Материалдар / Ашық сабақ Қозғалыс дегеніміз не? 1 сынып

Ашық сабақ Қозғалыс дегеніміз не? 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар орындай алады: -Қозғалыс дегеніміз дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы екенін біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: - Ойыншық мәшинелермен тәжірибелер жүргізеді. Кейбір оқушылар орындай алады: - мәшинелердің көлемі олардың жүріп өткен қашықтығына байланысты екенін түсінеді.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақ жоспары

Сабақ: Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс дегеніміз не?

Мектеп: Рудный қаласы әкімдігінің

«№7 мектеп-гимназиясы» КММ

Күні: 06.12.16.

Оқытушының аты-жөні: Нурмакова А.А.

Сынып:1 «Ә»

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.5.1.1 әртүрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіру;

1.5.1.2 қозғалыстың табиғатағы және адам өміріндегі маңызын анықтау:

1.1.2.2 жасаған тәжірибесін түсіндіру.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Денелердің қозғалысын сипаттап айтады.

  • Қозғалысқа түсетін денелерге мысалдар келтіреді.

  • суреттегі денелердің қозғалысын сипаттайды;

  • қозғалысқа түсетін денелерге мысал келтіреді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

-Қозғалыс дегеніміз дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы екенін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- Ойыншық мәшинелермен тәжірибелер жүргізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

- мәшинелердің көлемі олардың жүріп өткен қашықтығына байланысты екенін түсінеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: «Бұны не қозғалтады? Мен бұны

қалай жылдамдата / ақырындата немесе тоқтата аламын?», т.б. сұрақтар қойып және жауап бере алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

  • қозғалу, итеру, тарту,

  • жылдамдату,

  • бәсеңдету/жайлату, бағытты өзгерту, тоқтату

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:
Адамдар мен жануарлар қалай қозғалады?

  • Жансыз денелер қозғалуы үшін не істеу керек?

  • Ойыншық мәшине қалай қозғалады?

  • Арба қалай қозғалады?

  • Шана қалай қозғалады?

Ширату жаттығуы

Әр жанды заттың қимылын көрсету. (адам, жануар, құс, өсімдік т.б.)

Алдыңғы білім

- Күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіне біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

Ресурстар

Басы

5 мин


















Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, жалпы жан- жақты дайындығын тексеру. Сабаққа назарын аудару.

Психологиялық дайындық:

Армысың, Алтын күн!

Армысың, Алтын жыр!

Армысың, Көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым!

-Оқушылар бірнеше минут терезенің арғы жағындағы қозғалыстағы заттарды бақылайықшы. (таймер қою)

-Оқушылар терезенің арғы жағындағы қандай нысандар қозғалды? Олар қалай қозғалды? Жанды ағзаларға тән белгілерді тізіп атаңдаршы? Сонда адамдар, жануарлар, өсімдіктер де қозғалады. Бірақ олардың қозғалысы әртүрлі болады. Жансыз заттар қозғалады ма? Яғни оқушылар сонымен біз қандай сөзді қайта-қайта айттық?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Қозғалыс дегеніміз не?






Шеңбер құру






Қимылдар жасау




Ортасы

20-25 мин


  1. Ажырат.

Адамдар мен жануарлар қалай қозғалады? (жүгіреді, секіреді, жүреді, бауырымен жорғалайды) жансыз денелер қозғалуы үшін не істеу керек? (итеру немесе тарту керек). Суреттегі денелердің қайсысы өздігінен қозғала алады? (негеш пен мысық жанды ағзалар). Ойыншық мәшине қалай қозғалады? (оны итеру керек). Арба қалай қозғалады? (итеру немесе тарту керек). Шана қалай қозғалады? (Тарту керек).

2.Зерттейік

Сыныпты топқа бөлу.

Әр топқа көлбеу төбешік әзірлеу керек.

Нұсқау.

  • Ағаштан төбешік жасау керек.

  • Стикер жолағының көмегімен төбешік төбесіндегі бастапты нүктені белгілеу.

  • Мәшинені бастапқы нүктеге қою.

  • Мәшинені итеру.

  • Стикердің келесі жолағымен мәшиненің тоқтаған жерін белгілеу.

  • Мәшиненің бір стикерден екінші стикерге дейін жүріп өткен жолын сызғышпен өлшеу.

  • Дәптерге нәтижесін жазу.

  • Стикер жолағымен жолдың ортасын белгілеу.

  • Мәшинені жаңа санақ нүктесіне қою.

  • Енді мәшинені итеру.

  • Стикер жолағының басқа түсімен мәшиненің тоқтаған жерін белгілеу.

  • Сызғышпен жүрген жолын өлшеу.

  • Нәтижесін жазу.

Сонда оқушылар мәшине жоғары жақта болды, қозғала бастады, төменге келіп тоқтады. Нәтиже: қозғалып келе жатқан мәшине өзінің орнын өзгертті.

3.Сергіту сәті. «Қызыл гүлім-ай» бейнероликтегі қимылды қайталау.

4. Өлше.

Зерттеу кезінде Ахметтің және оқушылардың мәшинелердің жүріп өткен қашықтығын салыстыру. Нәтижені жазу. Кімнің мәшинесі ең ұзақ қашықтыққа жүрді?

5. Ойлан. Негештің және оқушылардың мәшинелерінің мөлшеріне назар аударайықшы. Егер төбешіктен үлкен жүк мәшинесі мен жеңіл мәшинені бір мезетте жіберсе, қайсысы ұзақ қашықтыққа жүреді? Нәтиже: Мәшине неғұрлым ауыр болса, соғұрлым ұзағырақ жүріп барып тоқтайды.

6.Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

1-тапсырма

Суреттегі денелер қалай қозғалады? Тағы қандай денелер қозғалысқа түседі? Екі-үш мысал келтіріңіз.

2-тапсырма

Берілген суреттерді қиып алыңыз. Оларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа желімдеңіз.


Сурет























Кітаптар, сызғыш, мәшине сантиметрлік тұспа














Бейнеролик















Суреттер




Соңы

7 мин






Жаңа сабақты қорытындылау.

Дәптер -29 бет. Жүк және жеңіл мәшинелері.

Бағалау:

Барлық оқушы өздерін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.Picture 4

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.





Оқушылар басбармақтарын көрсетеді


Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-

Денсаулық және қауіпсіздік.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Саралау, оқыту өз бетінше тапсырмалар орындау кезінде мұғалім қолдауының алмасуы арқылы іске асады.

-Қозғалыс дегеніміз не?


Математика пәнімен пәнаралық байланыс бар. Презентация қолданылады, Интерактивті тақтаны 20 - 25 минуттан артық қолдануға болмайды.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе

жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1:

2:

1-тапсырма

С уреттегі денелер қалай қозғалады? Тағы қандай денелер қозғалысқа түседі? Екі-үш мысал келтіріңіз.









2-тапсырма

Берілген суреттерді қиып алыңыз. Оларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа желімдеңіз.








ӨРМЕЛЕЙДІ СЕКІРЕДІ

Shape1

ҰШАДЫ ЖҮГІРЕДІ

Shape2

ШАБАДЫ ЖҮЗЕДІ

Shape3



1-тапсырма

С уреттегі денелер қалай қозғалады? Тағы қандай денелер қозғалысқа түседі? Екі-үш мысал келтіріңіз.









2-тапсырма

Берілген суреттерді қиып алыңыз. Оларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа желімдеңіз.








ӨРМЕЛЕЙДІ СЕКІРЕДІ

Shape4

ҰШАДЫ ЖҮГІРЕДІ

Shape5

ШАБАДЫ ЖҮЗЕДІ


Shape6





21 Желтоқсан 2017
847
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі