Ашық сабақ Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныпта әскери өндірістік кешен тақырыбын өткенде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуы. 9-сынып 28.01.2017 ж Қазақстан тарихы.


Мақсаты: Оқушылырға соғыстан кейінгі кезеңде экономиканы әскерилендіру,Қазақстан аумағындағы әскери өнеркәсіптік кешеннің қалыптасуы, Байқоңыр ғарыш айлағының іргетасының қалануы, Семей полигоны туралы мәліметтер бере отырып, түсінік қалыртастыру;


Жалпы мақсат: Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру


Күтілетін нәтиже: Оқушылар Иран мен Ауғаныстан елдері жайлы түсінік алады және олардың жүйесі туралы түсінеді оны тарихи деректермен жұмыс істеуде пайдаланады

7 модульдің қолданылуы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Ұйымдастыру кезеңі



Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім


Қызығушылық

тарын ояту

«Миға шабуыл» әдісі

Қайталау. «Зымыран сұрақтар»

1.Ұлы отан соғысы қашан басталды?/1945ж. 22маусым/

2.Германияның қауырт жоспары қалай аталды? /Барбаросса/

3.Қазақстанда армия қатарына қанша адам шақырылды? /1млн.200мың адам/

4.Қазақстанда құрылған 312-атқыштар дивизиясының командирі? /Наумов/

5.316-атқыштар дивизиясының командирі?/Панфилов/

6.Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткен Кеңес одағының батыры атағын алғандар?/Мәлік Ғабдуллин,Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров,Рамазан Елебаев/

7.Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар: /Қазақстандық 4 адам: Т.Бигелдинов, Леонид Беда, Сергей Луганский,Иван павлов/

8.1941-1945 жылдары Қазақстан КСРО дақандай табиғи байлықтарды игеруде жетекші орынға шықты? /Қорғасын -85%, мыс 35 %/,полиметалл өндіруден/

9.Соғыс кезінде қай қалада ферроқорытпа зауыты іске қосылды?/Ақтөбе/

10.Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілігі майданға кетті,Өнеркәсіптегі әйелдердің үлес салмағы қанша болды?/Өнеркәсіпте 50%, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде 80%/

11.Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды? /1945жылы8мамырда Потстамда Гитлерлік Германия сөзсіз тізе бүгу пактісіне қол қойды. 9мамыр жеңіс күні/

12.Соғыс жылдары қанша өнеркәсіп шығынға батты?/32мың/

13. Карточкалық жүйе қашан жойылды? /1947жылы/

14.Соғыстан кейінгі жылдарда мұнай өндіру саласы қанша пайызға артты?/52%/

15.1960 жылдары қанша өнеркәсіп орындары ашылды?/729, 535 цех іске қосылды/

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, тапсырманы орындау

Әр топ сұраққа жауап береді

Мағынаны тану

Жаңа сабақ.

Кіріспе.

Соғыстан кейінгі кезеңде экономиканы одан әрі әскерилендіру жалғасты. Ауыр өндірістің көптеген кәсіпорындары халық шаруашылығына зиян келтіре отырып, орасан зор көлемде әскери өнімдер шығарды.Қазақстан аумағында аса қуатты әскери – өнеркәсіп кешені қалыптасты.50- ге жуық қорғаныстық маңызы бар кәсіпорын құрылды.Осы өндіріс орындарында КСРО армиясы жаяу әскер соғыс машиналарының -18 %, барлық артиллериялық жүйелердің 11 % өндірілді.

1. Қазақстандағы әскери өнім шығарған кәсіпорындар

Қала

Кәспорын

Шығарылды

Алматы

1941жылы Ауыр машина жасау зауыты. Луганск паравоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды

бомба, мина, снаряд, әскери тапсырыстарды орындап отырды.

Петропавл

Ауыр машина жасау зауыты.

Орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандар жасалынды.

Орал

Ауыр машина жасау зауыты

Әскери кеме, қару-жарақ, ірі калибрлі пулеметтер шығарды

Өскемен

Үлбі металлургиялық комбинаты

Табиғатта сирек кездесетін әскери өндірістік маңызы бар бериллий, тантал химиялық элементтерін өндірді.



Іргесі 1955 жылы қаланды Айлақ 70х70 ш.әлемдік

Shape3 Shape1 Shape2

Байқоңыр

дәрежедегі әскери нысан

Shape4

Shape5



Ю.А.Гагарин алғаш рет 2,5 мыңға жуық

Ғарышқа сапар шекті зымыран ұшты


2.Семей полигоны.

Семей полигоны 1949-1989 жылдар қуаты әр түрлі 470-тей жарылыстар жасалынды.

90-ы әуеде,26-сы жер үстінде, 354-і жерастында өткізілді .

Алғашқы сынақ 1949жылы 29тамызда сағат 6:30-да Жарылыстың қуаты 30 килотонна

1951жылы 18 қазан уран бомбасы

1953жылы 12 тамызда жер үстінде 500кт. болатын сутегі бомбасы

1961-1962ж.жер үстінде 50 дей ядролық сынақ.

1963-1988ж.жылына 14-18 сынақ өткізілді,жер астына 343 жарылыс

Сынақ қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5есеге асып түсті


Невада -Семей" ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді.

1991жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының президенті Семей полигонын жабу туралы жарлық қабылдады.


Жаңа сабақ түсіндіріледі.

Оқушылар мұқият тыңдайды

Ой қозғау

1.Соғыстан кейінгі кезеңде қандай өнеркәсіптік кешендер қалыптасты?

2.Өндіріс орындарында КСРО арпмиясы соғыс машиналарының қанша пайызын өндірді?

3.Байқоңыр ғарыш айлағының қашан іргетасы қаланды?

4.Қай жылдан бастап алғаш космосқа адам ұшырылды?

5.Қанша зымыран ұшырылды?

6.О.Сүлейменовтің қандай поэмасы жарыққа шықты?

7.Семей полигоны қай жерлерді қамтыды?

Ү.«Сәйкестендіру тесті»

Алматы Бериллий, тантал химиялық элементтерін өндірді.


Петропавл Әскери кеме, қару-жарақ, ірі калибрлі пулеметтер шығарды


Орал Бомба, мина, снаряд, әскери тапсырыстарды орындады

Өскемен Орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандар жасалынды


Тест сұрақтары:
1.Қазақстан қай жылдары нағыз экологиялық апат аймағына айналды?
А) 1930 жылдардан бастап
В) 1947 жылдардан бастап
С) 1950 жылдардан бастап
D) 1956 жылдардан бастап
E) 1962 жылдардан бастап
2. 1949 – 1963 жылдар аралығында ауада жасалған жарылыс саны?
А) 113
В) 203
С) 171
D) 202
E) 236

3. Полигон
зардабын тартқан Семеймен іргелес жатқан аймақтар:
А) Атырау, Қарағанды, Өскемен
В) Қарағанды, Павлодар, Өскемен
С) Павлодар, Шымкент, Қарағанды
D) Өскемен, Алматы, Атырау
E)Алматы, , Павлодар, Өскемен

4. Капустин Яр атом полигоны Қазақстанның қай аймағында орналасты?
А) ШығысҚазақстан
В) ОңтүстікҚазақстан 
С) солтүстікҚазақстан 
D) БатысҚазақстан
E) ОрталықҚазақстан
5. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суынпайдалануда ысырапшылдыққа жолберілуінің зардабы қай теңізге әсер етті?
А) Жерорта
В) Балқаш
С) Қаратеңіз
D) Каспий
E) Арал
6. Арал теңізінің
суы неше есеге азайды:
А) 3
В) 2
С) 5
D) 8
E) 9

7. Арал өңірінде экологияның шиеленісуіне үлкен әсер е
ткен не?
А) «Капустин Яр» полигоны
В) «Байқоңыр» ғарышайлағы
С) Семей полигоны
D) Өскемендегіірікәсіпорындар
E) Қытайдағы Лобнор полигоны Өскемендегі ірі кәсіпорындар

8. «Байқоңыр» космодромы қай жылдан бастап
өз жұмысын істей бастады?
А) 1953
жыл
В) 1955 жы
л
С) 1960 жыл
D) 1957жыл
E) 1959жыл

9. Ірі қалалардағы экологиялық жағдайдың шиеленісуіне әсер етті:
А) Тұрғындардың көп болуы
В) Көпірлердің аз болуы
СТрамвай мен троллейбус

D) Ірікәсіпорындар
E) ) Саябақтар


10. Өскемен қаласындаорналасқан ірі кәсіпорын:
А) Мақта-мата комбинаты
В) Пресс автоматтарызауыты
С) Ауыр машина жасаузауыты
D) Кен-химия комбинаты
E) Қазмырыш комбинаты

Тест жауаптары: 

1.С
2. А
3. В
4.D
5. Е
6. А
7. B
8. С
9. D
10.E


Оқушыларға жаңа сабақ бойынша қайталау сұрақтары беріледі.

Жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді

Бағалау

Бағалау парақшалары

Бағалау парақшалары

Жеке өзін өзі бағалайды

Үй тапсырмасы

35 параграфты оқу.

Оқушыларға үй тапсырмасы бойынша оқуға беру

Дәптерлеріне жазады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
4633
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі