Ашық сабақ: "Қазақтың ұлттың ойындары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Қазақтың ұлттың ойындары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы жалпы мәлімет беру,ұлттық ойындардың ерекшеліктерін айту. Көптік жалғау туралы айтып, сөздерге дұрыс жалғану тәртібін түсіндіру. Оқушылардың алған білімдерін дамыту, сөздік қорларын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сауатты жазуға дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушыларды ұғымдылыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа, салауаттылыққа, қазақтың ұлттық құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы

«Қайранкөл орта мектебі»КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қалабаева Жәмилә Әлібекқызы

4 «Б» - сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттың ойындары. Грамматикалық тақырыбы – көптік жалғау.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы жалпы мәлімет беру,ұлттық ойындардың ерекшеліктерін айту. Көптік жалғау туралы айтып, сөздерге дұрыс жалғану тәртібін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін дамыту, сөздік қорларын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сауатты жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұғымдылыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа, салауаттылыққа, қазақтың ұлттық құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлттық ойындар суреттері, тақырыпқа байланысты тапсырмалар, кесте.

Техникалық жабдығы: мультимедиалық кабинет.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтастыру әдісі, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, сөйлем құрау, аудару, іздендіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу.

Б) Түгендеу. Кезекшімен сұхбат.

ІІ. Психологиялық кезеңі:

Ал енді бір бірімізге жылы лебіз тілейік.

Армысың, ару Күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

Ал енді балалар, сендер бір - бірлеріңе жылы лебіз тілек тіледіңдер.

Қазір көңіл күйлерің қандай екенін қима суреттер арқылы көреміз.

Оқушыларға күн, бұлт астындағы күн, бұлттың қима суреттерін тарату (сабақ алдында және соңында қима суреттерді көрсету арқылы көңіл - күйлерінің қалай екенін анықтау: күн - тамаша; бұлтты күн - орташа, бұлт - нашар)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта біз қазақтың ұлттық киімдерін өттік. Кім айтады қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

Қамзол, шапан, тақия, қалпақ, тымақ, көйлек, жейде, тон.

Өте жақсы!Енді үй тапсырмасын тексерейік.

2-жаттығу. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастыру. (90 бет)

  1. Барды, шешем, киім, дүкеніне. (Шешем киім дүкеніне барды.)

  2. Сатып алды, маған, ол, көйлек, әдемі. (Ол маған әдемі көйлек сатып алды.)

  3. Сары, түсі, көйлектің. (Көйлектің түсі сары.)

  4. Концертке, киді, апам, көйлек, ұлттық.(Апам концертке ұлттық көйлек киді.)

  5. Бар, менің, қызыл, әжемде, қамзол. (Менің әжемде қызыл қамзол бар.)

- Жарайсыңдар, балалар, үй тапсырмасын өте жақсы орындапсыңдар. Енді сендердің миларыңды жүгірту үшін , біз ой қозғау кезеңіне тоқталамыз.

Келесі кезең:

ІҮ. Ой қозғау.

Төрт түлікке нелер жатады?(жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе)

Балалар, қандай ойындарды білесіңдер?(күрес, футбол,баскетбол, бәйге)

Қазақтың салт дәстүрлерін білесіңдер ме?(Шілдехана, тұсау кесу, бесікке салу).

Балалар, сендер барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.

Салт – дәстүр, ол елдің мәдениетінің көрінісі. Ел білу үшін сол елдің мәдениетін, салт – дәстүрін, тілін білу керек. 

Мәдениеттің бір көрінісі – ұлттық ойындар.

Балалар, қане қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Енді кластер жасайық.

Shape1 Shape2

Shape3

Ұлттық ойындар




Shape4 Shape5

Shape6 Shape7


Міне тамаша, балалар!

V.Жаңа сабақ.

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық ойындары». Біз бүгін сабақта көптік жалғауын қайталап, ойын түрлерімен танысамыз. . Енді тақтадағы слайдтарға назар аударайық (ұлттық ойындары тақырыбына слайдтар көрсету)

Сұрақтар: Суретте қандай ұлттық ойындардың түрлері көрсетілген?

ҮІ. Дәптермен жұмыс:

Жақсы ал енді, балалар дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазып қойыңдар. Грамматикалық тақырыбымызды қайталап өтейік. Көптік жалғауы сөздерге дұрыс жалғану тәртібін түсіндіру. (лар/лер; дар/дер; тар/тер)

Мысал келтіру: ойын – ойындар.

Жаңа сөздер мен танысу,сөздік дәптеріне жаздыру.

VІІ. Сөздік жұмыс.

Баға жетпес байлық - бесценное богатство

Асыл қазына - ценный клад

Тәрбие құралы - средство воспитания

Ақыл- ойын толықтырады - расширяет кругозор

Қажет етеді - требует

ә) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.

б) сөз тіркестерімен, сөйлем құру.

VІІІ. Оқулықпен жұмыс:

Оқулық бойынша тапсырмаларды орындайық.

1- жаттығу: Мәтінді оқып, аудару. (91 бет)

а) мәнерлеп оқу (мұғалім, оқушы)

Қазақтың  ұлттық ойындары.

  Қазақтың ұлттық ойындары - баға жетпес байлық, асыл қазына. Бұл ойындардың үлкен мәні бар. Халық ойындары - тәрбие құралы. Олар денені шынықтырады, баланың ақыл - ойын толықтырады.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батылдықты, тапқырлықты қажет етеді.

Сұрақтарға жауап беру.

1. Ұлттық ойындардың қандай маңызы бар?

2. Ұлттық ойындар нені қажет етеді?

Сергіту сәті: «Қаражорға биі» (Интерактивті тақтада қаражорға билеп жатқан қыздардың суреті және видео тұрады. Оқушылар сол видеоға қарап биді билейді.)

4-жаттығу. Тиісті әріптерді қой. Көшіріп жаз. (91 бет)

Бізде аптасына үш рет дене тәрбиесі сабаға болады. Онда біз футбол, баскетбол, волейбол ойнаймыз. Тағы бізге қазақтың ұлттық ойындары ұнайды. Ер балалар асық ойынын ойнайды. Біз дене тәрбиесі сабағында шынығамыз.

- Балалар, қазір біз ұлттық  ойындар ойнау арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді бекітеміз. Ұлттық ойындар атауын есімізге сақтай отырайық.

ІХ. Ұлттық ойындарды ойнау кезеңі.

1.«Арқан тартыс»(Білім тартысы) ойынын ойнау.

Екі топқа бөліп, шашыраңқы сөздерден сөйлемдер құрау тапсырмасы беріледі.

Бірінші топ: 1) Асан, ойнады, жазда, асық.

                      2) Наурыз, ұлдар, мейрамында, тартысты, арқан.

                      3) Ауылда, басталады, жарысы ат.

Екінші топ: 1) Асық, ойыны, ұнайды, маған.

                      2) Арман, «Бәйге», орын, бірінші, ойнынан, алды.

                      3) Қазақша күрес, ойналады, ертең, ойыны.

Өте жақсы балалар, сөйлемдерді дұрыс құрадыңдар.

2. «Бәйге» ойынын ойнаймыз.Бұл ойында Семантикалық карта бойынша тапсырманы жылдам және дұрыс орындауларың керек.

Сөздер

лар

лер

дар

дер

тар

тер

Ойын



+




Бала

+






Асық





+


Киім




+



Әже


+





Көйлек






+

Соңғы кезең:

Х. Ой қорыту:  Бүгінгі сабақта не білдім? Не үйрендім?

Рефлексия: Сабақтың басында таратылған қима қағаздары бойынша көңіл күйлерін байқаймыз. Стикер арқылы қонақтар өз тілектерін білдіреді.

ХІ. Үйге тапсырма: Ұлттық ойындардың бір түрін әңгімелеп келу.

ХІІ.  Бағалау:




























«Қайранкөл жалпы орта білім беру мектебі» КММ





Ашық сабақ

Қазақтың ұлттық ойындары

Көптік жалғау

4 «Б» сынып




Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Қалабаева Жәмилә Әлібекқызы







Дидактикалық материалдар


Сөздер

лар

лер

дар

дер

тар

тер

Ойын







Бала







Асық







Киім







Әже







Көйлек








Бірінші топ:

1) Асан, ойнады, жазда, асық.

                     

2) Наурыз, ұлдар, мейрамында, тартысты, арқан.

                     

3) Ауылда, басталады, жарысы ат.


Екінші топ:

1) Асық, ойыны, ұнайды, маған.

                     

2) Арман, «Бәйге», орын, бірінші, ойнынан, алды.

                     

3) Қазақша күрес, ойналады, ертең, ойыны.

Бүгінгі сабақта не білдім?

Не үйрендім?

1.


2.


3.

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2018
501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі