Материалдар / Ашық сабақ. Қазақтың әншілік дәстүрі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Қазақтың әншілік дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2021
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектеп: Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебі


Күні: 19.04.2019ж.


Мұғалімнің аты-жөні: Алимкулова Гульмира Акешеевна


СЫНЫП: Дәстүрлі ән

Қатысқандар:6

Қатыспағандар:-


Тақырыбы:

Қазақтың әншілік дәстүрі

Мақсаты:

  1. Дәстүрлі музыкаға қызығушылығын арттыру.

  2. Дәстүрлі ән мектептерімен таныстыра отырып, оқушының ұлттық музыкалық өнерімізге деген ынтасын ояту.

  3. Дәстүрлі ән өнерінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру,

Тілдік мақсат



Талқылауға арналған сұрақтар:

Дәстүрлі ән өнерін қалай түсінесіз?

Орындаушылық ерекшеліктеріне қарай неше мектепке бөліпті?

Батыс Қазақстан өнер мектебінің ерекшелігі?

Арқа мектебіне кімдер жатады?

Жетісу ән мектебінің тұғырын қалаған кім?

Не себепті …. деп ойлайсыз?

Не себепті дәстүрлі әндер эстрада әндерінен ерекшеленіп тұрады деп ойлайсыз?

ишара: Қол соғу, белгі беру , бас бармақ, сергіту сәті

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


  1. «Ән – көңілдің ажары» ( Мұғалімнің кіріспе сөзі)

  2. «Әннің де естісі бар» «Кофе таяқшылары»

(Оқушылардан қазақтың дәстүрлі ән өнері туралы не білетінін сұрау)

  1. «Қазақтың әншілік өнері» (Дәстүрлі әншілік мектептер туралы әңгіме шолу)

  2. Топтық жұмыс. Постер қорғау (проблемалық сұрақ)

  3. «Ауылдың алты ауызы» (Сергіту сәті. Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді)

  4. «Білгім келеді....» (Оқушылар қонақтарға сабаққа байланысты сұрақтарын қояды)

7. «Әнді сүйсең менше сүй» (Қонақ кәде)


Басы

7 минут


- Сәлемдесу. Психологиялық ахуал

- Топқа бөлу

Күн бейнесіндегі түрлі- түсті ленталар

Ортасы

28 минут

«Ән – көңілдің ажары»  кіріспе сөз

                Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз ән мен күйдің құдіретін жырлап:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй – деген.                                                                      

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.

Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс — ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.      


2. «Әннің де естісі бар» (Оқушылардан қазақтың дәстүрлі ән өнері туралы не білетінін сұрау)


«Кофе таяқшылары»

Орындау барысы: әр оқушы өткен тақырып бойынша кофе таяқшыларына жазылған кофе ішетін стақанынан бір сұрақты таңдап алады. 1 минут ойланып, таңдап алған сұраққа жауап береді.



1. Дәстүрлі музыка түрлерін атаңыз?

2. «Әннің де естісі бар» дегенді қалай түсінесіз?

3. Қандай дәстүрлі әншілерді білесіңдер? 

4. Дәстүрлі ән несімен ерекшеленеді деп ойлайсың?             


«Қазақтың әншілік өнері» (Дәстүрлі әншілік мектептер туралы әңгіме шолу)


Қазақтың домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін қазақтың дәстүрлі ән айту өнері  дейміз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы қ азақтың дәстүрлі ән айту өнеріне байланысты.

Атадан балаға ауысып келе жатқан ән айту өнері ғасырлар бойы қалыптасып, дамып ән айту шеберлігі барынша жетіліп, классикалық үлгіге дейін жетті.

Халықтың әнші композиторларын еске түсіретін болсам дәстүрлі ән өнеріне үлес қосқан Біржан салды, Ақан серіні, Үкілі Ыбырайды, Әсет пен Естайды, Жаяу Мұса мен Нартайды, Майраны, Шәкәрімді білеміз.

Халықтық әншілік өнері сан ғасырлық тәжірибе нәтижесінде ән айтудың түрлі мектептерін, ән айтуға баулудың өзіндік шеберлігін шыңдап, әннің жоғары көркемдік деңгейіне орай тыңдаушы халықтың биік талап-талғамын қалыптастырып, жүйелі арнаға түсірді.

Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы мен өмірі, тұрмыс тіршілігі, қоғамдық әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көрініс тапқан. Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап, жылдап жүріп, шеберлігімен бірге, тәжірибесі мен орындау тәсілін үйренетін болған.


Дәстүрлі әншілік өнер айтылуы және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөлінеді.


Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.

Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.

Батыс өңіріндегі әншілік мектеп

Шығыс өңірлердегі әншілік мектеп.

Сыр бойындағы әншілік – термешілік мектеп.


Бұл әншілік өнер әр өңірдегі өзіне тән әншілік мәнеріне, табиғат – танымына, ойын-сауық үрдістері мен тұрмыс-салт ғұрыптарына байланысты алуан түрлі. Дәстүрлі әніміз бізге Күләш, Манарбек, Құрманбек, Әміре, Жүсіпбек, Иса, Ғарифулла, Кенен сияқты дарынды әншілер арқылы жетті.




Топтық жұмыс. Постер қорғау (проблемалық сұрақ)

Дәстүрлі әннің тыңдаушылары қазіргі таңда қандай деңгейде?

Аз болса, неге аз?



Сергіту сәті. «Ауылдың алты ауызы»

      

«Білгім келеді...». (Оқушылар қонақтарға сабаққа байланысты өздерінің

сұрақтарын қояды)














Кофе стаканы, таяқшалар, сұрақтар жазылғарн парақшалар









Видеорлик





























Слайд парақшалары








Плакат, маркерлер




Соңы

5 минут

«Әнді сүйсең менше сүй»  қонақ кәде


Қорытынды.  Баршаңызды рухани азығымыз – дәстүрлі ән-жырларымызды тыңдауға, құрметтеуге және насихаттауға шақырамыз.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!