Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құстар әні" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: әдебиеттік оқу

Мектеп: «АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БУРАБАЙ КЕНТІНІҢ СӘКЕН СЕЙФУЛЛНИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тыңдалым, айтылым, жазылым.

Ортақ тақырып:

«Қоршаған ортаны қорғау».

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есимова Маржан Орымбаевна

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

Құстар әні

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

4.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді қолдану.

4.2.1.1 Шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу.

4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең жазу.

Сабақ мақсаттары



Мәтіннің мазмұнын түсініп, әңгімелеу;

Мәтінді бөліктерге бөліп, шығарманы дауыстап, түсініп, шапшаң оқу;

Өз ойларын еркін жеткізіп, ашық сұрақтарға жауап беру;

Бағалау критерийлері

-мәтінді түсініп оқиды;

-мәтіннен түсінгенін өз сөзімен айтады;

-шығармашылық жұмыстар жасайды;

-тақырып бойынша бес жолды өлең құрастырады;

-нақыл сөздерді қолданады;

Тілдік мақсат


Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

Құстар легі (бірінен соң бірі сап түзеп ұшу), үйір (бірнеше құстың топ болып жиналуы), тізбектеліп ұшу (тізбек құрап ұшу)

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

Қоңыр күз, құстар легі, ұзақ қарғалар, құстардың жолбасшысы, ауаны жару

Талқыланатын сұрақтар:

1. Құстардың жылы жаққа ұшуынан қандай жаңалық білдің?
​2. Аспандағы ауа қабатының кедергісін құстар қалай жеңеді?
3. ​​Қалай ойлайсыңдар, өздерің тұрған жерде қыстап қалған құстарға қандай көмек керек?

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Құстардың тіршілігі және түрлері туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.


Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

І. Шаттық шеңбері

(Ұ) «Жақсы қасиетін тап» ойыны. Сынып оқушылары шаттық шеңберіне тұрады. Өз сыныптасының есімі жазылған қиықша қағаздары таратылады. Сол бойынша өз сыныптасының бойындағы үш жақсы қасиеттерді айтуы керек.


Топтарға бөлу

Оқушылар құстардың аты жазылған қима қағаздарды алады және сол бойынша 3 топқа бөлінеді.

1-топ: «Жыл құстары»

2-топ: «Үй құстары»

3-топ: «Жыртқыш құстар»

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

4 мин

















5 мин



















5 мин











5 мин























2 мин

6 мин























5 мин










Тыңдалым, айтылым

Аудиодискіден құстар дауысын тыңдайды.

«Ширату»

(Ұ) – Балалар, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Мен сендерге қазір құстардың дауысы жазылған аудиожазбаларды тыңдатамын. Сендер мұқият тыңдау арқылы оны қандай құстың дауысы екенін айтуларың керек. (бүркіт, шағала, қарлығаш, тырна, қаз, үйректің дауысын тыңдай отырып қандай құс екенін табады.)

Дескриптор:

-аудиожазбаны мұқият тыңдайды;

- дауыстары бойынша құстарды анықтайды;

- құстардың қай топқа жататынын айтады (жыл құсы, үй құсы, жыртық құс)

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі

Саралау: Оқушылардың тыңдалым қабілеті артып, логикалық ойлауы дамиды.


Тақырыпты ашу (Тыңдалым, айтылым)

(МК)- Балалар , қалай ойлайсыңдар бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?

-Құстар туралы.

-Жарайсыңдар! Құстардың пайдасы өте көп. Олар ағаштарды зиянкес жәндіктерден тазартады. Ал ағаш табиғаттың байлығы болып саналады. Құстар әр түрлі болады. Қыстап қалатын, әрі жылы жаққа ұшып кететін құстар болады. Ал сендер қандай жыл құстарын білесіңдер?

- Тырна, көкек, қарлығаш, қара торғай т.б

- Ал енді осы құстар жылы жаққа ұшарда қандай қиындықтармен кездесетінін білесіңдер ме? Бүгін біз сендермен сол туралы сөйлесеміз. Кітаптан «Күзгі құс керуені» тақырыбын оқу және авторымен таныстыру.


(Ө, Ж, Т)«Ойлан-жұптас –талқыла» әдісі (Тыңдалым, айтылым, оқылым)

Әр топ өзіне берілген мәтіннін бөлігін оқиды. Одан соң жұбымен пікірлерімен бөліседі, кейін бұл топтық талқылауға ұласады.

Дескриптор:

-мәтінді іштей оқиды;

-жұбымен мәтін жөнінде пікір алмасады;

-топта мәтінді талқылайды;

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі

Саралау: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады


(Ұ) «Төрт бұрыш» әдісі (Тыңдалым, айтылым)

Оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін тексеремін. (Сыныптың 4 бұрышына 4 түрлі пікір ілемін. Иә, жоқ, келісемін, келіспеймін. Оқушылар өздерінің жауаптарына жақын бұрышқа тұра алады.)

- құстар қоңыр күзде жылы жаққа ұшып кетеді.

- аққу қыстап қалатын құс.

- құстардың қарны ашып, шаршаған кезде ғана жерге қонады.

- құстардың үйірінде бір ғана жолбасшы болады.

- құстарға ауаны жарып ұшу өте қиынға соғады.

- жылы жаққа ұшатын құстар жолда көптеген қиындықтарға тап болады.

Дескриптор:

-мәтін бойынша өз пікірлерін білдіреді

- өз пікірін дәлелдейді

Кері байланыс: Ауызша

Саралау: ұжыммен тиімді әрекет жасауға үйренеді, жұмыс сапасын жақсартады

Сергіту сәті: «Қарлығаш»

(Т) Деңгейлік тапсырмалар. (Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)

А тобы: Құстар туралы бес жолды өлең құрайды.

В тобы: Берілген заттардан құстың бейнесін жасайды. (ермексаз, тоқыма жіп, қайшы, шемішке, қатты қағаздар беріледі).

С тобы: «Пазл» әдісі арқылы мәтінге жаңа кейіпкер қосады және оны әңгімелеп айтып береді.

Дескриптор:

-құстар туралы 5 жолды өлең құрайды;

- 5 жолды өлеңді мәнерлеп оқиды;

- берілген ресурстармен шығармашылық жұмыс жасайды;

- мәтінге жаңа кейіпкер қосады;

-жаңа кейіпкер қосылған мәтінді мазмұндайды.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Саралау: оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық қабілеттері дамиды, жылдам ой түйіндейді.


(Ұ) «Бинго» әдісі. (Тыңдалым, айтылым)

3х3 шаршыда сабаққа қатысты мынадай сөздер жазылған: құстар, ұя, аққу, бұзба, атпау, балапан. Әр топтан бір оқушыдан келіп лақтырады, шыққан сөзден нақыл сөз тауып айту керек.

Дескриптор:

-құстар туралы нақыл сөздер айтады;

-бірін-бірі мұқият тыңдайды;

Кері байланыс: «Сэндвич» әдісі

Саралау: оқушылардың сөздік қорлары байиды, сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды.

Диск, слайд

https://www.youtube.com/watch?v=Z5a29ujTKII





















Слайд

















Оқулық, бағдаршам түстері

















А4 қағазы, интербелсенді тақта























А3 қағазы, фломастер, қайшы, жіп, ермексаз, пазлдар, қатты қағаздар





Екі жұлдыз, бір тілек















Смайликтер,

шаршы


Сабақтың

соңы



5 мин.


(Т) «Үш көмекші» әдісі (Тыңдалым, айтылым, жазылым)

Тақтаға ми, жүрек,қолдың суреттерін ілемін.

-Бүгінгі сабақта сендер миларыңмен не ойладыңдар?

-Бүгінгі сабақта қолдарыңмен не істедіңдер?

-Бүгінгі сабақта жүректеріңмен не сездіңдер?

Осы жайлы стикерге жазып, тақтаға жапсырады.

Үйге тапсырма: Бір құстың атынан жылы жаққа ұшудың қиындықтары жөнінде хат жазу.

Стикерлер, фломастер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.03.2021
2388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі