Ашық сабақ "Қожа - әдепті бала" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қожа - әдепті бала" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Қазақ тілі

1-бөлім: Мектеп өмірі. Әдепті бала арлы бала

Тақырыбы: Қожа – әдепті бала

Мектеп: №17

Күні: 29.09.17

Мұғалімнің аты-жөні: У. Абдукаримова

Сынып: 5- «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

5.О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.

5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

5.ТБ1.2.Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Қожа жайлы ақпараттар береді

Оқушылардың басым бөлігі:

Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Қожаны, оның мінез құлқын, шығармадағы көріністерді сипаттай алады.

Кейбір оқушылар:

Тақырып аясында сыныптастарымен өзінің сүйікті кейіпкері туралы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Тілдік мақсат

Пәндік лексика мен терминология: қатыстық, сапалық

Жаңа сөздер: кейіпкер, ықшам, жағымды, туу куәлігі, ес білгелі, қолайсыз, табанда өзгерту, істің турасы, келемеждеп айту.

Бағалау критерийлері

  • 1.Мәтіннің мазмұнына қатысты қосымша ақпаратты анықтайды.

  • 2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажыратады.


Пәнаралық

байланыс


Өзін-өзі тану, өнер, әдебиет, тіл

Алдыңғы оқу

Сүйікті жазушы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған тапсырмалар

Ресурстар

Басталуы

7 минут

Оқушылармен амандасу.

Психологиялық дайындық
- Көңіл күйлеріңіз қалай?
- Керемет( қолдарын жоғары көтереді)
Сабаққа дайындықтарың қалай:
- Тамаша (алақандарын шапалақтайды)

Үй жұмысын тексеру, талдау

Бердібек Соқпақбаевтың өмірін, шығармашылығын еске түсірейікші.

1.Бердібек Соқпақбаев кім?
2. Жазушы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
3. Қандай шығармаларын білесіңдер?
4.    Бердібек атамыз қандай университте оқып, қай жылы бітірген? (Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген 1949)
5.    Ең алғаш қай жерде мұғалім болды? (Нарынқол ауданында)
6.    «Менің атым Қожа» повесті алғаш рет қай жерде жарық көрді?

7. Ол қанша тілге аударылды?
8.     «Қазакфильм» студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға қай жылы шығарды?              1963 жылы

9. Фильмнің режиссеры кім?
10.    «Менің атым Қожа» фильмі   қандай сыйлыққа ие болды?



Ортасы

23 минут

І.Қызығушылықты ояту.

«Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсету.

  • - Балалар, біз қандай фильм көрдік?

  • - «Менің атым –Қожа» фильмін көргенсіңдер ме?

  • - Сендерге бұл фильм ұнайма?

  • - Осы фильмнің кейіпкерлері туралы не айтасыңдар?

  • «Менің атым – Қожа» фильмінің басты кейіпкері кім?

Бүгінгі сабағымыз сол Қожа туралы болмақ. Автордың бұл шығармасы тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Өздерің ойлаңдаршы, бұл хикаятты қанша оқысақ та, теледидардан көрсек те еш жалықпаймыз. «Менің атым – Қожа» фильмі туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін.

Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н.Сегізбаев
Сұлтан - М.Көкенов
Жанар - Г.Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат- (Қожаның шешесі) - Б.Римова
Рахманов - Қ.Қожабеков
Майқанова – Р.Мұхамедиярова
Қожаның әжесі - З.Құрманбаева

Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.

«Ал басты кейіпкерлеріңіздің атын Қожа қоюыңыздың себебі не ? – деген сұраққа Бердібек атамыз: «Әкесі баласының атын кім қоям десе де өз еркінде емес пе, өзіне ұнаған есімін қояды». Шығарма да жазушының баласы тәрізді. Дегенмен, басты кейіпкердің атын Қожа қоюымның тағы бір себебі: біздің мектепте Қожа атты бала болды. Оны да «қара Қожа» дейтінбіз. Шығарма жазу барысында мектептес досымның осы есімі көкейден кетпей, тілге оралды да тұрды. Бірақ ол өте жуас, қой аузынан шөп алмас момын бала болатұғын. Неге екенін сол баланың атын басты, әрі тентек кейіпкерге бергенді жөн көрдім», — деп жауап беріпті.

Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді тыңда. Түсініп оқы.

«Менің атым –Қожа» повесі осылай басталған.

  • Қожа өз атына риза ма?
    - Осы тарауда қандай ұлттық салт - дәстүр туралы айтылған?
    Оқушы: Балаға ат қою дәстүрі
    Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың білі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбіне молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған.
    - Қазір бұл дәстүр сақталған ба? (оқушы жауабы)
    - «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», - дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)
    Мұғалім: дұрыс, балалар! Өмірге келген кішкентай сәбиге азан шақырып ат қою дәстүрі әлі де жалғаса бермек.
    - Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма? Әлде Қожа сияқты өз аты өзіне ұнамайтын оқушылар бар ма?

Жазылым.

Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, сөйлем құрайды.

Сергіту сәті

Айтылым.

А)Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексереді, түсіндіреді.

В) Ж.Ж Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6- тапсырма орындатылады. Семантикалық картаны толтырады, түсіндіріп айтады.

Жұптық жұмыс

«Теріп алу» стратегиясы.Берілген мінездемеден Қожаға қатысты мінездерді топтастыру.
Алғыр, пысық , өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті,ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымпаз.

Топтық жұмыс. Әр топқа сурет беріледі.

Бұл сурет туралы не білесің?
Кейіпкерлер туралы әңгімеле
Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіз?

Сабақты қортындылау

  1. Қожа қандай кейіпкер?

  2. Қожаның қателіктерге ұрына беру себебі не, қалай ойлайсыңдар?

  3. Сол кездегі мектеп өмірі мен қазіргі мектеп өмірінің айырмашылығы бар ма?

  4. Қазіргі таңда әр сыныпта Қожа, Сұлтан сияқты балалар бар деп ойлайсыңдар ма?

  5. Қожа болашақта жақсы бала болады деп есептейсіңдер ме?

  6. Бұл шығарма бізді неге үйретеді?


АКТ, оқулық, суреттер, тірек сызбалар

Аяқталуы

10 минут





Үйге тапсырма

Рефлексия

Мен сабақтан қандай әсер алдым?

Маған не қиын болды, не оңай болды?

Маған қандай ақпарат жаңалық болды?

Маған әлі де нені жетілдіру керек?

«Баспалдақ» әдісі бойынша оқушы өзін бағалайды

Менің қиялымдағы Қожа...” эссе жазып келу


Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?










Қорытынды бағамдау






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4039
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі