Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қорықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорықтар туралы ақпарат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қорықтар - табиғат қорғаны.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қорықтардың мақсатымен таныстырып, Қазақстанның қорықтарын тереңдетіп оқыту.

Дамытушылық: Жұмбақтар, мақалдар, слайд көрсетілімдерін пайдаланып оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, табиғат заңдылықтарын терең түсініп зерттей білуге баулу.

Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның физикалық картасы, тест тапсырмалары, ұшақ суреті, слайд көрсетілімі.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: конференция, тест.

Сабақтың жоспары:

1. Үй тапсырмасын тексеру.

2. Кіріспе.

3. Тоғыз қорық туралы хабарлама.

4. Танымдық ойындар.

Сабақтың барысы:

1.Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақта Қазақстанның Қызыл кітабы туралы өткенбіз, сол тақырып бойынша оқушылардан тест алынады.

Тест сұрақтары.

1. Сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай-күйін көрсететін құжат.

а) Қызыл кітап в) энциклопедия с) журнал

2. Алғаш рет халықаралық «Қызыл кітап» қай жылы басылып шықты?

а) 1964 ж. в) 1965 ж. с) 1966 ж.

3. Халықаралық табиғат және табиғи ресурстарды қорғау одағы қашан құрылды?

а) 1962 ж. в) 1963 ж. с) 1964 ж.

4. Қызыл кітапқа енген түрлер қандай категорияға бөлінеді?

а) А,С в)А,Б с)Б,С

5. Қазақстанның өсімдіктер тіркелген тұңғыш Қызыл кітабы қашан шықты?

а) 1980 ж. в) 1981 ж. с) 1982 ж.

6. Тұңғыш Қызыл кітапқа өсімдіктердің қанша түрі тіркелген?

а) 306 в) 307 с) 308

7.Тұңғыш Қызыл кітаптағы өсімдіктер.

а) Шренк шыршасы в) Грейг қызғалдағы с) Шренк тобылғысы

Жауаптары: 1а, 2с, 3а, 4в, 5в, 6с, 7авс.

Кіріспе: Еліміздегі табиғат қорғаудың ең басты саласы мемлекеттік қорықтар. Қорық деп барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын арнайы белгіленген аумақты атайды. «Қорық» деген сөздің түбірінің өзі «қор», «қорғау» ұғымдарымен тікелей тамырласып жатыр. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи заңдылықтарын анықтау. Қорықтарда тек ғана ғылыми зерттеу, табиғат қорғауды кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізіледі.Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді. Қазақстанда қазір 9 қорық жұмыс істейді. Біз 9 аялдамамен 9 қорыққа ойша саяхат жасаймыз. Бұл сабақ Эйр-Қазақстан компаниясы ұшағы арқылы жүзеге асырылады.

Стюардесса: Біз ұшаққа отырдық, ременьдеріңізді тағып, ыңғайланып

отырыңыздар. Біз 3000 м биіктікте ұшып келеміз. Бағытымыз-Ақсу-Жабағылы қорығы .

1-оқушы: Ең алғашқы ұйымдастырылған қорық 1926 жылы, ауданы 131934 га. Батыс Тянь – Шянь мен Өгем тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылған. Табиғат байлықтары: өсімдіктердің 1400 түрі, балықтың, бауырмен жорғалаушылардың 9, 200 – ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі бар.

- Қорықтың атасы – Ақсу – Жабағылы.

Қолдайтын ЮНЕСКО да санап ірі

Қорғаштап жарты ғасыр келе жатыр.

Табиғат дейтін аса бағалыны

- Қара арша, балғын арша, сауыр арша

- Жамылған Талас, Өгем, тауы қанша,

Қарақат, Мойыл, бадам мөлдірейді,

Қалампыр, раушан көздің жауын алса.

-Көресің көктен бүркіт, лашынды,

Қорғалар, аю, барыс мұра сынды.

Санатқа еніп сансыз тоғайлар да,

Сан алуан дәрі шөптің сыры ашылды.

- Таутеке саңқ еткенде беріп хабар

Алдыңнан арқар үркіп, елік тарар,

Ойларсың аңға да күн келер ме деп,

Адамға қамқоршы деп сеніп қарар

- Суырдың көгі де жүр,қызылы да

Байқалмай жол мен күннің ұзыны да

Жан дүниең барған сайын баий түсіп

Батарсың табиғаттың қызығына

- Аң құсың, алуан шөбін, аршаларын,

Зерттеуге зер салып жүр қанша ғалым,

Осы жер аза тұтып көрсетті елге,

Атақты динозавр қаңқаларын.

Стюардесса : Ұшақ бортында мақал-мәтелдер сайысы басталады.

- Ер елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі.

- Өлкенің көркі мал болар, өзеннің көркі - тал болар.

- Балық аулай алмаған суды ластайды

- Сулы жер, нулы жер.

- Бір тал кессең, он тал ек.

- Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады

Стюардесса: Келесі бағытымыз Барсакелмес қорығы

2 – ші оқушы : Әйгілі қорық қазір «Барсакелмес»

Құстардан қарсы алады қанша жерме

Ақбөкен, қарақұйрық, құлан, балпақ,

Кәдімгі күн кешеді аңша дербес.

Арал теңізіндегі оңтүстіктен солтүстікке қарай көлбей созылып жатқан шағын аралды қазақтар ежелден Барсакелмес деп атаған. 1830 жылға дейін мұндай аралдың бар-жоғын дүние жүзіндегі ешбір географ білмеген. 1831 жылы орыс ғалымы Левшин осы аралды ашып, картаға түсіреді. Аралдың Барсакелмес деп аталуында өзіндік бір сыр бар. Көне көз қарттардың айтуына қарағанда, ертеде жаугершілік заманның кезінде шапқыншылыққа ұшыраған қазақтардың шағын руы бас сауғалап, қыста осы аралға барып бекінеді. Олар қыстай аң аулап, құс атып қоректенеді. Қардың суын ішіп,сексеуіл жағып тіршілік етеді. Көктем шыға аралдағы ауыз су құрғап, ондағы адамдар мен тірі жәндіктер қырылып қалады. Содан бері жергілікті халық бұл аралды «Барсакелмес деп атап кеткен деседі. Барсакелместің жер көлемі 160826 га. 1939 жылы ұйымдастырылған. Өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, қазір кейбіреулері азайып, жойылу үстінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар : ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында, 9 құлан Түркіменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген еді, қазір олар Іле өзені алабындағы Қапшағай аңшылық шаруашылығына көшірілуде.

Стюардесса: Бекет пен Дананың орындауында С.Сейфулиннің «Ақсақ киік» өлеңін тыңдаңыздар.

Стюардесса: Келесі бағытымыз Қазақстанның оңтүстік батысындағы Үстірт қорығы.

3-оқушы. Маңғыстау өңіріндегі Үстірт жазығының шөлейтті аймағының табиғатын қорғау мақсатында 1984 жылы Үстірт қорығы ұйымдастырылды. Қорық табиғаты ерекше, онда жорғалаушылардың 30 түрі кездеседі, өсімдіктердің 300, құстың 111, сүтқоректілердің 27 түрі бар. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны Жабайы қойдың ерекше түрі – үстірт муфлоны, қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен тіршілік етеді.

Стюардесса: келесі бағытымыз Наурызым қорығы.

4 – оқушы: Құстар мұнда қаншама,

Аңдар мұнда қаншама,

Наурызым қорығы,

Көптен аян баршаға.

1931 жылы Қостанай облысының оңтүстігінде Наурызым ауданындағы далалы аймақтың табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылды. Қарауытқан қарағайлы тоғай, құм шағылдар, шоқ қайыңдар мен дала шөптері – осының бәрі тұтасып Наурызым қорығын құрайды. Қорықта гүлді өсімдіктердің, құстардың, сүт қоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың, балықтар мен қосмекенділердің алуан түрлері кездеседі.

Стюардесса: Келесі бағытымыз Қорғалжын қорығы.

5 – оқушы. Ішінде де көл бар таудың, орманның,

Тың жердегі көлдің тыңы Қорғалжын

Қорғалжында қызық жаз

Көруге жұрт ынтыққан.

Қорғалжында қызыл қаз

Көлді бояп ынтыққан.

Құс базары атанған Қорғалжын қорығы 543171 га. жерді алып жатыр. 1968 жылы құрылған. Оның көп бөлігі көлден тұрады. Көктем мен күз айларында көлдің беті қанаттылардан көрінбей кетеді. Құстардың 315 түрі, балықтың 14 түрі, сүтқоректілердің 41 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар- суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар, үйрек, қаз. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Ол ЮНЕСКО-ң тізіміне ерекше қорғалатын батпақты шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Стюардесса: Қорықта демалып отырып ән айтсақ қайтеді. ән: «Құстар қайтып барады»

Стюардесса: Батыс Алтай қорығына сапар шегіп келеміз.

6-оқушы: Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған. Ауданы 86122 га. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі, яғни, қылқан жапырақты ормандар, субальпі және алпі шалғындары сақталған. Өсімдіктердің 564, құстардың 131, сүтқоректілердің 50, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар және т.б сирек аңдар кездеседі.

Стюардесса: Бағытымыз Марқакөл қорығы.

7-оқушы: Алтайдың алтынжиен Марқакөлі,

Жерінде сұлулықтың жарты әлемі,

Ғажайып түсе қалған періште көл,

Жат көздің сұқтанардай бар себебі.

Алтайдың алтынжиен Марқакөлі,

Құмарым сенен қашан тарқап еді?...

Артыма қарай кеткенімен,

Қасыңда қорықшық боп қалсам еді.

Оңтүстік Алтайдың биік таулы өңірі Марқакөл көлінің табиғатын жан-жақты қорғау мақсатымен 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылды. Қорық жерінде 1000-нан астам өсімдік түрлері, балықтардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың, сүтқоректілер мен құстардың алуан түрлері кездеседі. Сирек кездесетін жануарлардан ілбіс, қоңыр аю, сілеусін, кәмшат, қара дегелек, алтай ұлары, ақбас тырна тағы басқалары тіршілік етеді.

Стюардесса: Ұшақта оқушылар арасында жұмбақтар жасырылады.

1.Ауаға шықса ауырады, су ішінде сауығады. (Балық)

2.Адыраспан түбінде ала тышқан ойнайды (Құйын)

3. Отта шалқиды,суда қалқиды (Ағаш)

4.Бір айдында екі жайын, бірі кетсе бірі дайын.(Су толқыны)

5.Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)

7.Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)

8.Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)

Стюардесса: Енді Алакөл қорығына батысқа қарай ұшамыз.

8-оқушы:Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған, ауданы 65217га. Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан. Алакөлге құйятын өзендердің сағасындағы сулы-батпақты аймақтың табиғаты қорғалады. Құстардың 283 түрі, оның 12-сі «Қызыл кітапқа енген», өсімдіктің 323 түрі, сүтқоректілердің 40 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі бар.

Көк ала үйрек, сұқсыр үйрек, қасқалдақ,

Олар ұшты топ- тобымен аспандап.

Қалбағай мен аққұтан, көкқұтан жүр

Бірқазан жүр құс ішінде баспармақ.

Көлдер көп қой, көбінде құс аз әлі,

Мұнша жанды жадыратпас қаз әні.

Қояндының жәрмеңкесі секілді,

Тарқамасын тамаша құс базары.

Стюардесса: Енді міне 9-қорық Алматыға да жеттік.

9-оқушы: Алматы қорығы 1931 жылы ұйымдастырылды. Ол асқар Алатау аясында орналасқан. Қорықтың қарамағында 71700га. жер бар. Тау беткейлеріне сән беріп тұрған қылқан жапырақты ормандар 2500 метр биіктікте кездеседі. Ормандағы негізгі ағаш түрі: Тянь-Шань шыршасы. Қорық жануарлар дүниесіне бай. Құстардың 200-ден аса, сүтқоректілердің 40 шақты түрі бар.

Барыс пен аю, қасқыр, түлкі, борсық,

Сілеусін жолбарыстар түнде жортып.

Тулаған аққан өзен тасқынындай,

Асаудай ойнақ салар балық шоршып.

Көбейіп арқар, құлжа, жетілді елек

Шетелдік таңданады шетін көріп,

Қорық тұр Алматының іргесінде,

Табиғи зоопаркі секілденіп.

Стюардесса: Табиғат-сен тіршілік тұнып тұрған,

Сен - Күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен - көлсің, сен - ормансың, сен - бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Міне ұшақ қонақтары, 9 қорықты да аралап болып қалдық.

Қорытынды:

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда Қазақстандағы ірі тоғыз қорықты аралап, олардың табиғат қорғаны екеніне көз жеткіздік. Өз елінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын біліп өскен әрбір оқушы табиғат - анаға әр уақытта жанашырлықпен қарайды деп ойлаймын. Енді осы 9 қорықтың атауын жаттап алдық па ? Соны тексеру мақсатында бойсергітерді толтырайық.

Бойсергітер:

қ о р ы қ т а р

Қорықтардың атауын тауып, торкөздерге орналастыру керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12