Ашық сабақ Қаздарым 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қаздарым 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы :Қ.Толыбаев. Қаздарым

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі :Оқушыларға құстар, соның ішінде қаз туралы жалпы мағлұмат беру.Сөйлемдегі сөздердің байланысын табуға жаттықтыру.

Дамытушылығы :Оқушылардың сөздік қорын,танымын кеңейту.

Тәрбиелілігі : Әсемдікті сезінуге,құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:ой қозғау,сұрақ-жауап,топтастыру

Сабақтың түрі :аралас сабақ

Көрнекілігі: құс суреттері,компьютер арқылы слайдтар,

Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру

ПShape1 Shape3 Shape2 сихологиялық дайындық (Бір-біріне сәттілік тілеу)

Ой қозғау.

  • Балалар қазір қай мезгіл ?

  • Көктем

  • Көктемде қандай мерекелер бар ?(8,22-наурыз,1,7,9-мамыр)

  • 1 мамыр қандай мереке ?

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.

  • Ендеше үйге берілген «Мамыр» өлеңін мәнерлеп оқиық.

Сонымен, қазақ халқы- қонақжай халық. Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олардың бәрі біздің еліміздің азаматтары болып есептеледі.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың әділ саясатының арқасында біз бірлігіміз жарасқан,тәуелсіз ел атандық,оны Елбасымыздың биылғы «Болашақты бірге қалаймыз» атты жолдауынан көрінуге болады.

Жаңа сабақ.Қ .Толыбаев.Қаздарым.

-Көктемде қандай өзгерістер болады ?

Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Көктем



Қар ериді Күн жылынады Жеңіл киінеді Құстар келеді

-Дұрыс айтасыңдар,біздің қанатты достарымыз туған жерге қайта оралады екен.

-Құстардың қандай пайдасы бар?(Олар ағаштағы,жердегі құрттарды жейді).

-Ағаштың қандай пайдасы бар ?(Ағаштан қағаз жасайды,үй салады,құстарға ұя жасайды,ауаны тазартады)

-Ағаш,бақ іші қандай болар еді құстар болмаса ?

-Балалар қазір құстардың әнін,орман ішіндегі құстардың айтысын тыңдайық. Shape8



-Құстар табиғатқа сән береді,олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл-күйлерін көтереді.

Мағынаны ашу : - Балалар бүгінгі сабағымызда бізге пайдалы жаңа құспен танысамыз?

  • Бұл қандай құс ?

  • Қаз суда да,құрлықта да өмір сүре алады.Жабайы және асыранды түрі бар.Салмағы ірі,мойны ұзын,тұмсығы жалпақ,мықты,аяғы қысқа,қауырсыны қалың құс.Суда 40 метр тереңге сүңгиді,суыққа төзімді,маңғазданып,кербез теңселіп жүреді.Жеміс жапырағымен қоректенеді.Ұясын үй маңына,таяз су бетіне салады.5-20 жұмыртқаны 20-40 күнде басып шығарады.Кейбірі 80 жасқа дейін өмір сүреді.Балапаны – мамыр.Майы күйікке пайдалы.

-Ендеше біз Қ. Толыбаевтың Қаздарым өлеңімен танысамыз.

Автор туралы мағлұмат беру.



Құрманбай Толыбаев Игілікұлы

1926 жылы 14 наурызда Алматы облысы,Шелек ауданында дүниеге

келген.Балалар жазушысы.

Мұғалім редактор қызметін

атқарған.Балаларға арналған

өлеңдері көп.

-Соның ішінде біз Қаздарым өлеңімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс.Өлеңді оқу,мазмұнын ашу.(сұрақ- жауап)

Сөздік жұмыс.

Сайда –

Көл- қопаң –

Өлеңді рөлге бөліп оқыту.

Жұмбақ шешу

1)Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға ғып-

Тоқ-тоқ соғады! ( Тоқылдақ )

2)Бейбіт құсы аталады,

Бар әлемге жар салады

Танисың ба ол құсты

Аты қалай аталады ?... (Ақ көгершін)

3)Заң жоқ еш уақытта

Оларды атуға

Түсі де аппақ,аты да аппақ... (Аққу)

4)Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жапқандай.

Ұшса оқтай зырлайды,

Көктен жұлдыз аққандай

-Балалар қарлығаш қандай құс ? (Қарлығаш)

-Қарлығаш туралы оқулықта берілген 163 жаттығуды орындайық.

Сөйлемді көшіріп жазу.Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің байланысын табыңдар.

Айдар балапанды ұяға салды.

Сергіту сәті

Құстар ұясы

  • Құстар ұясын қай жерде жасайды?

  • Қарлығаш ұясын қайда салады?

  • Құстар біз қандай пайда келтіреді?

  • Құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?

Shape9 Құстар қорегі

  • Құстар немен қоректенеді?

(шемішкі,қауын,асқабақ дәнімен және сұлы,сөк т.б )

«Табиғат сырын құстар да біледі»

Егер торғай дыбыс шығармай бұтақта қонақтап отырса,жел болмайды.

Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте шығады.

Қарлығаш өрлеп ұшса-күн жылы болады,жер бауырлап ұшса -жаңбыр жауады.

Құс жүнін үрпитсе жаңбыр жауады,ауа-райы бұзылады.

Құстар көп болса зиянкес жәндіктер аз болады.

Сен білесің бе?

Аққу 300 жыл,тау қыраны 150 жыл,бүркіт пен тоты 120 жыл,қарға 100 жыл,жабайы қаздар 80 жыл,бұлбұл 45 жыл,40 жыл,бозторғай 13-14 жыл өмір сүреді.

Құстардың ішіндегі ең жүзгіші – пингвин.Ол сағатына 30 шақырым жерге дейін жүзе алады.

Дүниеде күн көзіне қарай алатын құс-бүркіт.

Айналасындағы заттарға екі көзімен бірдей қарай алатын құс- үкі.

Қорыту :-Сонымен қаз туралы не білдік ?

ЖShape12 Shape11 Shape10

Қаз

абайы Балапаны-мамыр



АShape13 Shape14 сыранды Майы күйікке пайдалы.



Бағалау;

Үйге тапсырма:«Қаздарым»өлеңін мәнерлеп оқу.

162-жаттығу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі