Материалдар / Ашық сабақ "Қоян мен бауырсақтың кездесуі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қоян мен бауырсақтың кездесуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегілер әлеміне саяхат. Педагог сиқыршы кейпіне еніп, балаларды ертегілер әлеміне саяхат жасауға шақырды. – Ертегілер әлеміне жылдам жетуіміз үшін қандай көлік түрлерін пайдалансақ болады? –Өздерің теледидардан көрген ертегілерде қандай ұшатын құрал түрлерін көрдіңдер? Олардың бірі – ұшқыш кілем, ол өз бөлмемізде де бар.Кәне, бәріміз осы кілемге жайғасып, көзімізді жұмып, «Ертегілер» әні әуенімен саяхатымызды бастаймыз. Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
392
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепалды даярлық сынып. Ұйымдастырылған оқу қызметі.

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы: Қоян бауырсақты кездестірді.

Мақсаты: ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін мүсіндеуге және кеңістіктедұрыс орналастыра білуге үйрету.

Міндеттері:

білімдік: балаларды елестету арқылы таныс бейненің мүсінін жасау іскерліктерін жетілдіру;

дамытушылық: балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту; тәрбиелік: әсемдікті сезіне білуге, сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: бауырсақ, қоян.

Көптілділік: қоян – заяц –hare, бауырсақ – колобок –doughnut, ертегі – сказка –fairy-tale, қорап – коробка –box, кілем – ковер –carpets.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Ертегілер әлеміне саяхат. Педагог сиқыршы кейпіне еніп, балаларды ертегілер әлеміне саяхат жасауға шақырды. – Ертегілер әлеміне жылдам жетуіміз үшін қандай көлік түрлерін пайдалансақ болады? –Өздерің теледидардан көрген ертегілерде қандай ұшатын құрал түрлерін көрдіңдер? Олардың бірі – ұшқыш кілем, ол өз бөлмемізде де бар.Кәне, бәріміз осы кілемге жайғасып, көзімізді жұмып, «Ертегілер» әні әуенімен саяхатымызды бастаймыз. Интербелсенді тақтамен жұмыс.

1 слайд. Үстел үстіне сиқырлы қорапша қойылады. Педагог балалардың назарын қорап ішіндегі затқа аударады.Балалардан бұл қай ертегі кейіпкерлері екенін сұрайды.

2.Негізгі кезең. – Біз осы ертегі кейіпкерлерін мүсіндейміз. Тапсырма: ертегі желісі бойынша қоянның бауырсақты кездестіргенін мүсіндеп шығып, дәптеріміздегі жол жиегіне орналастырамыз. – Қоянның дене бөліктерін анықтайық (денесі, басы, төрт аяғы, құйрығы, құлағы). Педагог осы өлшемдерге сай ермексаз бөліктерін дайындап, жасалу жолын түсіндіріп көрсетеді.

1.Ермексазды алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіреміз. Бұл– денесі болады. Арқасын дөңестеу жасаймыз.

2. Кескіштің көмегімен денесінен аяқтарын шығарамыз. Қолымызды сулап, шымшып тегістейміз.

3. Бас бөлігін жасау үшін ермексазды алақан арасына салып домалақтап, созу арқылы тұмсығын келтіріп, денесіне біріктіреміз.Қоянның құлағын, құйрығын педагогтің көмегімен жасап, жапсырады.

Сөздік жұмыс: бауырсақ, қоян.

Көптілділік: қоян – заяц –hare, бауырсақ – колобок –doughnut, ертегі – 26 сказка –fairy-tale, қорап – коробка –box, кілем – ковер –carpets.

Сергіту сәті. Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы- қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді. (Т. Бердияров)

Бауырсақтың жасалу жолы. Бауырсақ бір ғана бөліктен тұрады. Сары түсті ермексазды алақан арасына салып, домалақ пішінге келтіреміз, сәл қысамыз. Енді бауырсақтың бет бейнесін келтіреміз (көздері, мұрны, аузы). Балалар, бүгін біз сендермен ертегілер әлемінде қонақта болып, қоян мен бауырсақты мүсіндедік. Қандай тамаша! Енді жұмыс дәптерде көрсетілген жол жиегіне ертегі желісі бойынша кейіпкерлерді орналастырайық.

3.Рефлексия. Педагог оқу қызметін қорытындылап,балалардың еңбегін мадақтайды. Балалармен бірге дайын жұмыс үлгілерін талдайды. Ата-аналарға арналған көрме ұйымдастыру.



















Сабақ талдау

Күні: 15.11.21 Сыныбы: МАД Барлық оқушы саны :2 Сабаққа қатысқаны: 1

Сабақтың тақырыбы: Қоян бауырсақты кездестірді.

Сабақтың мақсаты: Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін мүсіндеуге және кеңістіктедұрыс орналастыра білуге үйрету.

Пәні: Мүсіндеу

1 .Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді? Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

2 .Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма? Саяхат сабағы. Сабақта ертегілер еліне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту.

3. Сабақта қандай міндеттер алға қойылды? А) білімділік Ә) дамытушылық Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды? А) ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу; Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту; Б) Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

4. Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды? Ертегілер еліне саяхат жасай отырып оқушыларды ертегіні біледі, жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім.

5. Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма? Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.

6.Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру. «Ертегілер» әні мен Қоян туралы сергіту сәті (Т. Бердияров) балалардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.

7 .Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен? Ертегіге саяхат жасай отырып, ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға жеке тапсырма берілді, себебі саяхатқа ілесу үшін үлестірмелі арнайы карточка таратылды.

8. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру) Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс орындай беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.

9 .Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен? Сабақ ертегілер еліне саяхат жасау болғандықтан “Ертегілер” деген өлеңі тыңдалды.

10 .Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты. Сабақ барысында шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту; тәрбиелік: әсемдікті сезіне білуге, сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету басшылыққа алынды.

11. Үй тапсырмасын беру Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, өздері ұнатқан ертегі кейіпкерін мүсіндеп келу.

12 Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.

13. Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме? Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!