Ашық сабақ "Қонжық тігу "

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қонжық тігу "

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қонжық тігу туралы қысқаша түсінік беру,тігу жолын үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қонжықты тігу, мақта салып бекіту.



Мақсаты : Оқушыларға жұмсақ ойыншықтың жасалу жолын үйрету,

мата түрлерімен таныстыру.


Білімділігі: Оқушыларға қалдық матадан жұмсақ ойыншықтың пішу технологиясы туралы түсінік беру.


Дамытушылығы:

Оқушыларды бейімді еңбекке баулып, қолөнер түрін терең меңгере отырып, үлгі бойынша жұмыс істей білуге, ой-өрісін кеңейту,эстетикалық талғамдарын дамыту.



Тәрбиелігі:Өз бетімен жұмыс жасауға, еңбек мәдениетіне,ұқыптылыққа, іскерлікке,үнемділікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.



Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сарамандық жұмыс,жаңа технология,тірек сызба.



Көрнекілігі: суреттер, үлгілер ,сызбалар, слайд.



Құрал-жабдықтар: қайшы , мата, ине жіп, түйме ,моншақ,


Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, сызу, экономика, математика, әдебиет.



Сабақ барысы:


I Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлемдесу, түгендеу


Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру



II Үй тапсырмасын сұрау

- Қонжықтың үлгісін қалай дайындадыңдар?


- Қандай материалмен тігуге болады?


-Жұмсақ ойыншық тігу үшін не қажет?


Мата қалдықтары + ине + жіп + қайшы + моншақ + түйме



Жұмсақ ойыншық қонжығымыз шығады.





III Жаңа сабақ. Ой қозғау.


Ойыншық дегеніміз не?

Бұл сұраққа ойыншық деген балалар ойнау үшін жасалған зат деп


айтуға болады.

--Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қонжықты тігу ,мақта салып бекіту


Қалдық матадан жасалатын жұмсақ ойыншықтар балалардың ойнауына


арналады.»Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында»---деген


ойыншық пішу үшін тұтынуға жарамсыз деген киімдерді, мата


қиындыларын қолдануға болады.


20-21 ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең .Әр халықтың


ойыншықтарының өзіндік өрнектері ,әр ұлтқа тән нақыштары болған.


Ойыншықтар балалар әлеміне,тіпті,үлкендер әлеміне тән зат.


Ойыншық ежелден келе жатқан қол өнердің бір түрі.Белгілі бір суретші


Н.Д.Бартрам «Ойыншық -өмір айнасы»-деген .Ерте замандағы ойыншықтың


бір түріне қуыршақ жатады.Ең көне Египет қуыршақтарына 4000 жыл


толыпты.Сол сияқты ежелгі Грек пен Рим де қуыршақтардың көптеген


түрлері табылған.Жұмсақ ойыншықтар көбіне піл, қоян,аю,ит жан-


жануарларды тігуге болады.Қолдан тігілген ойыншық кімді де


қызықтырмай қоймайды.Сондықтан үлгі бойынша қалдық матадан


жұмсақ ойыншық қонжық тігеміз.



Психологиялық дайындық: «Тілек шамы»


Оқушылар шеңбер құрып тұрады,бүгінгі күнге тілек шамды бір-біріне бере


отырып,тілек тілейді.( Денің сау болсын)( Cабағынды беске бітір)



Сарамандық жұмыс:


Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске


түсіріп қайталаймыз.


Инемен қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:



-Инемен тіккенде аузыңа салма,киімге қадама.


-Сынған инені жерге тастама,ешкім зақымдамайтын жерге таста.


-Қайшы өткір болу керек.


-Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп,партамыздың оң жағына қоямыз.


-Қайшыны ұсынар кезде сабымен ұсын.


Қонжықтың бөліктерін тігіп, мақта салып,денесіне біріктіру ,көз, құлақ,


Тұмсығын,аузын бекітіп тігу.


Балалар қандай мақал-мәтелдер білесіңдер ? өнер, еңбек туралы.

.«Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын»

.« Еңбек өмір тұғыры»

. «Өнер білсең өлмейсің »

.» Еңбек ширатады-өмір үйретеді»

.» Еңбектің наны тәтті-жа














Сабақты бекіту:


-Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу үшін қандай мата қажет?


-Пішу барысында матаның қай бетін қолданады?


-Үлгідегі бөлшектерді қалай біріктіреді?


-Жұмсақ ойыншықтардың түрлерін ата ?



DrawObject1

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.01.2021
769
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі