400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақтың ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ:

Мектеп: №141 ЖББМ

Күні: 24.12.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Керимова Д.Б

Сынып: 6




Сабақтың тақырыбы

4 бөлім – Қазақтың ұлттық ойындары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу

Сабақтың мақсаттары

Әділ ойындағы патриоттық сезім


Дағды

Жетістік критерийлері


Білу және түсіну Қолдану

Талдау


Оқушылар:

Қазақтың ұлттық ойындары патриоттық сезімді

оятып, әділдіктің орнауына үлкен әсер беретінін

түсініп, оны ойын арқылы көрсетеді.

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

  • ұлттық, зияткерлік

  • стратегия, тактика, жүріс

  • «Тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау), «шахматтар»,

  • рөлдер: ойыншы, төреші

  • команда, қарсылас, шабуылдау, қорғаныс

  • ережелер, бағалау, адал ойын

  • «Белбеусоқ»

  • «Соқыртеке»

Ептілік, күштік - жылдамдықты, жылдамдық және координациялық қабілетті одан әрі дамытуға назар аударылады. Техника мен координациялық қабілеттерді жетілдіруге әсер ететін жаттығулардың пайызы ұлғая түседі. Қозғалыс белсенділігі аясында, оқушылар денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған жаттығулар кешенін құру және орындау қабілетін көрсетеді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы білім:

Суретпен жұмыс

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


2 минут




3 минут










Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

- жетістік критерийін ұсыну

Алдынғы білім:

Берілген суреттер бойынша не ойлайсыз? Өткен тақырыппен байланыстырып көріңіз.









Кең, таза кеңістік ысқырық












https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0




Сабақтың ортасы 2 минут










10 минут



















10 минут

















10 минут




Топқа бөлу:

«Жаяу кокпар». «Көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналыпты-мыс.

Ойын жастардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, денсаулықтарын жақсарта түседі.

Бұл ойын алаңда ойналады. Ойынды 10 адамнан 30 адамға дейін ойнай алады. Ұлдар мен қыздар бөлек ойнайды. Ойынға көкпар - нығыздалған доп (нығыздалған қап немесе басқа зат) қажет.

Алаңның бір жақ шетінде сөре сызығы сызылады(белгіленеді). 50м қашықтықта оған паралельді сызық сызылады да, ол сызыққа көкпар қойылады. 50-100м қашықтықта мәре сызығы болады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де сөре сызығынның бойына суретте көрсетілгендей, араласып, бір команданың қатысушынан кейін екінші команданың ойыншысы сапқа тұрады. Белгі бойынша барлығы көкпарға қарай жүгіреді. Көкпарға ие болған ойыншы ары қарай жүгіреді. Оны қуып жеткен, көкпарды алып жүгіруді жалғастырады. Көкпармен алда жүгіріп бара жатқан ойыншыны қуып жеткен ойыншы, көкпармен мәре сызығына қарай жылжи береді. Қай команданың ойыншысы көкпарды мәре сызығына жеткізсе, сол команда жеңімпаз атанады. 1-топ:

2-топ:


3-топ:

Жігітті қуып жет». Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де сызылған сызықтың үстінде қатарласып тұрады. Сол сызықтан 15—20 метрдей қашықтықта екінші сызық сызылады да, екі жағынан екі жалауша қадалады.

Ойын жүргізуші әр топтан бір-бір ойыншыдан ортаға шақырып, оның біреуіне шиыршықталған орамал береді. Содан кейін екеуі бірінші сызықтың бойында қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша олар екінші сызыққа тұра жүгіреді. Қолында орамалы бар ойыншы екінші сызыққа жүгіріп жетіп, жалаушаның жанына орамалды тастап, кері жүгіреді. Ал екінші ойыншы белбеуді ала салып оны қуады. Егер бірінші сызыққа дейін оны қуып жетіп, арқасына орамалмен тигізіп дақтай алса, жеңген болып табылады да, тигізе алмаса, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі ойыншы шақырылады. Ойынды орындарымен ауыса 2 рет қайталайды. Жеңімпаздары көп команда жеңіске жетеді.











http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php






https://www.youtube.com/watch?v=K_0aLdiRRZw



https://www.youtube.com/watch?v=Q_BQG0tZGMc


http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php




Үлкен бос кеңістік. Көзге арналған байлау (үш оқушыға). Әрбір топ үшін ойын аймағын белгілеуге арналған конустар

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BE%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B5


https://www.zharar.com/kz/national/602-oiyn.html

Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия: оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің бүгінгі сабақтағы әрекеттеріне рефлексия жасайды.

Қандай қате жібердім?

Нені білу керек?

Қауіпсіздік ережелері туралы не түсіндім?

Үлкен, таза алаң.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар кесте бойынша бағалау жұмысын жүргізеді.Мұғалімге көмекші қызметін атқарады.


Сабақтың барлық кезеңдерінде бағалау жүріп отырады.

Сабақты жоспарлауда басқа пән мұғалімінің көмегі қажет болмады.

Осы сабақ барысында оқушылар ынтымақтастық құндылығын дамытады.

Сабақ барысында түрлі жаттығулар жасалатындықтан және сабақтың тақырыбына сай қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беріледі, талқыланады, қорытынды шығарады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты қолжетімді болды. Оқушылар жаттығу жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керектігін үйренді. Тақырып қызықты болғадықтан, сыныпта жағымды атмосфера қалыптасты. Қабілеті жоғары оқушыларды көмекші ету арқылы дифференциация жүзеге асты деп ойлаймын.

Барлық тапсырмалар жоспарланған уақытқа сай орындалды.

Төзімділік туралы талқылап, оқушылардың бойында қалыптасуы үшін жұмыстар енгізу керек деп санаймын.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Қазақты ұлттық ойын кезіндегі ойынның дұрыс\дұрыс емес орындалуы туралы суреттерді талдау арқылы оқушылардың қажеттіні саралай алу дағдылары дамыды.

2.Оқушылардың дұрыс ойнау ережелерін топта талқылап, таныстырылым жасауы және дұрыс нұсқамен салыстыруы нәтижелі жұмыс болды деп санаймын.



Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  1. Төзімділік туралы талқылау жұмыстары жасалуы қажет екені байқалды. Соған лайықты тапсырмалар қосқан дұрыс.

  2. Әр сабақта оқушыларды қазақтың ұлттық ойындары туралы сөздерін қолдануға үйрету тапсырмаларын беру керек.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Жеке оқушылардың ойын уақытында көп арасында жақсы орындай алмай тұрғандығы байқалды. Сондықтан осы оқушылармен жеке жұмыс жасауды жоспарлау қажет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
841
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі