Ашық сабақ "Қозғалыс және күш деген не?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қозғалыс және күш деген не?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясы







Оқу қызметі Жаратылыстану

Тақырыбы Қозғалыс және күш деген не?

























Мектепалды даярлық «А» сыныбы

Педагог Малимова С.









Тақырыбы: Қозғалыс және күш деген не?

Сабақтың оқытылу мақсаты

0.3.1.1. Қозғалмалы және қозғалыссыз денелерді ажырату.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

  • қозғалыс ұғымын түсіндіре алады;

  • денелердің қозғалысына мысал келтіре алады;

  • күш туралы түсінік бере алады.

Көпшілік балалар:

  • қозғалысқа не келтіретінін түсіндіре алады;

  • адам және жанды организмдер өміріндегі қозғалыс маңыздылығын дәлелдей алады.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

Болжамдар айту және оларды сөйлемде дұрыс қолдану; белгілі бір сұрақтарды ашу және түсіндіру; сөздікті өзектендіру.

Көптілдік: қозғалыс – движение – motion


Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қозғалыс, физикалық құбылыс, күш.

Сабақ барысында сөйлесу/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқыланатын сұрақтар.

Билеп, жүгіріп, секіріп, ойнап жүрген балаларды не біріктіреді? Заттардың кеңістіктегі орындарын не өзгертеді?

Адам үшін қозғалыс неге соншалықты маңызды?

Өткен сабақтардан алған білім

Барлық заттардың орнын ауыстыруы мүмкін екендігі туралы негізгі білімдер; доппен ойнау, ойыншық машинаны жүргізу. Шынықтырылған физикалық дағдылар мен білімдер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.


0-2 мин.

(Ұ) жұптық эстафета «допты беру»?

Мақсаты: Жылдам қозғалып, допты дәл қолға беруге, шапшаңдыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар: доптар, топтардың санына байланысты.

Ойын барысы:

Ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы жұп-жұбымен тұрады. Бір ойыншыда доп. Ойыншылар жүгіріп келе жатып, бір-біріне допты беріп отыруы тиіс. Эстафеталық ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз атанады.


Әуен ойнатқыш

ІІ.Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.


2-5 мин

(Ұ) Балалардан қандай әрекет жасағанын сұрау. (Жаттығулар орындады, қозғалды). Айналамызда тағы не қозғалады? (Балалардың болжамдары тыңдалады). Қозғалыс деген не? Бұл сабақтың тақырыбы. Біз бұл туралы не білеміз? Қозғалыс деген не және адамдардың өмірінде оның рөлі қандай ... Ойланайық...

...қозғалыс – заттардың орнын ауыстыруы.

... күш – бір дененің екінші денеге әрекет етуі...... қозғалыс пен күш жанды табиғат әлемінде үлкен рөл атқарады деп ойласақ?


Сабақтың ортасы

ІІІ.Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс

6-28/ мин.

(Ұ) Өзекті сұрақтар.

Ойланыңдар, қозғалмалы және қозғалыссыз денелерге не жатады? Неге қозғалмалы және қозғалыссыз денелер деп аталған. Неге барлық денелер қозғалмайды? Күш дегеніміз не?

(ПТ) Балалар, жаңа білім алудың тағы бір қызықты әрі қолжетімді тәсілі - бақылау. Адамның қоршаған ортаны танып білуге ұмтылуы көптеген құрылғыларды ойлап тапты. Бақылауды көптеген құрылғылар көмегімен жүргізуге болады. Қарапайым лупалар ұсақ нысандарды көруге арналған құрылғы. Микраскоп – көзге көрінбейтін нысандарды бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құрылғы.

(Т,Ө) Кіші топтарда жұмыс жасау: Балалардың 3 топқа бөлінулерін ұсынады – «адамдар», «құстар», «балықтар». Дайындалған карточкаларда әр топ аттарының бейнелері салынған (адамдар, құстар және балықтар), алайда олардың қозғалыс жасайтын маңызды мүшелері жоқ. Балалар топта олардың ненің көмегімен қозғалатынын талқылап, олардың суретін қосып салуы керек (аяқтар, қанаттар, жүзбе қанаттар).

Презентация, қорытындылар.

  • Тірі организмдер қандай дене

мүшелерімен қозғалады? Аяқтары, қанаттары, жүзбе қанаттары көмегімен.

  • Көлік түрлерінің қозғалысына не көмектеседі? Дөңгелектер, қанаттар.

  • Сендер қандай қозғалыс түрлерін

пайдаланасыңдар? Жүру, жүгіру, секіру және сырғу. Ал олар қозғалу үшін күш қажет. Егер күш болмаса, онда қозғалу мүмкін емес.

(Ұ)Өзекті жағдай.

Қозғалыстың көлік түрлеріне қандай пайдасы бар? (Баратын жерге тез жеткізеді және т.б.). жанды табиғат әлеміне ше? (көбейеді, өседі...).

(Ұ) Ал адам не істей алады? (Балалардың болжамдары)

Адам табиғатынан қозғалысқа икемделген. Сондықтан біз кеңістікте орын ауыстырамыз, жүгіреміз, адымдаймыз, секіреміз, еңбектейміз. Оның барлығын қозғалыс аппараты қамтамасыз етеді. Қозғалыс жасауға күш қажет.

(Ұ) Сергіту сәті.

Күнделікті жаттығулар кешенін ұсынады. Әліппе – дәптермен жұмыс.

(1-2-3- тапсырмалар).


«Кім күшті» мультфильмінен үзінді.













Көрнекі құралдар





















Мультимедиялық презентеция










Әуен ойнатқыш


Әліппе-дәптер

Сабақтың соңы


ІV. Сабақтың қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Балалардан бүгін қандай физикалық құбылыстар түрлерін өткенін сұрау. Қозғалмалы және қозғалыссыз денелер туралы не білесіңдер? Күш туралы не айта аласыңдар?

Педагог балалардан жұмыстарын бағалауды сұрайды, ол үшін мәшинені кез келген түсті қарындаштармен бояу керек:

1-деңгей - ештеңе түсінген жоқсын.

2-деңгей - түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

3-деңгей – барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі - түсті қарындаштар





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2018
3536
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі