Ашық сабақ Қазақстанның тұңғыш ғарышкері 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қазақстанның тұңғыш ғарышкері 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАУ жанындағы мектеп Қазақ тілі 2020-2021 оқу жылы Жингиш С.

Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері

Жаңа сөздер:

айналу- вертеться

батыл- смелый; храбрый

марапат- награда

марапаттау- награждение

Тоқтар Әубәкіров





ТЫҢДАЛЫМ

Сен білесің бе?

Летчик - Космонавт

Первый Космонавт Казахстана

Грамматика

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Мен аспаннан ең алғаш ұшақты көрген күннен бастап ұшқыш болуды армандадым. Менен сол кезде: «Нені жақсы көресің?»-деп біреу сұраса: «Ұшақты жақсы көремін»,-деп жауап беретін едім. Аспан әлеміне қызықтым.

Мен Ресей еліндегі Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген соң арманыма жақындай бастадым. Алдымен ұшқыш, одан кейін звено командирі болып қызмет атқардым. 1975-1976 жылдары Мәскеудегі авиация институтында оқыдым. 1990 жылы мен ғарышқа ұшу туралы ұсыныс алдым. Сөйтіп 1991 жылы Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындайтын орталықта жаттығуды бастадым. Осы жылы 2-қазанда мен ғарышқа Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ұштым. Мен осылай ғарышкер атандым. Ғарышкемемен жер шарын айналып шығу ғылым үшін өте маңызды. Жас ұландарды ғарышкер болуға шақырамын.

1.Т.Әубәкіровтің ұшқыш болу арманы неден басталды?

2. Т.Әубәкіровтің арманы орындалды ма?

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Сен білесің бе?

Тоқтар Әубәкіров 1988 жылы тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдырып, ұшу сапарын тоқтатпай батыл әрекет етеді. 1989 жылы 1-ші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29К» реактивті ұшағын қондырды. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. Оған осы батылдығы үшін 1988 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын берді. Ал 1995 жылы Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы атағын алды.

тұңғыш рет-бірінші рет

әуеде-аспанда

ұшу сапарын тоқтатпай –жерге қондырмай


ЖАЗЫЛЫМ

Көп нүктенің орнына керекті сөздердің бірін қойып жаз.

Тоқтар Әубәкіровке Елбасы өз қолынан Shape1  сыйлықтарын ұсынды. Оған Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы атағын берді.

Жаттығу кезінде ғарышкерге көп  Shape2  керек. Бұл оны ғарыштағы салмақсыздыққа дайындайды.

Жүргізуші ғарышкерлерді  Shape3  үшін сахнаға шақырды.

«Өз арманыңа жеткің келсе,  Shape4  бол», – дейді Тоқтар аға.

Глоссарий


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

айналу

вертеться

spin around

батыл

смелый; храбрый

brave

марапат

награда

reward

марапаттау

награждение

rewarding

Үй жұмысы.

1.Жаңа сөздерді жатта.

2. Қазақ тілі оқулық 17-бет, 5-тапсырма.


Оқулық:Н.Ж.Даулеткереева, Г.Б. Мухангалиева, Қазақ тілі. 4 сынып




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2021
1801
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі