Ашық сабақ Қосу және азайту - өзара кері амалдар 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қосу және азайту - өзара кері амалдар 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Математика

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 1 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаттары

1.1.2.2 қосу және азайту - өзара кері амалдар екенін түсіну, қосу және азайту амалдары компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолдану

Бағалау критерийлері:

  1. Қосу мен азайту амалы компоненттерінің арасындағы­ өзара байланысты, санды өрнекті шешуді тексеру тәсілдерінің мысалдарын түсінуге жағдай жасау, амалдың белгісіз компоненттерін табу керектігін білу

  2. Қосу және азайту - өзара кері амалдар екенін түсіну

  3. Өзара кері амалдарды күнделікті өмірде кездескенде қолдану

Ойлау деңгейлері:

Білу

Түсіну

Қолдану


Тілдік мақсат:

Оқушыларға өз әрекетін түсіндіру және есептің шешуін айту кезінде математикалық тер­ миндерді­ дұрыс қолдануға көмектесіңіз. Шешуін тексеруге байланысты тапсырмаларды орындауда оқушыларды толық жауап беруге және өз таңдауын­ түсіндіруге уәждеңіз.


Түйінді сөздерді үш тілде айта алу.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Екі-два-two, сан-цифр-number

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті ..... деп ойлайсың?

жақшамен берілген өрнектегі амалдардың орындалу реті қандай?

Қалай ойлайсың, математикада жақшалар не үшін қолданылады?

(12 + 8) – 5 өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

11 + (9 – 3) өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

20 – (10 – 7) өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

18 – (12 + 2) өрнегін оқы және өрнектегі амалдардың орындалу ретін ата.

ишара:

Алдыңғы оқу:

Алдыңғы сабақ

Сандарға амалдар қолдану

Жақшасы бар өрнектегі амалдар реті

Жоспар

Жоспарланғануақытесебі

Жоспарланғанжаттығутүрлері (төмендегіжазбалардыөзіңізжоспарлағанжаттығутүрлеріменауыстырыңыз)

Ресурс-тар (Көрнекілік)

Дерек-көздер

Басы


Шаттық шеңбері


– Балалар, мен сендерді – қыздар мен ұлдарды көргеніме өте қуаныштымын. Сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын. Барлығымыз, қыздар мен ұлдар араласып тұрайық та, бір-бірімізбен амандасайық:


Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!













Ортасы


Тапсырмалар:

Қосу мен азайту — өзара кері арифметикалық амалдар. Қосу мен азайтуды орындау нәтижесін тексеру тәсілдеріне­ келтірген мысалмен оқушылар қосу мен азайту компонеттерінің­ өзара байланысы жөніндегі түсінік­терін­ қорытады. Бұл сабақ — белгісіз саны бар теңдікпен және теңдеумен танысар алдында пропедевтикалық­ сипатқа ие сабақ.

Сабақты қысқы спорт туралы таныстырылым немесе суреттерді көруден бастаңыз. Оқушыларға спортпен шұғылдану адамның дене бітімін ғана емес, ақыл-ой қызметін де дамытатынын айтыңыз. Олардан қысқы спорттың қандай түрімен шұғыл­ данатынын­ сұраңыз. Қандай орындарға баратынын біліңіз. Ол мәліметтерді өрнек түрінде жазуға болатындай ақпарат ретінде қолданыңыз. Мысалы, теннис секциясына 2 қыз, 4 ұл қатысады. Сыныптың неше оқушысы тенниспен шұғылданады? (2 + 4.) Оқушылардан­ қосу (азайту) амалы компоненттерінің қалай аталатынын нақтылаңыз.

Сабақ мақсаты санды өрнектерді құрастыру және жазуды үйрену, олардың шешуін тексеру екенін хабарлаңыз.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға қысқы спорттың­ тағы да қандай түрлерімен шұғылданғысы келетінін топ ішінде талқылауды ұсыныңыз. Алынған мәлімет негізінде оқушылар қосу амалын қолдана отырып, санды өрнектер құрастырумен және жазумен айналысады. Сосын оқушыларға өз жұмыстарынсынып алдына ұсынуды, оны басқа топпен талқылау­­ ды ұйымдастырыңыз. Оқушылардың назарын­ санды өрнектерді­ дұрыс оқуға аударыңыз. Мысалы:

А. 6 адам коньки тебуді ұнатады, ал 7 адам хоккей ойнағысы келеді. Барлығы қанша оқушы мұзайдынға барғысы келеді? 6 + 7 = 13.

Б. 5 қыз таудан шанамен сырғанағанды жақсы көреді, 9 ұл таудан шаңғымен сырғанағанды ұнатады. Барлығы қанша бала таудан сырғанағанды жақсы көреді? 5 + 9 = 14.

Әрбір мысалды кері мысал құрастыра отырып тексеруді сұраңыз. Сөйтіп, қосу мен азайту өзара кері амалдар екеніне көздерін жеткізіңіз. Сабақтың тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалармен бекітіңіз.

0-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;

+”, “–”, “=” таңбалары жазылған парақшалар;


PowerPoint пішіміндегі қысқы спорт түрлері туралы таныстырылым.

Бағалау критерийлері

  1. Қосу мен азайту амалы компоненттерінің арасындағы­ өзара байланысты, санды өрнекті шешуді тексеру тәсілдерінің мысалдарын түсінуге жағдай жасау, амалдың белгісіз компоненттерін табу керектігін білу


Дескриптор:

  1. Қосу мен азайту амалы компоненттерінің арасындағы­ өзара байланысты, санды өрнекті шешуді тексеру тәсілдерінің мысалдарын түсінуге жағдай жасау, амалдың белгісіз компоненттерін табу керектігін біледі

  2. Берілген тапсырмалады орындай алады.

  3. Түйінді сөздерді үш тілде айта алады.




Тапсырмалар:

Спорттық құралдар. Тапсырма қосуға арналған санды өрнекті құрастыру дағдысын дамытуға, өз сөзінде қосу амалы компоненттерінің атауларын қолдануға бағытталған. Оқушыларға оқулықтағы спорт тауарлары бейнеленген суреттерді қарап шығуды­ тапсырыңыз. Олармен қандай да бір құрал-жабдық­тың­ спорттың қай түріне арналғаны жөнінде әңгімелесіңіз.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Берілген сурет бойынша қандай математика­­ лық әңгіме құрастыруға болады?

Берілген суретке қандай санды өрнек сәйкес келеді?

Оқушыларға жұптарда ақылдасып, математика­ лық әңгіменің өзіндік нұсқаларын және сәйкес санды өрнектерді құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылардың жауабын тыңдап алыңыз. Көңіл аударатын негізгі мәселе бұл санды өрнектерді дұрыс оқу және бастапқы мысалға кері мысалдар құрастыру болып табылады.

Жауабы:

мысалы, “Дүкенде қыздарға арналған 5 жұп коньки және ұлдарға арналған 4 жұп коньки сатылды. Дүкенде барлығы неше жұп коньки болған?” 5 + 4 = 9. 5 пен 4 сандарының қосындысы 9-ға тең. Кері мысалдар: 9 – 4 = 5; 9 – 5 = 4”.

Шығарып көр. Берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар талқылау жүргізіп,­ белгісіз санның мәні жөнінде бірлескен қорытынды жасайды. Әр бағандағы мысалда бір спорттық құрал-жабдық бірдей санды білдіреді. Оның мәнін таба отырып оқушылар мысалдардың “төрттігін” құрайды, сөйтіп тәжірибеде қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екенін түсінеді және жаңа материалды бекітеді.

Жауабы:

коньки — 7; шана — 8; шаңғы — 70.

Орындап көр. Тапсырманы жұптық ойын түрінде ұйымдастырыңыз. Ойынның тәртібі оқулықта жазылған. Оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетінде қосу мен азайтуды тексеру дағдыларын­ кері мысалдар құрастыру тәсілі арқылы бекіте алады.

Тапсырманы орындап болған соң сұрақтар арқылы жалпылап қорытындылаңыз:

Қосуға арналған мысалды қай амалмен тексереді?

Азайтуға арналған мысалды қай амалмен тексереді?

Қосу мен азайту амалдары жөнінде не айта аласың?



Бағалау критерийлері:

  1. Қосу және азайту - өзара кері амалдар екенін түсіну


Дескриптор:

  1. Қосу және азайту - өзара кері амалдар екенін түсініп, анықтап жаза алады

  2. Мысалдар келтіріп, тапсырмаларды орындай алады

  3. Түйінді сөздерді үш тілде айта алады




Сергіту сәті:

Оқушылар көздерін жұмып, әуенді тыңдау арқылы табиғатқа серуен жасайды.



Тыныштық сәті

«Орманға саяхат»




Тапсырмалар. Жұмыс дәптермен жұмыс

Кестені толтыр. Берілген тапсырма сабақтың тақырыбын бекітуге және саралап оқытуды дамытуға­ бағытталған. Пазлдың төрттігіне оқушылар берілген теңдікке кері мысал және қосудың ауыстырымдылық­ қасиеті негізінде бір жаңа мысал құрастырады. Оны

түсіну үшін орындау үлгісі берілген: 30 + 10 = 40 10 + 30 = 40 40 – 30 = 10 40 – 10 = 30

Жауабы:

40; 100; 19; 10; 20; 18.




Бағалау критерийлері:

  1. Өзара кері амалдарды күнделікті өмірде кездескенде қолдану

Дескриптор:

  1. Өрнектердің мәнін тауып, өзара кері амалдарды есептеп шығараалады

  2. Тапсырмаларды күнделікті өмірмен байланыстырып, орындай алады

  3. Түйінді сөздерді үш тілде айта алады




Соңы


Бағалау

  1. «Бағдаршам» әдісі

  2. Мадақтау сөздер арқылы «Жарайсың, жақсы, әттеген-ай»


Кері байланыс

«Тілек шамы»

Әр оқушы бір-біріне «Тілек шамын» беру арқылы өз отбасына тілектерін айтады.



Қосымшамəліметтероқулықтан тыс










Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қосудың компоненттері қалай аталады? (Қосылғыш, қосылғыш, қосынды.)

Азайтудың компоненттері қалай аталады? (Азайғыш, азайтқыш, айырма.)

Қосу амалын орындағанда санды өрнектің мәнін табу деген не? (Қосындының мәнін табу.)

Қосуға арналған мысалдың дұрыс орындалға­ нын қай амалмен тексереді? (Азайту амалымен.)

Азайтуға арналған мысалдың дұрыс орындал­­ ғанын қай амалмен тексереді? (Қосумен.)

Есте сақтау қабілетін дамыту үшін “+”, “–”, “=” таңбалары, сандар және санды өрнектер жазыл­ ған парақшалар дайындаңыз. Интерактивті тақтаны­ қолдануға болады. Парақшаларды тақтаға іліңіз.

Мысалы: 5; “+”; 8 – 7; 3; “=”; 6 + 4. Оқушыларға есте­ сақтап қалуы үшін 20—30 секунд уақыт беріңіз­. Одан соң парақшаларды жауып қойып, қағазға­ тек санды өрнектерді жазуды сұраңыз. Тексеріп­ шығыңыз. Оқушылардан өздері жазған санды өрнектерді оқып шығып, олардың мәнін табуды­ өтініңіз. Соңынан өз шешуін тексеруді тапсырыңыз.


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?







Геометриялық фигуралар арқылы бағалау




Пəнаралық байланыс –

Өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.


Құндылықтарменбайланыс

(тəрбиеэлементі).















Рефлексия

Сабақтың мақсатымен оқу міндеттеріорындалды ма?

Бүгін оқушыларне үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейдеөтті?

Жоспарланғансаралаужақсыіскеастыма?

(тапсырмаларсəйкесболдыма?)

Уақыттықалайпайдаландым?

Жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжəненеге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Солжақтаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды.

Бүгін оқушылар Өзара кері амалдар туралы толық мағлұмат алды.

Сабақ оқушыларға қызықты, жақсы деңгейде өтті.

Жоспарланғансаралаужақсыіскеасты. Тапсырмалар сәйкес болды.

Уақытты тиімді пайдаландым.





Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз;

  1. Әр топқа берілген тапсырмалар оқушыларға қызық болды

  2. Тапсырмаларымды интерактивті тақтадан көрсете алдым

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалы тигізер еді?

  1. Егер мен сабағымда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланғанымда сабағым жақсы болатын еді

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2019
2075
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі