2. Жаңа материалды зерттеу
кезеңі.
Қазақтардың үй тірлігі мен
кәсібі көшпелі шаруашылық жағдайында дами отырып, халықтың
қажеттіліктерін өтеген.Ұлттық қолөнер түрінің біірі киіз басу, ши
тоқу өнері болған.Қазіргі кезге дейін жалғасын тауып, тұрмыста
пайдаланып жүрген кісілер де бар.
Төмендегі суреттерде шидің
түрлері және киізден жасалған бұйымдар
көрсетілген.
Шиді қамыс немесе шидің
сабақтарынан өрген. Әр сабақты берілген суретке, нобай,а байланысты
боялған жүн талшықтарынан немесе түрлі түсті жіптермен орап,
өрген.
Шиді ыстық пен күн көзінен
қорғау мақсатында сондай-ақ даладан түрлі жәндіктердің кіріп
кетпеуі үшін сақтық ретінде үйдің керкегесіне құрған. Сондай-ақ
текемет басу, құрт кептіретін өре жасау үшін де тоқылған шиді
қолданған.
- Алдымен әр талды жеке
берілген ою бойынша түрлі-түсті жіппен орайды. Талдарды бірге
орағанда ерекше кілем шыгады.
Ал киіз басу өндірісі де
қызықты қажет ететін күрделі үдеріс, белгілі бір дағдыларды қажет
етеді.
Ал қазір, біз киіз басу және
ши тоқу тарихы жөнінде суреттерге назар
аударамыз
Киіз басу және өндіру, бірнеше
кезеңдерден тұрады:
* жүн дайындау; ыстық су шашу;
дайын киіз жасау.
- Қазақ халқы жүнді тұрмыста
қалай қолданған?
- Дұрыс, жүн жылуды сақтайды?
Сондықтан оны киім, көрпенің арасына салған және бесікке де
төсеген.
- Жүннің қандай түрлерін
білесіндер?
- Көктермде қырыған және күзде
қырқылған жүндердін атаулары бар (жүннің жабағы,
күзем).
- Киіз үйдің ішкі көрінісің
зерттейк.
Киіз үйдің ішіндегі заттар
туралы оқушыларымен талқылау жұмысын
жүргізу.
-Балалар, киіз уйде қандай
заттар көріп тұрсындар?
- Кілемнің ерекше сырмақ түрін
туралы әңгімелесейік.
- Алғашқы сырмақ пішінінің
қалыптасуына қазақ елінің ежелгі тұрмысында кездесетін қарапайым
жағдайлар себеп болған. Мысалы, көнерген киіздерді қабаттап төсеу,
одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан
бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, төсеп, көктеген.
Бұдан әрі басылған киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны
қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала
бастаған.
- Шеберлер саз балшықтан,
ағаштан, металдан музыкалық аспаптар (шертер, сыбызғы, асатаяқ, саз
сырнай, шыңдауыл, т. б.) жасау білген, олардың көпшілігі енді
экспозицияларда көруге ғана болады (Ұлттық музыкалық аспаптар
мұражайында, Алматы қ.)
- Кендір өңдеу кәсібін
умытылған деп айтуға болады.Ешкі жүнімен немесе түйе жүнімен берік
кендір талшықтарынан құралған кілем, киім-кешек
жасаған.
- Казақ сәндік-қолданбалы
өнерінің тарихын зерттей отырып, әр заттын ою-өрнекпен
әшекейленгенін көреміз.
- Киіз үй кейінгі қола дәуір
б. з. б. XII—IX пайда болып, тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше
андрондық тұрақ үйлеріне ұқсаған.
- Киіз үй жабдықтарын
зерттеніз: түскиіздер (қабырға кілемдер), сырмактар (төсеніш),
аяққаптар ( ыдыстар үшін сөмкелер), кереге-қаптар (кереге үшін
футлярлар), әр түрлі ши және т. б.
(Видеофильмді
көру)
- Киіз бұйымдарын дайындауға
тек бір отбасынын әйелдері ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындары
қатысты. Киіз үйдін әр түрлі бөліктерін киізбен жабу көшпенді
қазақтардын бірнеше ғасырлар бойы бірінші қажеттілігі
болған.
- Балалар,киіз тұрмыста
пайдалану сәнді болама ?
Тәжірбиелік жұмысты бастамас
бұрын оқушыларға қауіпсіздік техникасымен
таныстырыңыз.
Көркем еңбек сабақтарына арналған
қауіпсіздік техникасы:
жұмысты тек қана
мұғалімнің рұқсатымен бастау;
оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын
тастап кетпеу;
құрал-саймандарды тек
қажетті жағдайда ғана пайдалану;
жұмыс орнын таза ұстап,
материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс
істеу;
жұмыс кезінде бөтен
жаққа назар аудармау;
басқа оқушылардың жұмысына кедергі
жасамау;
жұмыс бітісімен
материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып
қою.
Жасаған нобайлары мен жоспарын
жұпта талқылайды
1-ТАПСЫРМА. Мәтінді оқып,
сұрақтарға жауап беріңдер.
Әр қатардан бір оқушыдан
мәнерлеп оқып шығады. Қалған оқушылар бірге іштей оқып отырады.
Сонымен қатар сұрақ дайындап отырады. Топтағы әр оқушы қарсы
топтағы әр оқушыға сұрақ қояды.
-Қазақ халқында ертеден бастау
алған қандай өнер?
-Ол өнер түрі немен
байланысты?
-әшекей бұйымдар не үшін
қажет?
-Әшекей бұйымдар қыздар үшін не
береді?
-Әшекей бұйымдарды неден
жасаған?
Жазылым.
Кестені толықтыр. Оқушылардың алдына әшекей
заттардың аттары шазылған сөздер беріледі. Сол сөздерді тиісті
орындарға орналастыру қажет.
Киімдердегі әшекейлер
|
Түйме, сөлкебай, өңірше
|
Денедегі әшекейлер
|
Сырға, алқа, тұмар,
білезік
|
Тұрмыстағы әшекейлер
|
Сөмке, ыдыс, қамшы т.б. заттарға тағылатын асыл
тастар мен металдар
|
-Сіздерде неше әшекей заттар
бар? -мендетөрт-бессырға,
уш-төртшашқыстарғышбар.
3. Тәжірбиелік жұмыс
кезеңі.
Тапсырма:
- Балалар, сынып 2 командаға
бөлінеді. Әр топ зерттеу орындайтын
болады.
* Бірінші командаға киізден
жасалған бұйымдардын атауларын анықтау
қажет
* Екінші команда қазақ ұлттық
ою-өрнек түрлерін зерттейді.
1ші топқа арналған
дескрипторлар:
-
Киіз басу өнерін
зерттейді;
-
Киізден орындалатын
бұйымдардын атауларын анықтайды;
-
Киіздің емдік қасиеттерін
анықтайды
-
Бұйымдардын атаулары мен
суреттерін скетчбукке түсіреді;
-
Өзіңің зерттеу жұмысы туралы
баяндайды;
-
|