Ашық сабақ «Қожа – әдепті бала» 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Қожа – әдепті бала» 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында оқушылардың төрт тілдік дағдысын дамыту барлық пәндер үшін қажет болып табылады. Ал қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік дағдыларды дамытуға ерекше басымдық беріледі. Сондықтан оқушыларға осы 4 дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Оқытуда және оқуда сындарлы көзқарасты қолдайтын осы бағдарламаның түйінді идеясына құрылған сабақтардың бірі 5 сыныптағы «Мектеп өмірі. Әдепті бала-арлы бала» бөлімінің «Қожа – әдепті бала» тақырыбындағы сабағын назарларыңызға ұсынамын. Еліміздегі білім жүйесінде болып жатқан өзгерістер әрқашан мұғалімдердің назарында. Мен де деңгейлік және жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстан өткен соң өз тәжірибеме көптеген өзгерістен енгіздім. Сабағымда жаңа педагогикалық технологияларды, әртүрлі оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа форматта сабақ беру жеке тұлғаны қалыптастыруда, сыни ойлай алу дағдыларын дамытуға тамаша ықпал етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала.

Тақырыбы: Қожа – әдепті бала

Мектеп: «№2 орта мектеп» КММ

Күні: 19.09.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Ережепова Асел Бақытжановна

Сынып:

Қатысқандар: 14

Қатыспағандар: 0

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

5.Ж4. Мәліметтерді жинақтай отырып,тақырып бойынша постер жасау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Тірек сөздерді табады

  • Постер, графикалық органайзер жасайды.

  • Негізгі ойды түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Оқиғаны болжайды

  • Негізгі ақпаратты анықтайды

  • Негізгі ойды салыстырады

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Өз ойларын өмірмен байланыстырады

  • Жазба жұмыстарын пысықтайды


Бағалау критерийі

  • Оқыған мәтіннен негізгі ойды түйіндейді

  • Тірек сөздер арқылы постер, графикалық органайзер жасап, дәлелдейді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: мәтін болжайды, тірек сөздерді сәйкестендіреді, постер, графикалық органайзер жасайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қу, адал, тәртіпті – тәртіпсіз, ұрынбай, ала жібін

Құндылықтарға баулу


Үлендерді сыйлау, өтірік айтпау, әдепті болу

Пәнаралық байланыс

Өзін – өзі тану, тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Б. Соқпақпаев туралы біледі. «Менің атым - Қожа» фильмін көрді. Қожамен таныс


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Басы

1 минут


1 минут



  1. минут


Тренинг: Сабақтың рәмізін айту

Бәріне, бәріне

Қайырлы таң!

Қайырлы таң, аспан!

Қайырлы таң, жер!

Қайырлы таң, мектеп!

Мен Қазақстан Республикасының азаматымын

Соңдықтан, мемлекет тілің, қазақ тілін

Оқимын, жазамын, сөйлеймін, үйренемін

Деп уәде беремін!



Мұғалімнің сөзі

  • Мемлекеттік тілге құрметпен, сүйіспеншілікпен, жақсы көңіл – күймен сабақты бастайық!

Топқа бөлініп отырады

  1. Б. Соқпақбаев туралы кластер жасау

  2. «Менің атым - Қожа» фильм үзіндісін көру

Ширату жаттығуы: «Болжау» әдісі

  1. Кейіпкерлер:

  2. Оқиға болған жер:

  3. Уақыт:

  4. Іс – әрекет:

  5. Қожа қандай бала?




Ортасы






































1 - тапсырма: мәтінді оқып,сұрақтарға жауап беру. «Бинго» әдісі (топтық жұмыс)

Әжем тағы да тұрып алып, құлағымды талай сасытқан дағдылы өнегесін айта бастады:

- Шыбыным, әйтеуір, ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. «Тек жүрсең, тоқ жүресің» дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір, саған айтар ақылым, — тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма. Мешкей деген жақсы ат емес.

Жанар! Атың қандай әдемі. Сендердің бұл қызбен танысып қоюларың керек. Осы повестің бас кейіпкерінің бірі болуға Жанар татитын қыз. Екеуіміз бірге оқимыз. Жанар, біріншіден, кластағы ең бір ақылды қыз. Екіншіден, сұлу. Әсіресе қызыл береткасын киіп жүргенде, сондай құлпырып, жайнап кетеді. Барып тұрған өнерлі қыз. Кластағы бірінші үздік оқушы.


Сұлтанның жасы менен екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Өзі осыдан біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен. Айлар бойына зым-зия көрінбей кетеді, сонан соң қайтадан пайда болады. Не істеп, не тындырып жүргенін бір Құдайым өзі білсін. Сұлтекеңнің мінезі иттен де жаман.

Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар деп ұрса берсін. Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түкпірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді. «Е, бәсе, Қожа осындай екен ғой. Талант деген түбінде жарып шықпай қоймайды», — дер еді. Шіркін-ай, былай болса: адам әуелі үлкен болып жаралса. Өмірдегі өзіне тиісті қызмет мамандығын атқарып болғаннан кейін барып балаға айналса. Сонда маған Майқанова қалай қарар еді? «Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған, оның есімі бүкіл дүние жүзіне мәлім. Олай болса, менің оған әкіреңдей бергенім жарамас, жазушыны сыйлау керек» деп, тәубасына келер еді.

  1. Осы мәтіндегі мақал – мәтелді табыңдар

  2. Жанар қандай қыз?

  3. Сұлтанның мінезі қандай?

  4. Қожа өз арманың кімге айтқысы келді?

ҚБ: «Бір минут қана»



2 - тапсырма: мәтін бойынша, постер, графикалық органайзерлерді орындап, қорғау

І – топ «Эмоция кестесі» әдісі (топтық жұмыс)

ІІ – топ «Постер»

ІІІ- топ «Балық қанқасы» әдісі

ҚБ: «Стикер» арқылы бағалау






































Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем»

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады

  • Маған ерекше ұнағаны.....

  • Қызықты болғаны ....

  • ..... қиындық тудырды.

  • Бүгін сабақта мен .... түсіндім.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Барлық оқушыларға:

  • Сөздік

  • Сөз тіркесі

  • Жетекші сұрақтар

  • Толық нұсқа

Оқушылардың басым бөлігіне:

  • Түсіндірме сөздік

  • Қосымша ақпарат

Кейбір оқушыларға:


ҚБ: «Бір минут қана» (топ басшысы бағалау) – бір минуттың ішінде ойды жинақтайды, түсінген тұстарын айтып шығады

ҚБ: «Стикер» әдісі (өзара бағалау) бірін – бірі бағалайды

Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем»

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады


АКТ-мен жұмыс: интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады. Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау қадағаланады.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
984
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі