Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақтың ұлттық ойындары 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жалпы 7 сыныпқа сабақ беретін дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналады. Бұл ұстаздарға сабақ жоспарын құру кезінде қарап , өздерінің ойларын қосар кезінде көмек ретінде қолданылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткер ойындары

Мектебі: №56ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бисенбаев Б.С.

Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың ұлттық ойындары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.2.7.1 жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және түсіндіру

5.2.3.1 ­ қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ажырата алады, жарыс кезінде әділ ойнауға дағдыланады, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлықты көрсетеді.

Көптеген оқушылар үшін:

біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын, ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық ерекшеліктерін түсінеді, ойнауға қолайлы орта қалыптастыра алады.

Кейбір оқушылар үшін:

ойынның орындалуының тиімді жолдарын көрсетеді, балама ойындар құрастыруда көшбасшы қызметін атқарады.

Бағалау критерийлері:

Қазақтың ұлттық ойындарының түрін ажырата алады;

Ойнауға қолайлы оқу ортасын қалыптастырады;

Ойынның орындалуының тиімді жолдарын көрсетеді;

Балама ойындар құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар:

Диалог сөздер мен аяқталмаған сөйлемдер:

Егер топта ынтымақ болса, онда.... Ұлттық ойын дегеніміз...

Пәнге тән лексика мен терминология: көкпар, аударыспақ, сөре сызығы

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы негізінде патриотизм және ынтымақтастыққа баулу;

«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығы негізінде халқымыз бірлікті сақтай отырып қана бірегей мәдени-өркениет пен дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалғандығын түсіндіру.

Пәнаралық байланыстар:

Тарих

АКТ қолдану дағдылары:

Мультимедиялық таныстырылым

Алдыңғы білім:

Бастауыш кластарда оқушылар ұлттық ойын түрлерімен танысты, осы сабақта білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы:

Уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Кіріспе


4 минут

Оқушылар екі командаға бөлінеді. Командалар өз капитандарын сайлайды. Білім алушылар денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларын орындайды.




Білу

5 минут

Сабақтың тақырыбын хабарлау.

1-тапсырма: Ой шақыру. «Тізбектеу» тәсілі арқылы екі команда мүшелері ұлттық ойындар туралы білетін ақпаратты айтады. Команда мүшесі қиналған жағдайда капитан ғана көмек беріп, жауап беру мүмкіндігіне ие болады.

1-команда тапсырмасы: «Ұлттық ойын.........»;

2-команда тапсырмасы: «Ұлттық ойын түрлері......».

Команда мүшелері тізбектеле жауап береді.


Түсіну


3 минут

Суретті карталар арқылы әдісі арқылы ұлттық ойын түрлерін ажырату. Әр командаға 4 сурет көрсетіледі:

1-командаға:



2-командаға:


Үлестірмелі қағаздар Интербелсенді тақта

Белгі беру тәсілі негізінде бағаланады.

Қолдану

7 минут

2-тапсырма: Оқушылар ұлттық ойындарға заманауи құралдармен балама ойындар құрастырады, келесі топқа түсіндіреді.

Жұмыс нәтижесін келесі топ «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Өзара бағалау жүргізіледі:

Басбармақ жоғарыға қарай = Ойын бізге ұнады

Басбармақ көлденең = Біз ойын шартын түсінгендік.

Басбармақ төмен қарай = Біз ойынды түсінбедік.

Қажетті құралдар салынған қобдиша ұсынылады.

Талдау


3 мин


3-тапсырма: Оқушыларға сұрақтар қою:

  • Сіз ұсынған ойында адал ойнау маңызды ма? Неліктен?

  • Топтық ойын кезінде ұту үшін топтың ең басты қасиеті қандай болу керек деп ойлайсыз?

  • Неліктен бұл ойындар ұлттық ойын деп аталады?

  • Ұлттық ойындарды қалай сақтап қалуға болады?

(Әр командаға екі сұрақтан қойылады, топ алдымен ақылдасады, содан соң капитандар жауап береді)

Тапсырмаларды бағалау дескрипторлары:

Білім алушы

- ұлттық ойын түрлерін ажыратады;

- қазіргі заманауи құралдармен балама ойын құрастырады;

- жарыс кезінде әділ ойнауды, өз тобының жеңуіне патриоттық қолдау көрсетуді және ынтамақтастыққа шақыру туралы ақпаратты талқылайды.

3 мин

Түсіну

«Жаяу көкпар» ойынының шартын түсіндіру.



Қолдану

15 мин

4-тапсырма: «Жаяу көкпар» ойынын ойнаңыздар.

Алаңның бір шетіне сөре сызығы белгіленеді де, 2 топ сол сызықтың бойымен кезектесіп сапқа тұрады. Сөре сызығынан 50 метр жерге алаңның ортасына көкпар қойылады, содан кейін 50 – 100 метр жерден мәре сызығы сызылады. Төрешінің белгісімен барлық ойыншылар алға көкпарға қарай жүгіреді. Көкпарға бірінші жеткен ойыншы оны мәреге қарай алып қашады, басқа топтың ойыншылары оны қуып жетіп көкпарды алып қашуға тырысады, ал өз тобының ойыншылары көкпарды алған адамға көмектеседі. Көкпарды қай топ мәреге бұрын жеткізсе, сол жеңіске жетеді.


Жинақтау

2 минут


5-тапсырма: Берілген ойынның орындалуының тиімді жолдарын топта талқылаңыздар.

Бағалау лескрипторлары:

Білім алушы

- «Жаяу көкпар» ойынын ойнайды;

- ойынының шартын орындайды;

- ойынның тиімді жолдарын топта талқылайды;

- өзі алған ақпаратты басқаларға жеткізеді.


Сабақ соңы


3 минут

Рефлексия. «Шындық па, жалған ба?» арқылы тексеру. Команда мүшелері шындық болса бір орнында секіреді, жалған болса қозғалмай тұрады:

  1. Орамал тастамақ кезінде ортадағы ойыншының көзі байлаулы болады (шындық)

  2. Ұлттық ойын сымбатты боп өсуге ықпал етеді (шындық)

  3. Жаңадан пайда болған ойындар ғана ұлттық ойын деп аталады (жалған)

  4. Бірлік пен нтымақ болса кез-келген ойында жеңіске жетуге мүмкіндік артады (шындық)

  5. Ұлттық ойындарды біздің ата-әжелеріміз де ойнаған (шындық)

  6. Қазақша күрес кезінде күш-қайрат сыналмайды (жалған)

«Жаяу көкпар» денені шынықтырады (шындық)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық

және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Құндылықтар

Сабақтың өн бойы мақсат бойынша саралау жүзеге асырылады. Топқа бөлу барысында да, команда капитанын тағайындау кезінде де барлық оқушылардың қабілеттіліктері ескеріледі. Командалық жұмыс барысында қарым-қатынас формасы бойынша саралау жүргізіледі. Команда капитандары қабілеті төмен оқушыларға өзара қолдау көрсетуге жағдай туғызылады.




Сабақ барысында белгі беру тәсілі арқылы, топтық өзара бағалау жүргізіледі.

Тапсырмаларды бағалау дескрипторлары нақты, қол жетімді:

Сабақ барысында білім алушы

-ұлттық ойын түрлерін ажыратады;

- қазіргі заманауи құралдармен балама ойын құрастырады;

- жарыс кезінде әділ ойнауды, өз тобының жеңуіне патриоттық қолдау көрсетуді және ынтамақтастыққа шақыру туралы ақпаратты талқылайды.

Оқушылардың топтық жұмыс кезінде ережені сақтауын, бір-біріне деген сыйластықты қадағалау.

Дене жаттығуларын баланың денсаулығына оң ықпал етеді.

Ынтымақтастық пен патриотизм,

Бірлік пен адалдыққа ерекше мән беріледі.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
2978
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12