Материалдар / Ашық сабақ: «Құстар біздің досымыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: «Құстар біздің досымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Құстардың суретіне қарап аттарын дұрыс атай білуге,тіршілігі, қоректенуі туралы түсінік беру.Құстардың адам өміріндегі тигізетін пайдалары туралы білуге баулу. Үй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету. Құстардың дауыстарына қарап, қандай құс екенін ажырата білуге үйрету.Балаларды аңғарымдылыққа, қамқорлыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2022
293
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру салалары: Әлеумет,Таным , Шығармашылық ,Қатынас Бөлімдері: «Қоршаған ортамен таныстыру» Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз» Мақсаты: Құстардың суретіне қарап аттарын дұрыс атай білуге,тіршілігі, қоректенуі туралы түсінік беру.Құстардың адам өміріндегі тигізетін пайдалары туралы білуге баулу. Үй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету. Құстардың дауыстарына қарап, қандай құс екенін ажырата білуге үйрету.Балаларды аңғарымдылыққа, қамқорлыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Тәрбиелік мәні: Балалардың құстарға деген сүйіспеншіліктерін оятып,құстарға қамқорлық жасауға баулу. Сөздік жұмыс: Құстар, торғайлар,балапан Поленгвалды сыңары: Қарға –ворона-sparrow,аққу-лебедь-swan,бүркіт-беркут-egle,қарлығаш-ласточка-swallow,қаз-гусь-goose,үйрек-утка-duck, түйе тауық-индюк-tukey. Заттық дамыту: Слайд,саусақ маторикасының үстел үсті материялдары,атрибуттар, үн таспа,білім кітапшасы т.б

Іс- әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі































































































































Рефлексивтик түзету

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын . Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Сәлемдесу үлкенге , тәрбиенің басы ғой, -Ал қанекей балалар, Сәлемдейік үлкенге .

Балалар қәзір жылдың қай мезгілі? Күз айында неше ай бар?Күзде табиғат құбылысы қандай болады?

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр,осы жұмбақтың шешуін тапсақ бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы ашылады. -Қане мұқият жұмбақты тыңдап,шешуін табайық.

1.Ерте тұрады,

Таң шақырады . Бұл не?

2. Қайталап атын ,көктем шақыратын.

Кез-келген ұяға ,жұмыртқа табатын

-Бұл не? Өте дұрыс

Балалар бұл жұмбақтын шешуі нелер туралы екен? Құстар туралы. Демек біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы құстар туралы «Құстар біздің досымыз» Балалар құстар нешеге бөлінеді? Қандай-қандай болып?Үй құстарының

тіршілігі мен дала құстарының тіршілігі жайында түсіндіріледі.Олардың адам өміріне берер пайдасы туралы әңгіме құраймыз

-Балалар үй құстары мен дала құстарының тіршілік етуі бірдей ме? Дұрыс айтасыңдар балалар!

(Слайдтан үй құстары мен дала құстарының аттарын үш тілде атаймыз)

Дид .ойын

«Бұл ненің даусы?»

Балаларға үн таспадағы құстардың даусын тыңдатып,олардын қандай құс екенін ажырата білуге үйрету

(Осы кезде сырттан тауық келеді) Тауық: Сәлеметсіздер ме балалар? Балалар мен сендерден көмек сұрап келдім, мысық менің үйшігімді бұзып,балапандарымды әкетіп қалыпты.маған мысық мынандай хат жіберіпті.Мен хат оқи алмаймын

Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Қане, тауық ?

Сіздің қолыңыздағы хатты оқып көрейік Мысық: Сәлеметсіңдер ме балалар,мен тауықтың балапандарын босату үшін,сендерге шартым бар.Мен сендерге 6 –тапсырма беремін,сол тапсырмаларды дұрыс орындауларың керек.Сонда ғана тауықтың балапандарын анасына босатамын» -депті. - Балалар тапсырманы орындай аламыз ба?

Ал, қане ондай болса тапсырмаларды орындауға кірісейік.

1-тапсырма

Үй құстарымен далақұстары туралы тақпақ ,жаңылтпаштар айту

2-тапсырма

Логикалық есептер шығару

3-тапсырма

1-ден 10ға дейін үш тілде санау және санамақтар айту

4-тапсырма

Геометриялық пішіндерді ата

Сергіту сәті

Қарлығаш-қарлығаш, құйрығың сенің айыр,Тілейсің адамға жақсылықпенен қайыр,

Мейірімді құсымай,қанат қағып ұштың-ай!

5-тапсырма:

Түстерді үш ата және көрсет!

6-тапсырма

Балапандарды өз анасына жеткіз.

Флитчарт арқылы тақтаға 3-4 бала шығып жұмыс жасайды

Балалармен жеке жұмыс

Балалар барлық тапсырмаларды орындап болған соң ,мысық тауықтың балапандарын қайтарады

Тауық:

Балапандары мен қауышады. Балалар сендерге рахмет.Сендер өте мейрімді де тапқыр, ақылды екенсіңдер.Менің балапандарыма да, маған да көмектесіп жақсылық істедіңдер- деп,балапандары мен құшақтасады.

Дид.ойын:

«Өз тобыңды тап» Мақсаты:

Үй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты:

Балалар ортаға шығып,екітопқа бөлінеді. Үй құстары және дала құстары болып.

Балаларға құстардың атрибуттары кигізіледі.

Музыка қосылғанда балалар құс болып ұшып жүреді, музыка тоқтағанда топтарын шатаспай тауып қонады.

Балалар қараңдаршы !тауықтың үйшігі бұзылып жатыр екен,оған әдемі үйшік құрастырайық,дала құстарына да үйшік жасайық бәріміз- деп үйшіктер жасауға кіріседі.

Балалар: Тауыққа үй құрастырады.

Тауық балаларға рахмет айтып, балалардың құрастырған үйшігін балапандарымен бірге алып кетеді.

Балалар біз бүгін қандай құстар мен таныстық?

Үй құстары мен дала құстарының айырмашылығы бар ма?

Балалар біз кімдерге көмектестік?

Құстарға не жасадық?

Сұрақ- жауап пен қортындылау

Балаларға мақтау - мадақтау айтылып, барлық балаға керемет деген смайликтер тағылады.Балалар орындрынан тұрып үш тілде қоштасады

Балалар шаттық шеңбер құрып, келген қонақтар-мен иіліп амандасады








Күз мезгілі екенін айтады.Күзде үш ай болатын айтады.Күзгі табиғат құбылыстарын айтады





Әтеш


Көкек


Құстар туралы



Үй құстары және дала құстары боп

Балалар орындарына отырып тақтадағы

Жоқ, бірдей емес

Үй құстарына адамдар өздері күтім жасайды

-ал,дала құстары өз беттерінше тіршілік етеді










Сәлеметсіз бе?


-Иә,көмектесеміз






Балалар өздеріне берілген тапсырмалардың барлығын дұрыс орындайды

-Иә!




Құстар туралы тақпақтар

Мен жаңылтпаштар айтады

Логикалық есептерді шығарады

1-10дейін үш тілде санайды

Санамақтар айтады



Балалар сергіту сәтін іс-әрекет пен қөрсетіп айтайды











Жеке жұмыс жасалады


3-балапан деп санап береді















Балалар ойынның шартын бұзбай, қызығушылық пен ойнайды













Үй құстарына адамдар күтім жасайды

Дала құстары өз бетінше тіршілік етеді

Тауық пен оның балапандарына көмектестік

Ұя жасайды, балалар барлық сұраққа жауап береді

Күтілетін нәтиже: Не білді:Балалар үй құстары мен дала құстарын аттарын атай білді. Олардың қалай тіршілік ететіндері туралы білді. Адам өміріне тигізер пайдаларын білді. Нені меңгерді: Құстар туралы тақпатар айтуды, жұмбақтар шешуін таба білді. Не істей білді: Құстарға ұя жасап ,қамқор бола білді.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!