Білім саласы:Коммуникация
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қоянның үйшігі.
Мақсаты: Әр түрлі театрлар арқылы балаға ертегіні әңгімелеуге үйрету. Ұсақ қол моторикаларын дамыту сөздік қорларын байыту. Әсемдікке, сұлулыққа қамқорлыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң ,қайырлы күн.
Бәріміз күндей жарқырай,
Бәріміз дос болайық.
Ертегіні сахналау:
Ертегі рөлінде ойнағандар:
Түлкі - Нұрай
Қоян – Абылай
Иттер – Амирлан,Бекзат
Аю – Ердаулет
Әтеш – Марғұлан
Қоянның үйшігі.
Жүргізуші: Орманда түлкі мен қоян өмір сүреді.Түлкінің мұздан жасалған үйшігі,ал қоянның ағаштан жасалған үйшігі болыпты.
Көктем келіп,күн жылынып түлкінің үйшігі еріп кетіпті.Тонған түлкі қоянға келіп жылынып алуын өтінеді.
-Түлкі:-Қоян,қоян мен үйіңе кіріп жылынып алайын депті.
-Жүргізуші: Аңқау қоян түлкіні аяп үйіне кіргізеді.Жылынып алған түлкі қоянды үйінен қуып жібереді.Қоян байғұс жылап орман ішінде келе жатса алдынан ит кездеседі.
-Ит: -Қоян, қоян не болды неге жылайсың деді.
-Қоян:-Жыламай қайтейін ,түлкінің мұз үйшігі еріп кетіп менің үйімді тартып алып қуып жіберді -деп жылады.
-Ит:-Жылама мен ол оңбағанды қуып жиберем деді.
-Жүргізуші: Ит пен қоян үйшіктің жанына келіп.
-Ит: -Түлкі ,түлкі шық қане қоянның үйшігін босат ауф-ауф-деп үрді.
-Түлкі: аха қазір шықсам жаман болады,быт-шытыңды шығарам деді.
-Жүргізуші: Бұл сөзді естіген ит орманға қарай қаша жөнелді.Қоян байғұс жылай жылай орманда келе жатса алдынан қорбаңдаған аю кездесті.
-Аю : Қоян ,қоян неге жылайсың деді.
-Қоян :Қалай жыламайын түлкінің мұз үйшігі еріп кетіп менің ағаш үйшігімді тартып алды деп жылады.
-Аю: Жылама мен саған көмектесемін ,қазір мен оны қуып шығамын деді.
-Жүргізуші: Екеуі қоянның үйшігінің алдына келіп.
-Аю: Түлкі,шық үйшіктен босат деп айқайлады.
-Түлкі: Шықпаймын шықсам саған жаман болады деп керілді.
-Жүргізуші: Аю үрейі ұшып орманға қаша жөнелді.Амалы құрыған қоян орман ішіндегі бөрене үстінде жылап отырса,қасына қолында шалғысы бар әтеш келіп.
-Әтеш: Ку-ка-ре-ку қоян неге жылайсың деді.
-Қоян : қалай жыламайын менің ағаш үйшігімді түлкі тартып алды ,өзінің мұз үйшігі еріп кетіп деп ағыл –тегіл жылады.
-Әтеш: Жылама мен саған көмектесем,қазір қуып шығамын деді.
-Қоян: Жоқ сен оны қуа алмайсың ит келген қорқып қашып кетті,аю келген олда қорқып қашып кетті деп ағыл- тегіл жылады.
-Әтеш: жоқ қазір қуып шығамын деді.
-Жүргізуші: Әтеш қоянды ертіп үйшіктің қасына келіп айқайлады.
-Әтеш: Ку-ка-ре-ку қолымда шалғым бар шалғынды шабамын, түлкі қоянның үйін босатпаса оныда шабамын деп айқайлады.
-Жүргізуші: Бұл сөзді естіген түлкі жаны шығып ,қазір,қазір шығамын деді.
-Әтеш: Ку-ка-ре-ку қолымада шалғым бар шалғынды шабамын,түлкі қоянның үйінен шықпаса оны да шабамын деп айқайлады.
-Түлкі: Қазір,қазір киініп жатырмын деді.
-Әтеш: Қолымда шалғым бар шалғынды шабамын түлкі қоянның үйінен шықпаса оны да шабамын деп айқайлады.
-Жүргізуші: Осы кезде түлкі үйшіктен шығып орманға қарай қаша жөнеледі.Қуанған қоян ержүрек әтешке үлкен рахметін айтып,екеуі қоянның үйшігінде бақытты достық өмір сүреді.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдай алады: Ертегінің мазмұнын түсініп, әр кейіпкерді сомдауға арналған тапсырманы.
Түсінеді: Ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керек екендігін.
Қолдана алады: Тәрбиешінің сұрақтары бойынша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.
Мұқатайқызы Гаухар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Қоянның үйшігі"
Ашық сабақ "Қоянның үйшігі"
Білім саласы:Коммуникация
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қоянның үйшігі.
Мақсаты: Әр түрлі театрлар арқылы балаға ертегіні әңгімелеуге үйрету. Ұсақ қол моторикаларын дамыту сөздік қорларын байыту. Әсемдікке, сұлулыққа қамқорлыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң ,қайырлы күн.
Бәріміз күндей жарқырай,
Бәріміз дос болайық.
Ертегіні сахналау:
Ертегі рөлінде ойнағандар:
Түлкі - Нұрай
Қоян – Абылай
Иттер – Амирлан,Бекзат
Аю – Ердаулет
Әтеш – Марғұлан
Қоянның үйшігі.
Жүргізуші: Орманда түлкі мен қоян өмір сүреді.Түлкінің мұздан жасалған үйшігі,ал қоянның ағаштан жасалған үйшігі болыпты.
Көктем келіп,күн жылынып түлкінің үйшігі еріп кетіпті.Тонған түлкі қоянға келіп жылынып алуын өтінеді.
-Түлкі:-Қоян,қоян мен үйіңе кіріп жылынып алайын депті.
-Жүргізуші: Аңқау қоян түлкіні аяп үйіне кіргізеді.Жылынып алған түлкі қоянды үйінен қуып жібереді.Қоян байғұс жылап орман ішінде келе жатса алдынан ит кездеседі.
-Ит: -Қоян, қоян не болды неге жылайсың деді.
-Қоян:-Жыламай қайтейін ,түлкінің мұз үйшігі еріп кетіп менің үйімді тартып алып қуып жіберді -деп жылады.
-Ит:-Жылама мен ол оңбағанды қуып жиберем деді.
-Жүргізуші: Ит пен қоян үйшіктің жанына келіп.
-Ит: -Түлкі ,түлкі шық қане қоянның үйшігін босат ауф-ауф-деп үрді.
-Түлкі: аха қазір шықсам жаман болады,быт-шытыңды шығарам деді.
-Жүргізуші: Бұл сөзді естіген ит орманға қарай қаша жөнелді.Қоян байғұс жылай жылай орманда келе жатса алдынан қорбаңдаған аю кездесті.
-Аю : Қоян ,қоян неге жылайсың деді.
-Қоян :Қалай жыламайын түлкінің мұз үйшігі еріп кетіп менің ағаш үйшігімді тартып алды деп жылады.
-Аю: Жылама мен саған көмектесемін ,қазір мен оны қуып шығамын деді.
-Жүргізуші: Екеуі қоянның үйшігінің алдына келіп.
-Аю: Түлкі,шық үйшіктен босат деп айқайлады.
-Түлкі: Шықпаймын шықсам саған жаман болады деп керілді.
-Жүргізуші: Аю үрейі ұшып орманға қаша жөнелді.Амалы құрыған қоян орман ішіндегі бөрене үстінде жылап отырса,қасына қолында шалғысы бар әтеш келіп.
-Әтеш: Ку-ка-ре-ку қоян неге жылайсың деді.
-Қоян : қалай жыламайын менің ағаш үйшігімді түлкі тартып алды ,өзінің мұз үйшігі еріп кетіп деп ағыл –тегіл жылады.
-Әтеш: Жылама мен саған көмектесем,қазір қуып шығамын деді.
-Қоян: Жоқ сен оны қуа алмайсың ит келген қорқып қашып кетті,аю келген олда қорқып қашып кетті деп ағыл- тегіл жылады.
-Әтеш: жоқ қазір қуып шығамын деді.
-Жүргізуші: Әтеш қоянды ертіп үйшіктің қасына келіп айқайлады.
-Әтеш: Ку-ка-ре-ку қолымда шалғым бар шалғынды шабамын, түлкі қоянның үйін босатпаса оныда шабамын деп айқайлады.
-Жүргізуші: Бұл сөзді естіген түлкі жаны шығып ,қазір,қазір шығамын деді.
-Әтеш: Ку-ка-ре-ку қолымада шалғым бар шалғынды шабамын,түлкі қоянның үйінен шықпаса оны да шабамын деп айқайлады.
-Түлкі: Қазір,қазір киініп жатырмын деді.
-Әтеш: Қолымда шалғым бар шалғынды шабамын түлкі қоянның үйінен шықпаса оны да шабамын деп айқайлады.
-Жүргізуші: Осы кезде түлкі үйшіктен шығып орманға қарай қаша жөнеледі.Қуанған қоян ержүрек әтешке үлкен рахметін айтып,екеуі қоянның үйшігінде бақытты достық өмір сүреді.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдай алады: Ертегінің мазмұнын түсініп, әр кейіпкерді сомдауға арналған тапсырманы.
Түсінеді: Ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керек екендігін.
Қолдана алады: Тәрбиешінің сұрақтары бойынша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.
Мұқатайқызы Гаухар
шағым қалдыра аласыз













