған қорық ( Ақсу- Жабағалы)

4. Суда жүзетін құстардықорғау мақсатында құрылған қорық (Қорғалжын)

5.Қылқанды Тайга орманы орналасқан қорық (Батыс –Алтай)

6. Наурызым қорығы қайда орналасқан? (Қостанай)

Стюардесса: келесі бағытымыз Наурызым қорығы.

4 – оқушы: Құстар мұнда қаншама,

Аңдар мұнда қаншама,

Наурызым қорығы,

Көптен аян баршаға.

1931 жылы Қостанай облысының оңтүстігінде Наурызым ауданындағы далалы аймақтың табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылды. Қарауытқан қарағайлы тоғай, құм шағылдар, шоқ қайыңдар мен дала шөптері – осының бәрі тұтасып Наурызым қорығын құрайды. Қорықта гүлді өсімдіктердің, құстардың, сүт қоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың, балықтар мен қосмекенділердің алуан түрлері кездеседі.

Стюардесса: Келесі бағытымыз Қорғалжын қорығы.

5 – оқушы.Ішінде де көл бар таудың, орманның,

Тың жердегі көлдің тыңы Қорғалжын

Қорғалжында қызық жаз

Көруге жұрт ынтыққан.

Стюардесса: Қорықта демалып отырып ән айтсақ қайтеді.

Ән: «Құстар қайтып барады»

Стюардесса: Батыс Алтай қорығына сапар шегіп келеміз.

6 -оқушы: Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған. Ауданы 86122га. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі , яғни, қылқан жапырақты ормандар, субальпі және алпі шалғындары сақталған. Өсімдіктердің 564, құстардың 131, сүтқоректілердің 50, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю,құндыз, сусар және т.б сирек аңдар кездеседі.

«Тарсия әдісі» арқылы Табиғатқа байланысты тыйым сөздермен мақал мәтелдер құрастыру.

  • Табиғатты сүйемін

Көркіне басымды иемін

Қарлығаш үйге құт әкеледі

  • Балық аулай алмаған суды ластайды

Құстың ұясын бұзба,жұмыртқаларын жарма, бетіңе шұбар түседі

  • Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз.

  • Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады.

  • Су жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке

  • Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас.

  • Табиғат –халық қазынасы.

  • Жер көңді жақсы көреді, ат жемді жақсы көреді.

Стюардесса: Бағытымыз Марқакөл қорығы.

7-оқушы: Алтайдың алтын жиен Марқакөлі,

Жерінде сұлулықтың жарты әлемі,

Ғажайып түсе қалған періште көл,

Жат көздің сұқтанардай бар себебі.

Сергіту сәті жүргізіледі.

Стюардесса: Енді Алакөл қорығына батысқа қарай жүземіз ұшамыз..

8-оқушы: Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған, ауданы 65217га. Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан. Алакөлге құйятын өзендердің сағасындағы сулы-батпақты аймақтың табиғаты қорғалады. Құстардың 283 түрі, оның 12-сі «Қызыл кітапқа енген», өсімдіктің 323 түрі, сүтқоректілердің 40 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі бар.

Стюардесса: «Билет әдісі» арқылы Ұшақта оқушылар арасында жұмбақтар жасырылады.

1.Ауаға шықса ауырады, су ішінде сауығады. (Балық)

2.Адыраспан түбінде ала тышқан ойнайды (Құйын)

3Отта шалқиды,суда қалқиды.(Ағаш)

4.Бір айдында екі жайын, бірі кетсе бірі дайын.(Су толқыны)

6.Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)

7.Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті.(Күннің күркіреуі)

8.Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем.(Жер)

Стюардесса: Енді міне 9-қорық Алматыға да жеттік.

9-оқушы: Алматы қорығы 1931 жылы ұйымдастырылды. Ол асқар Алатау аясында орналасқан. Қорықтың қарамағында 71700га. жер бар. Тау беткейлеріне сән беріп тұрған қылқан жапырақты ормандар 2500 метр биіктікте кездеседі.

Стюардесса: Ең соңғы 10 - ыншы қорық Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында 2004 «Қаратау» қорығы ұйымдастырылды.

Қорытынды: «Шапалақ» әдісі

  • Қазақстан жерінде неше қорық бар?

  • Қорықтар қандай мақсатпен құрылады?

  • Сіздер үшін Қазақстан жерінде әліде қорықтар құрылуы керек пе?

  • Алакөл қорығы қай жылы құрылды?

  • Алматы қорығы қай жылы құрылды?

Үй тапсырмасы: Қазақстан қорықтарына арналған буклет жасау

Рефлексия

Ұшаққа бұлттарды орналастыру.

1.Менің сабаққа да, өзіме де көңілім де толды. Мен сабақты түсіндім

2. Сабақты жақсы түсіндім, әрі қарай білгім келеді

3. Сабақты түсінбедім, сабаққа қатыса алмадым.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!