Мәтіннің
тақырыбы:
Қазыналы қарттың
тәлімі
Төленің жас кезі. Жотада мал бағып жүрсе
анадай жерде бес-алты аттылы кетіп бара жатады. Бала олардың
алдынан шығып сәлем береді. Орталарындағы ақсақалды –«Қоңқа би»
деген жасы жетпістерге келген кісі
екен. - Балам, бұл- қай ауылдың
малы? - Әлібек
бидің. - Анау үйездеп жатқан жылқылар
кімдікі? - Жыланкөз
байдікі. - Е- е, іздеп келе жатқанымыз- сол Жыланкөз
бай еді. - Менің де сол ауылға барар шаруам бар еді.
Сіздерге ілесе барайын ,- деді Төле
бала. Олар жүріп келе жатып сәске түс кезінде көп
жылқыны көреді. Жылқының көптігі соншалық - кіші бесінге дейін
шетіне шыға алмайды. Сонда жол серік
бала: - Ата, мынау жылқы қандай байдың жылқысы
болды екен? Білесіз бе? - деп
сұрайды.
Қоңқа
би: - Қарағым, бұл – «Нысапсыз» деген байдың
жылқысы,
-дейді. -«Нысапсыз»
деген -қандай бай? - Нысапсыз осы
малды жия берген, жия берген. Бұл- нашарға, кедейге қайрымы жоқ
байдың малы. Олар одан әрі
жүріп келе жатады. Кенет кең далада жайқалып өсіп тұрған қалың
егіннің үстінен
түседі. - Ойпырм-ой,
ата, мынау қандай байдың егіні болды екен? Көз жауын алып, жайқала
өсіп тұр ғой, - деді
бала. - Ә, шырағым,
бұл – «Қайырсыз» деген байдың
егіні. - «Қайырсыз»
деген - бай ма? Қай ел болады,
ата?, - О, Шырағым,
айтайын. Бай бір өзі пәлен адам жалдап, осынша жерді айдатты.
Арзанға жұмыс істетіп, еңбегін бір жеді. Енді егінді біреудің
еңбегімен отырғызып, қырманға салды. Бастыртып, қамбаға құйды.
Мұның бәрін өзі істемеді, біреуге істетті. Содан соң елде астық
болмай қалған жылы оны қымбатқа сатты. Өзі жан қинамай үйде май
шайнап жатты. Келесі жылы тағы егін ектірді. Енді екі есе адам
жалдады. Жылдан-жылға осылай кете берді. Одан жұртқа пайда жоқ. Ел
ашыққанда қымбатқа сатты. Мұның қайырсыз болатын себебі -осы.
Түсініп ал балам. ...
Төле би
сол жол үстінде
жолыққан Қоңқа
қартты құрметпен еске
алып, өзіне ұстаз тұтқан
екен.
«Даланың
дара ділмарлары»
кітабынан
Бағалау парақшасымен
таныстыру.
Бағалау
парақшасы
Р/с
|
Аты -жөні
|
«3»
|
«4»
|
«5»
|
1
|
Сабақтағы белсенділігі
|
|
|
|
2
|
Басқаларды тыңдауы
|
|
|
|
3
|
Өз пікірін айтуы
|
|
|
|
4
|
Топ жұмысын қорғауға қатысуы
|
|
|
|
5
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
Адами құндылықтар арқылы 3 топқа
бөлінеді.
Топтық
жұмыс.
Белсенді оқыту: Зерттеу және
зерделеу.
Саралау тәсілі:
Дереккөздер
Бағалау
критерийі
-
Мәтіннің негізгі идеясын
ашады.
-Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекетін
көрсетеді.
1-тапсырма: «Блум
түймедағы»
1-топ:
Ақылдылар:Мәтіннің негізгі идеясын аш.
Әдеби жанрдың қай түріне жататынын
анықта.
Дескриптор:
2-топ:
Білгірлер: Төле би мен Қоңқа қарттың
сөзін сахналап көрсет.
Дескриптор:
3-топ:
Тапқырлар: Нысапсыз бай мен Қайырсыз
байдың орнына өзіңді қойып, іс-әрекетті
баянда.
Дескриптор:
Қалыптастырушы
бағалау: «Ойлан-жұптас-бөліс»
Өздік жұмыс. «Вен
диаграммасы»
Белсенді оқу. Зерттеу
және зерделеу.
Саралау тәсілдер.
Қарқын
Бағалау
критерийлері.
-кейіпкерлерге мінездеме
береді;
2-тапсырма.
Мәтінді іштей оқы.
Кейіпкерлерді анықта.
Кейіпкерлердің іс-әрекетіне назар аудар.Сипатта.
Не себепті мінез-құлқы өзгерді деп ойлайсың? Сұрақтардың жауабын
мәтін ішінен тауып жаз.
Нысапсыз бай
Қайырсыз бай
Ұқсастықтары
Дескриптор:
- Нысапсыз байдың іс-әрекетін
жазады
- Қайырсыз байдың іс-әрекетін
жазады.
-
Кейіпкерлердің іс әрекетін салыстырады.
Қалыптастырушы
бағалау. «Серпілген сауал» әдісі
арқылы
Ұжымдық жұмыс. «Қарлы
кесек»
Белсенді оқу.Қорытынды шығару және есте
сақтау.
Саралау тәсілі.
Қарқын
Бағалау
критерийлері:
-
бір-біріне ашық сұрақтар қояды;
-
сұрақтарға толық жауап береді;
3-тапсырма. Сұрақтарға
жауап бер.
-
Автор осы мәтін арқылы
сендерге не айтқысы келді деп
ойлайсыңдар?
- Осы мәтіннен өзіңе
қандай ой түйдің?
- Өмірде осы
кейіпкерлер (Нысапсыз бай мен Қайырсыз бай) сияқты адамдар бола
ма?
Дескриптор:
- оқушылар бір-біріне ашық сұрақ қояа
алады,
- сұрақтарға толық жауап бере
алады.
Қалыптастырушы
бағалау: «Шапалақ»
арқылы
Жұптық
жұмыс
Белсенді оқыту: Бекіту және қолданысқа
енгізу.
Саралау тәсілі:
«Қорытынды»
Бағалау
критерийі:
-Мәтін мазмұны бойынша талдау
жасайды.
4- тапсырма
SWOT-талдау.
|