Ашық сабақ "Қазақстанның табиғаты"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстанның табиғаты"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ бастауыш сыныптарға арналған. Сабақ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне көмек ретінде пайдалансын деген ниетпен салып отырмын. Бұл сабақ Қазақстанның табиғаты қандай көркем екенін, бай екенін көрсетеді. Тағибаттың түрлеріне толық тоқталып, топ ішінде пікірлесіп, өз ойларымен бөлісіп, нәтижесінде өз өмірлерінде дұрыс пайдалану жолдары қарастылылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Базенова Д.М.

4 «Д» - сынып.


Ю.Гагарин атындағы

29 орта мектебі

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның табиғаты.

Сабақтың мақсаты:


Қазақстан табиғаты туралы мәлімет бере отырып оның құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Ауызекі сөйлеу арқылы коммуникативті дағдыларын қалыптастыру , логикалық тапсырмалар негізінде оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың міндеттері:


1. Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

2. Табиғатты қорғауға, елін жерін сүюге тәрбиелеу.

3.Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз бетімен ойлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

1.Қазақстанның табиғатымен танысады,нәтижелі оқытуға қол жеткізеді. 2.Өз ойын, пікірін еркін жеткізе алады.

Оқытуда қолданылатын стратегиялар мен тәсілдер

«Бес жолды өлең» стратегиясы, ПАЗЛ, Табиғатқа тілектер,т.б

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың көрнекілігі

Оқулық, интербелсенді тақта, плакат, маркер,стикер,т.б.



Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі.




1.Шаттық шеңбер құру.

Оқушылар бір – біріне тілек жолдайды


2.Топқа бөлу.

Пазл әдісі арқылы топқа бөлінеді.

І топ: Тірі табиғат

Орман суреті

ІІ топ: Өлі табиғат

Таулар суреті



Суреттерді құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді.


Үй тапсырмасын сұрау

І.Қызығушылықты ояту.




Топ арасында сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасы сұралады.


Топ бойынша үй жұмыстарын айтады

Негізгі бөлім «Мағынаны тану»




Жаңа сабаққа шығу үшін оқушыларға Қазақстанның табиғаты туралы бейнеролик көрсетіледі. 
-Балалар, мына бейнероликті мұқият тыңдап, мағынасын түсінуге тырысыңдар және қарап естеріңе сақтап отырыңдар. 
-Балалар, бейнероликті көрдіңдер, тыңдадыңдар осы не жайында көрдіңдер? 
Балалар: -Тау, су, көл өзен, өсімдік, жануарлар туралы болды.
Осы айтқандарыңды біз бір сөзбен қалай айтамыз ?
Балалар: -Табиғат!-деп айтады. 
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Балалар: «Қазақстанның табиғаты»- деп аталады. 
Жаңа сөздермен жұмыс: 
теңіз- море 
тығыз байланысты- тесно связанно 
ластамай- не загрязняя 
қорғау- охранять, защищать. 
таулар-горы

Өзен-көлдер-реки-озера

Өмір сүре алмайды-не может прожить 

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар 2 топқа бөлінген, әр топта 5 баладан, мәтінді екі топқа таратамын, оқушылар оқып танысады, түсінуге тырысады.Сосын әр топтан 1 бала шығып басқа топтарға барып сол топтың мәтінімен танысып, түсініп өз топтарына қайтып оралады, алған мәліметті ортаға салады бір тұтас мәтін жинайды. 
Осы мәтіннен түсінгендеріңді қағаз бетіне түсіресіңдер. 
кластер жасап оны қорғайды. 
Мәтінге диалог құрастырады, 2 сұрақ, жауап. 

1 топтың мәтіні 
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстан жерінде таулар, өзен-көлдері бар жерлер көп. Қазақстан жерін 10% таулар алып жатыр. Іле Алатау, Қаратау, Алтай, Баянауыл, Тарбағатай таулары бар.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай, қорғайық. 

2 топтың мәтіні 
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстан жерінде таулар, өзен-көлдері бар жерлер көп.Өзендері: Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық. Көлдері: Балқаш, Зайсаң,Алакөл, Марқакөл,т.б. Каспи және Арал теңізі де бар.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай, қорғайық.




Оқушылар өз ойларын айтады.











Сөздікпен жұмыс жасайды.









Мәтінмен жұмыс,жұптасып, топтасып жұмыс істейді, түсінік береді.
















Кластер қорғайды.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» атты жаттығу жасау


Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасау

Қорытынды бөлім Ой- толғаныс




1-тапсырма. Сөздерді септеу І.«Тірі табиғат» тобы .

Өсімдік, орман.

ІІ.«Өлі табиғат» тобы.
Тау, өзен.

2-тапсырма.
«5 жолды өлең» жазу 
1. Зат есім 
2 .сын есім 
3 .етістік 
4 .сөйлем 
5 .синоним

І.«Тірі табиғат» тобы .

Ағаш.

«Өлі табиғат» тобы.
Талас.


Тақтамен жұмыс жүргізеді.







Дәптермен жұмыс.

Бағалау

Оқушыларды бағалау.


Рефлексия


Табиғатқа тілектер 
Ватманға ағаштың суретін саламын сол ағашқа балалар өз тілектерін жасыл жапыраққа жазып жапсырады.

Оқушылар тақтаға шығып стикер іледі.

Үйге тапсырма


Жаңа сөздерді жаттау,табиғат сөзін септеу. 
Табиғат туралы шағын эссе жазу.

Күнделіктеріне жазып алады.
































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі