Ашық сабақ: "Қазақстан ортақ үйіміз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Қазақстан ортақ үйіміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы:Коммуникация

Бөлімі:Көркем әдебиет

Тақырыбы:Достық - біздің тірегіміз

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ортақ үйіміз

Мақсаты:Балаларға достық, татулық туралы түсіндіру

Міндеттері:

а) Білімділік:балаларға бірлік, достық туралы түсіндіру. Өлең мағынасын түсіндіру. Синонимдік қатармен таныстыру.

ә) Дамытушылық:Сөздік жұмысы арқылы тілдерін дамыту.

б) Тәрбиелік:достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілі:түсінік беру, сұрақ-жауап,суретпен жұмыс,

Сөздік жұмыс:асқар тау, толы, ағайынбыз

Билингвалды компонент:ұлт-национальность, бірлік-единство

Технологиялар:Мнемо

Пәнаралық байланыс:Сөйлеуді дамыту

Көрнекіліктер: А3

Сауықтыру міндеттері:көзге арналған жаттығу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

Әрекет кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Есеп

Мотивациялық -қозғаушы күш

Жылулық шеңбері:

Туыспыз біз бәріміз,

Біз Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз!

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бәрі бірге айтады.


Ұйымдастыру-іздену

-Әр ұлттың тілінде амандасады

- Балалар, сендер достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Достарыңды ренжетіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?

-Сендердің басқа ауылда, қалада тұратын достарың бар ма?

-Ал бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?

-Сендер, «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?

Балалар, Жер ана бәрімізге ортақ. Қазақстан – көп ұлттымемлекет.Біздің кең байтақ қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату – тәтті,ынтымақта, бауырластықта өмір сүруде.

-Сендер елімізде тұратын қандай ұлт

өкілдерін білесіңдер? Біз олармен қандай қарым – қатынастамыз? ( Балалардың

жауабы).

-Дұрыс айтасыңдар, елімізде орыс, татар, ұйғыр, неміс,

өзбек тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт –дәстүрі, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары болады. Біз барлық ұлтөкілдерімен татумыз, доспыз және бір шаңырақ астында тұрамыз.

Балалар, сол себепті біздің елімізде1- мамыр ынтымақ пен бірлік, бейбітшілік мерекесі болып саналады.

Бұл күні адамдар өздерінің ұлттық киімдерін киіп, ұлттық өлеңдерін айтып, би билейді. Біз өте тату тұрамыз және мерекені үлкен дастархан басында атап өтеді.

Слайд көрсету. 1 мамыр -Қазақстан бірлік мерекесі

-Балалар, денелерің түзу, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді түгел жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап қоршап, қамқор болып жатыр. Ал, енді тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толды деп есептеймін.

Тосын сый. Шет елден қонақ келеді. Ұлыбртиания елінен ағылшын азаматы келіпті. Мистер Сэм

Балалар, ол біздің тілді білмейді екен. Қай елге келгендігін түсіндірейік.

Қазақстан картасы: Бәйтерек суреті, домбыра, ұлттық киім, тау, өзен суреті, бидай, көмір, мақта суреті( қазба байлықтар), асық, төрт түлік мал суреті, қымыз, май, құрт т.б әр ұлт өкілдері суреті,

Әнуарбек Дүйсенбиев.

Ағайынбыз бәріміз

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау

Болсын жер мен су ортақ.

Болсын біздің ту ортақ

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.












-Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе-тыныштық, бірлік


-Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол.










-Біздің елде орыс, татар, өзбек, ұйғыр, қырғыз, қытай, неміс, армян, азербайжан, грузин, шешен,украин ұлт өкілдері өмір сүреді.














Тақтаға шығып картадан көрсетеді.




Сергіту сәті

Тату болсын еліміз

Бүтін болсын жеріміз.

Бір шаңырақ астында,

Жиналайық, келіңіз!

Сөздік жұмысы: ұлт-нацинальность, бірлік-единство

Ағайынбыз, туыспыз,.

Толы, мол, көп.

Асқар тау, биік тау.


Саусақ жаттығуы:

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.




Тапсырма: 1 мамыр мерекесіне ұлт өкілдерін жинауға көмектес.



Рефлексив

ті-түзетушілік

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Шаңырақты көтеріп, тілек айтады.


-Елбасымыз аман болсын!

-Елімізде бірлік болсын!

-Балалар бақытты болсын!

-Тыныштық болсын!



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Достық туралы, қарым-қатынас орната білуді, өлең сөздерін түсініп меңгеруді.

Нені игерді

1 мамыр бірлік мерексі туралы түсінік қалыптастыру

Нені білді

Әр ұлт өкілдерін тани білуді



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2018
2495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі