|
Сабақ
нәтижесі:
|
Оқушылардың
барлығы мынаны орындай алады: Қазақстанның биік таулары
туралы біледі, сұраққа жауап
береді.
Оқушылардың
көбісі мынаны орындай алады: топтық жұмысты бірлесе
орындайды, қосымша тапсырмалармен жұмыс жасай
алады.
Оқшылардың кейбіреуі мынаны
орындай алады: тақырып бойынша қосымша
мәліметтер мен дәлелдер келтіре
алады.
|
|
Басталуы
|
Ұйымдастыру
кезеңі:
1.Оқушылармен
амандасу, түгендеу, шаттық шеңберін құрып, психологиялық ахуал
қалыптастыру.
2.Биік таулар
бойынша кеспе қағазбен топқа бөлу . Топ басшысы сайланады. Топ
басшысына бағалау парағы
беріледі.
Үй жұмысын
тексеру:
1.Қазақстанның аласа
таулы өлкелеріне қандай таулар
жатады?
2.Олардың қазіргі
жер бедері, пішіндерін қалай түсіндіруге
болады?
3.Аласа тауларға
мысал келтір.
Бас бармақ арқылы
бағалау.
|
Кеспе қағаздар
|
|
Жаңа
сабақ
|
«Алатау» әнін тыңдау. Әннің мағынасын
түсіну. Оқушыларды топтастыра отырып, биік таулардың географиялық
орнын, геологиялық құрылысы мен жер бедерін, пайдалы қазбаларын,
климаты, өзендері, табиғат зоналары, топрырағы, өсімдік пен
жануарлары, табиғи ескерткіштері туралы
баяндайды.
1-топ: Алтай. Алтай тау жүйесі – Азия
құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа
қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан
оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін
жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені
мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы
бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс
Саянмен жалғасады. Оның биік шыңы Мұзтау (4506
м).
2-топ: Сауыр-Тарбағатай іргелес
жатқан жоталармен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Ол
Сарыарқаның шығыстағы жалғасы болып саналады. Сауыр-Тарбағатайдың
солтүстігінде Жайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл
қазаншұңқыры жатыр. Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі
ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына
ұласады. Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік
көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің
құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі құз
жартасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын
белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені – 4-5 км2)
бар. Қазақстан жеріне Сауырдың тек батыс бөлігінің беткейі кіреді.
Тарбағатай (Барқытбел) Сауырға қарағанда аласа, бірақ одан
ұзынырақ, 300 км-ге созылған. Биік нүктесі Тастау (2992 м).
Төбелерінде мұздықтар жоқ.
3-топ: Жетісу таулы өлкесі.
Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің
бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары
аралығында батсытан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Жетісу
Алатауының ең биік шыңы - Бесбақан
орналасқан.
4-топ: Тянь-Шань таулы өлкесі.
Ұзынқара (Кетпен) жотасын Орталық Тянь-Шаньнан (2300 м-ге дейін)
Кеген тау аралық ойысы бөліп жатыр., ені 40-50 км. Ең биік жері
Небесная тауы 3652 м. Ұзынқара жотасы эффузиялық жыныстардан,
әктас, граниттен түзілген.
Топты бағалау,
мадақтау
|
Қазақстанның физикалық картасы, энциклопедиялар, үлестірме
тапсырмалар, атлас, кескін карта.
|
|
Сабақ
бекіту
|
1-тапсырма:
«Сандар
сөйлейді»
2992
м
4506
м
-132
м
556
м
1565
м
6995
м
4979
м
2176
м
4622
м
2-тапсырма «Семантикалық
карта»
|
|
Жазық
|
Ойыс
|
Үстірт
|
Ойпат
|
Аласа
тау
|
Биік
тау
|
|
Жетісу
Алатауы
Сарыарқа
Тұран
Батыс
Сібір
Қарақия
Торғай
|
|
|
|
|
|
|
3-тапсырма: «Сәйкестендіру
тесті»
|
№
|
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
|
1
|
Сібірдің оңтүстігіндегі ең
биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресейде
жатыр.
|
Каспий маңы
ойпаты
|
|
2
|
«Жұмбақтас»,
«Сыңсыған қарағай мен
қайың»,
«Қазақстан
Швейцариясы» деп
аталады
|
Қаратау
|
|
3
|
Мұнай, гипс, ас тұзы тұз
күмбездері мен тікелей байланысты, бэр төбешіктері кеңінен
таралған.
|
Көкшетау
|
|
4
|
Таудың оңтүстік -шығыс
бөлігінен фосфорит кені
өндіріледі
|
Алтай
|
|
|