Материалдар / Ашық сабақ "Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?" 6 сынып

Ашық сабақ "Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа тарих пәнінен беретін мұғалімдерге, дайын қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
1344
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан

Мектеп: №42 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Асанова Аида Ауеловна

Пәні: Қазақстан тарихы

Күні: 24.05.2018 ж.

Сынып: 6 Қатысқандар: 18 Қатыспағандар:1

Сабақтың тақырыбы

Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Қимақтардың қала мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейтінін біледі (білу, түсіну)

Басым көпшілігі: Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы айырмашылығын анықтайды, талдайды (білу, түсіну, талдау)

Кейбірі: Қимақ қалалары туралы деректерді жинақтайды, эссе жазу арқылы ойын қорындылайды (жинақтау және бағалау)

Бағалау критерийі

- Қимақтар туралы дерек көздеріне сүйене отырып, қала мәдениетінің дамуын сипаттайды (білу және қолдану)

Тілдік мақсаттар

Тыңдалым: мұғалім Қимақ қағанаты жайында жалпы мағлұмат береді;

Оқылым: деректермен жұмыс және кітаппен жұмыс;

Жазылым: деректермен жұмыс, топтық тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасайды;

Айтылым: топтарда талдау, жұмыстарын қорғау, мұғалімнің сұрақтарына жауап беруі барысында

Құндылықтарға баулу

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- қарым – қатынас жасау қабілеті;

- денсаулық, достық және айналасына қамқорлық жасау;

Пәнаралық байланыс

география, дүние жүзі тарихы

Алдыңғы білім

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

«Менен - сұрақ, сізден – жауап » оқушыларға мұғалім сұрақ қою арқылы, Оғыз мемлекетінің даму ерекшеліктерін алдыңғы білімін қортындылайды. (қалыптастырушы бағалау мадақтау арқылы)

1. Оғыздар деген кімдер?

2. Олар Қазақстанның қай аймақтарын мекендеді?

3. Қандай елдермен қарым-қатынаста болды?

4. Шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысты?

5. Оғыз мемлекетінің басшысын қалай атады?

6. Атабектердің атқарған қызметі қандай болды?

7. Оғыз мемлекетінің құлауына не себеп болды?

8. Оғыз мемлекетінің астанасы қай қала болды?


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі;

Оқушылармен сәлемдесу;

Кезекші мәліметі;

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;

Топқа бөлу

Оқушылармен шеңбер құрып,1,2,3 деп санау арқылы топқа бөлу

І топ «Этнограф» тобы

ІІ топ «Археолог» тобы

ІІІ топ «Тарихшы» тобы

Алтын ереже құру, қажеттігі туралы айту



Алтын ереже, слайдтар

Сабақтың ортасы

25 мин


Оқушыларды «Шатасқан әріптер» әдісін қолданып, оқушылар шатасқан әріптерді жинау арқылы «Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?» тақырыбын табады. Қалалық мәдениет жайында жалпы пікірлерін тыңдағаннан соң, қаланың пайда болуына қандай факторлардың әсер еткені жайында айтамын.

Сабақтың мақсатымен таныстыру;

Бағалау критерийлерімен таныстыру;



«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдіс-тәсілі

Деректермен жұмыс. (7 мин)

Барлық топқа төрт дерекпен жұмыс жасауға тапсырма беру:

А-дерек: Әл-Идриси: «Қимақ астанасы - Имекия темір қақпалы қорғандармен берік қоршалған, ішінде базарлары, ғибадатханалары бар ірі қала».

В-дерек: Тамим Ібірі Баһр: «Қимақтарда қала мәдениеті мен сауда-саттық істері өрістеді, қимақ қағанының ордасының жанында тұратын қала және оның атырабында егін егетін отырықшы мекендері бар».

С-дерек: «Қимақтарда жазу мәдениеті болды, оларда өздері жазу жазатын қамыс өседі».

Д-дерек: Гардизи: «шаруалар өз мырзаларының малын бақты, ...қысқа арнап қимақтар әрқайсысы өздерінің шама-шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады».

Дескриптор

І топ «Этнограф»: берілген деректерді кім, қашан, неге, кімге арнап жазғандығын анықтады; Сонымен қатар оқушылар деректерде кездесетін жер-су аттарын жасыл түсті маркермен (мәтінді түрлі түстермен белгілеуші) белгілейді.

ІІ топ: қимақтардың шаруашылығы, тұрмысын сипаттайтын ақпаратты сары түсті маркермен белгілейді.;

ІІІ топ: рухани мәдениет сипаттайтын ақпаратты күнгірт түсті маркермен белгілейді;

Топтар өздерінің анықтаған ақпараттарын кітаптан сай келген сөздермен байланыстырып, басқа топтармен бөліседі. Сұрақ – жауаппен алмасады.



І топқа:

Венн диаграммасы

Айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы






Дескриптор

Оқушылар «Көшпелілер мен отырықшылар» арасындағы айырмашылығын мен ұқсастықтарын жазады;


ІІ топқа: «Ақиқат/жалған» әдісі

Ақпарат

Ақиқат/жалған

Қалалардың құрылыс жүйесі 4 бөліктен жасалған.


Араб ғалымы әл-Идриси 16 қимақ қаласын атайды.


Қимақтардың ордасы Сауран қаласы болды.


Қимақ тайпалық одағының басшысы қаған лауазымын иеленді.


Қимақ тайпасын печенегтер деп те атады.


Қимақтар оғыздармен бейбіт қарым-қатынас орнатты.



Дескриптор

  • ақпараттың дұрыс- бұрыстығын анықтайды;

  • қалалардың құрылыс жүйесі бөліктерін атайды;

  • араб ғалымы әл-Идрисидің 16 қимақ қаласын анықтайды;

  • Қимақ тайпалық одағының басшысы қаған лауазымы болғанын дәлелдейді;

  • Қимақтар оғыздармен бейбіт қарым-қатынас орнатқаны жайында анықтайды





ІІІ-топқа: «Кластер» әдісі

Қимақ қағанатының құлауы






Дескриптор

Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.



СББР №140 http://e-history.kz/kz/scorm/page-3

Гардизи қимақтар туралы: «...Бұдан әрі Ертіс өзені жатыр. Ол жерден қимақ елі басталады. Өзеннің екі жағалауыңда да жайылып жүрген жылқы үйірлері, олар кейде мыңнан екі мыңға дейін жетеді. Бұл жылқыларды ұстау қиын. Кейде арқанмен ұстап, үстіне мініп, бас білдіреді. Сонда, ғана қолға үйренеді. Ертіс үлкен өзен, бір жағында тұрған адам, арғы жағадағы адамды тани алмайды...Өзеннің суы қап-қара.

Ертістен өтсең қимақтардың шатырларына барасың... Барлығында да табын-табын сиыр, қора-қора қой бар. Түйелері болмайды. Егер саудагер түйе алып келе қалса, ол түйе бір жылдан артық тұра алмайды. Себебі шөптің тұзы жоқ. Егер біреу тұз алып келетін болса, ол үшін бұлғының терісін алады. Жазда бұлар бие сүтін ішеді, оны "қымыз" деп атайды. Қысқа қойдың, жылқының, сиырдың етін кептіріп сақтап, сүр етіп жейді. Бұл елге қар көп жауады, тіпті кейде найза бойына жетеді. Қыста жылқыларын алыстағы жер асты суы сақталатын жерге айдап барады. Ол Оқ-таг деп аталады... Ағаштан жасалған астауға су сақтайды. Қар қалың жауғанда осы суды ішеді, өйткені қалың қар жылқының суатқа түсуіне жол бермейді. Қимақтар бұлғын мен мумарды аулайды».


Үлестірмелі материалдар (венн диаграммасы, ақиқат/жалған, кластер)


Сабақтың соңы

5 мин

Бекіту

Эссемен жұмыс

Дескриптор

Жаңа сабақтан түсінгенін, 5-6 сөйлем арқылы қортындылайды.


Қалыптастыру бағалау

«Плюс, минус, қызықты» әдісі


Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты


Дескриптор

Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағананы оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.



Кері байланыс

«Плюс, минус, қызықты» әдісі





Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлығы: «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы ақпарат жинады, сол жайында түсінік қалыптастырды.

Басым көпшілігі: «Венн диаграммасы» әдісі арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазды;

«Ақиқат/жалған» әдісі арқылы

Ақпараттың дұрыс- бұрыстығын анықтады;

«Кластер» әдісі арқылы тірек сөздермен тақырыпты қорғап, ашты.

Кейбірі: «Эссемен жұмыс» әдісі арқылы жинақтап, қорытындылады.

- Қалыптастырушы бағалау бойынша мадақтау арқылы;

- Ауызша қалыптастырушы бағалау;

- дескриптор арқылы

- «Венн диаграммасы», «Ақиқат/жалған», «Кластер» арқылы;

- кері байланыс арқылы «Плюс, минус, қызықты»

( Сабақта барлығы ұнады; Ұнамады, Барлық деректер мен әдістер қызықты ) әдістері арқылы бағалаймын.

Кабинет қауіпсіздігінің барлық қағидасына сай жабдықталған, оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау, АКТ-ны дұрыс пайдалануын қадағалау.


Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен уақытты тиімді пайдаландым ба?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Бүгін білім алушылар «Қимақтардың қала мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейтінін » білді.

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы айырмашылығын анықтады, талдады.

Қимақ қалалары туралы деректерді жинақтады, эссе жазу арқылы ойын қорындылады.

Сыныптағы ахуал жақсы болды.

Уақытты тиімді пайдаланды.


Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1

2

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1

2

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1

2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ