|
Сабақтың
басы
10
минут
|
Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау.
Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы
мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын
ережеге сай орындалуын қадағалау.
|
Дайындық
бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау.
Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен
және мақсатымен таныстыру.
|
Оқушылар
бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық
эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия
жасалды.
|
Қауіпсіздік ережелерінің журналы. Ысқырық,
секундомер, секундомерлер, конустар, хаттамалар,
бор.
https://www.youtube.com/watch?v=2UF1HKhmXyg
https://www.youtube.com/watch?v=7POHdH5QQWA
|
|
Сабақтың
ортасы
30
минут
|
Оқушылар
бір-біріне қозғалмалы жаттығу әдістерін көрсетеді. Олар жаттығудың
әр кезеңінде бір-бірін бақылап, түзету түсініктерін береді. Жаттығу
әдісін орындау барысында бақылап, қажет болған жағдайда әдісті
орындауды жақсартуға ұсыныс жасаңыз. Сұраңыз: жұпта жұмыс жасағанда
қандай қателерді байқап, көрсеттіңіз? Оқу барысында әріптесіңіздің
кеңесі қалай көмектесті? Берілген тапсырманы орындау кезінде қандай
жарақат алу жағдайлары болуы мүмкін?
|
Тапсырма
Өткен
тақырыпты қайталау
«Бұқа
тартыс» ойынын ойнаңыз

«Жаяу
тартыс» ойынын ойнаңыз

«Ақ
сандық-көк сандық» ойынын ойнаңыз

«Кім
жалдам» ойынын ойнаңыз

«Қыз қуу»
ойынын ойнаңыз

«Көкпар»
ойынын ойнаңыз.

«Теңге
ілу» ойынын ойнаңыз

«Арқан
тартыс» ойынын ойнаңыз

Дескриптор
Білім алушы
- ұлттық
ойындардың ептілік, күш-жігер, дәлдік т.б.
қасиеттерін
дамытатынын анықтайды;
- қазақтың
барлық ұлттық ойындарын атайды;
- әр
ойынға терең сипаттама береді;
- ұлттық
ойынның дене қасиеттерін дамытуға қатысты әсерін
айтады;
-
қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдірудің
маңыздылығын
айтады;
- ойында
барлық мүмкіндікті пайдаланады.
|
|
Сабақтың
соңы
5
минут
|
Сабақты
қорытындылау:
Мақсаты:
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге
дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама:
Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап
береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ
қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім
әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында
қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол
жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын
ұсынады.
Оқушының
әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша
сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі.
Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
Бағалау:
Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім
бекітеді.
|