Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазтуған жайлы мәлімет алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мамасерикова А.М.


Пәні

Қазақ әдебиеті

Сыныбы

9

Тақырыбы

Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі.

Сілтеме

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2006ж.,мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 9-сынып оқулығы.

Жалпы мақсаты

Қазтуған жырау және оның толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, шығармаларының көркемдік әлемін таныту, жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасату; 
Оқушыларға адамды сүюге, өзін қадірлеуге, табиғатты сүюге, қорғауға, ерлікке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, гумандық, патриоттық тәрбие беру;
 
Сыни турғыдан ойлай білуге баулу, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Оқушылар топқа бөлінуге , топта жұмыс жасауға, өз ойларын емін-еркін жеткізе білуге және дәлелдеуге, өзін-өзі басқаруға, көшбасшы болуға, басқаның пікірін сыйлауды және тыңдауды үйренеді.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білімді тұлға қалыптастыру

Әдіс – тәсілдер

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Фазыл арқылы топқа бөлу

Оқушыларды түгелдеу

Құрал - жабдықтарын даярлату

Сабақ барысы «Жеті ата» ауылына саяхат барысында жүргізіледі

Оқушылар топқа бөлінеді

Сабаққа көңіл аударады

Жеті санына байланысты қандай ұғымдар бар екенін айтады. Мысалы: Жеті ғашық, жеті қазына.

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы Асан қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңі сұралады.

Оқушылар жаттау айтады

Үй тапсырмасын бекіту

“Әдебиет” сөзі қай тілден алынған?

Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай?

Асан қайғы кім?

Асан қайғының қандай күйлерін білесіңдер?

Асан қайғының А.В.Затаевич ең алғаш қай күйін нотаға түсірген?

Асан қайғы шығармаларын зерттеушілер кімдер?

INSERT әдісін пайдаланып,

Асан қайғы туралы кестені толтырыңдар:


v

+

-

?

Бұрыннан білемін

Жаңа

ақпарат

Менің ойлағаныма қайшы, кереғар

Маған түсініксіз.

Білгім келеді








Оқушылар шапшаңдықпен тез жауап береді


INSERT әдісін пайдаланып,

Асан қайғы туралы кестені толтырады.


Жаңа сабақ

1 –топқа Қазтуған жыраудың өмірі

2-топқа «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңін түсіндіру

3-топ Қазтуған жырау жайлы зерттеулер

ДЖИГСО әдісі арқылы тұжырым картасын қорғайды. Өз беттерінше бір-бірлеріне түсіндіреді.

Жаңа тақырып туралы мәлімет алады, қолдана алады.

Дағдыландыру жұмыстары

Түсініксіз сөздермен жұмыс

Көбе – көбесі болаттан немесе темірден жасалған сауыт түрі. 
Қары ұнымы
 
Құрық – жылқыны ұстау үшін ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын сырық. 
Сырық – киіз үйдің киізін жөндеуге, түндікті көтеріп ашуға арналған ұзын таяқ. 
Балдағы – қылыштың, пышақтың сағағын, сабын бекітіп тұратын сақина. 
Қылшан – жебе салып жүру үшін, жылқының қылынан тоқып жасалған оқ қабы, қорамсап 
Салуалы – салауатты, парасатты, байыпты 
Ботташық – шатырша гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік 
Кежі – күзет, қарауыл, шолғын, торуыл 

Дәптерлеріне сөздікпен жұмыс жүргізеді

Сергіту сәті

Б.Тілеухановтың орындауында Қазтуғанның жыраудың «Алаңда,алаң, алаң жұрт» толғауын интерактивті тақтадан тыңдау.

Бұл сергіту сәтінде оқушылар сергиді, көңіл-күйлері көтеріледі.

Сабақты бекіту

Ашық және жабық сұрақтар арқылы бекіту

1.Қазтуған кім?

2.Жыраудың бізге жеткен толғаулары?

3.Қазтуған жыраудың толғауларын Ғабдолла Мұштақ қандай атаумен 1912 жылы Орынбор қаласында баспаға жариялады?

5.С.Сейфуллин 1931 жылы Қазтуған жыраудың қандай өлеңін жариялады?

6.Қазтуған жыраудың жерленген жерінің атауы?

Оқушылар сұраққа жауап береді

Кері байланыс (бағалау)

Бағалау прақшалары таратылады.


Бағалау парақшаларын толтырады.

Үйге тапсырма

Қазтуған жырау өмірі мен шығармашылығын оқу. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңін жаттау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.02.2019
1657
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12