Материалдар / Ашық сабақ "Құтқарушы күшіктер" логопед маманының жеке сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Құтқарушы күшіктер" логопед маманының жеке сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ ЖТК бар 5 жастағы баламен жүргізілді. Сабақта С-Ш дыбыстарын ажырату, қою жұмыстары берілген. Тапсырмалар баланың жас ерекшелігіне сай тапсырмалар берілген. Сабақта сөйлеу тілін түсінуін дамыту; Белсенді сөйлеу тілін дамыту; фонематикалық есту қабілетін дамыту; Сөйлемде кеңістікті бағдарлайтын сөздерді дұрыс қолдануын бекіту. Буындық құрылымын дамыту; Ұсақ қол моторикасын дамыту; мақсаттары қойылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2022
1368
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Құтқарушы күшіктермен саяхат»

Аңғарымы: ЗПР. ММД. РОП. ЦНС. ОНР ІІ ур.

Бала: 5 жас

Мақсаты: «ж» дыбысын қою, материал бойынша «Ш» дыбысын сөйлемде машықтандыру, автоматтандыру.

Түзетушілік-Білімділік:

  • «С», «Ш» дыбыстарының артикуляциялық қалпын нақтыландыру;

  • «С», «Ш» дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату;

Түзетушілік- Дамытушылық:

  • Сөйлеу тілін түсінуін дамыту;

  • Белсенді сөйлеу тілін дамыту;

  • Фонематикалық есту қабілетін дамыту;

  • Сөйлемде кеңістікті бағдарлайтын сөздерді дұрыс қолдануын бекіту.

  • Буындық құрылымын дамыту;

  • Ұсақ қол моторикасын дамыту;

Түзетушілік-Тәрбиелік:

  • Өз бетімен инницатив білдіру белсенділік танытып,өз ойын еркімен білдіру, жауапкершілікке тәрбиелеу, мейірімділікке тәрбиелеу;

  • Сөйлеу тіліндегі дыбыстарды сөздің буындық құрылымын толық сақтап,айтуға тәрбиелеу;


Көрнекі-кұралдар: «С», «Ш» дыбысының профиль, заттық суреттер, сюжетті сурет, ойыншықтар, карта, күшіктердің дыбысы жазылған аудиожазба, дыбыстық жол.


Сабақ барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Кіріспе әңгіме.

- сәлем Алинұр!

- Көңіл-күйің қалай?

- Бүгін ауа- райы қандай? Қане қонақтарға да жақсы көңіл күй сыйлайық, бір-бірімізге күлімдейік!

Сен нұсқауларды мұқият тыңдап, сөздегі барлық дыбыстармен буындарды дұрыс айтып, сұрақтарға толық жауап бер.

Үйге берілген тапсырманы шолу.

ІІ. Негізгі бөлім.

«Ж» дыбысын қою. Тілдің қалпы «кесе» тәріздес және тілдің ұшы көтеріліп тұрады, бірақ таңдайға тимейди. Ерін дөңгеленеді, тістер арасы 1-2 мм саңылау болады және дауыс қосылады. Еліктеу тәсілі арқылы жүргізу.

-Алинұр, ненің дыбысы естіледі?

-Сен оны танисың ба?

-Бүгін біз құтқарушы күшіктермен саяхатқа аттанамыз. Құтқарушы күшіктерді өз мекеніне жеткізуіміз керек. Олардың арнайы картасы бар, онда көптеген тапсырмалар бар. Біз құтқарушы боламыз ба? Тапсырмаларды орындаймыз ба? Онда бастайық.

1. Тапсырма. «Дыбыстық жол» ойыны арқылы дыбыспен жұмыс. Бұл жолдан өту үшін біз еске түсірейік күшіктердің аттары қандай? Маршал күшікте «с» дыбысын естисің бе? Ал, мына күшіктің аты қандай дыбыстан басталған?

«С», «Ш» дыбыстарының профильін көрсету, бұл дыбыстарды айтудағы ерекшеліктеріне тоқталу.

-Алинұр, қарашы, жолда мұз бен қүн суреті салынған екен. Машинамен жүре отырып, дыбыстарды айту керек. «Мұз» ға келгенде «с» дыбысын айтамыз, күнге келгенде «ш» дыбысын айтып, кедергіден өтеміз. (Машинаны суреттен дыбыстарды айтып жүргізу).

2.Тапсырма. «Қолшатырды жөнде» ойыны арқылы буынмен жұмыс. Біз жолдан өттік, алдымызда қолшатыр жатыр екен. Оны мүмкін, басқа күшіктер ұмытып кеткен ғой. Алинұр жаңбыр жауып кететін болса, бұл қолшатырды жөндеп алайық. Оны жөндеу үшін буындарды айту керек, «са-ша,со-шо, су-шу»

3. Тапсырма. «Заттарын тап» дидактикалық ойын арқылы «с» және «ш» дыбыстарын сөзде ажырату. Бұл тапсырмада Маршалл мен Скайға арналған заттар шатасып қалған екен. Күшіктерге өз заттарын табуға көмектес. Маршал «ш» дыбысы заттарды ұнатады, ал, Скай «с» дыбыстары бар заттарды ұнатады екен.

-Күшіктерге өз заттарын атап берейік.

-Маршалл қандай заттарды алады? (ұшақ, шапка, шарф, қарындаш).

-Скай қандай заттарды алады? (қасық, жастық, апельсин, сабын).

4.Тапсырма. «Сөйлем құра». «с», «ш» дыбыстарын сөйлемде машықтандыру. Мына тапсырмада берілген заттық суреттерден сөйлем құрау керек.

(Қыз+шұбат, бала+асық). Бұл сөйлемде қай сөзде «с» дыбысын естисің?

Логоритмика.

1-2 оңға қара

3-4 солға қара

5-6 жоғары қараша

7-8 төмен қараша

9-10 тез орныңа қон!

5. Кедергі. «Маша мен аю» ертегісін айт. Балаға «Маша мен аю» ертегісін айту ұсынылады.

-Алинұр қарашы, мында қатты жел соғып бәрін қиратып тастапты. Заттарды атау, өзойымен ертегіні айту. (Мынау ағаш. Мынау шырша. Мынау орман. Мынау Маша. Маша орманға барды. Маша жидек терді. Маша орманда адасты. Ол аюдың үйіне келді. Аю тамақ берді.

6.Тапсырма. «Шапалақ пен топылдақ» ойын арқылы «с», «ш» дыбыстарын естіп ажырату.

-Алинұр, мені тыңда! «с» дыбысы бар сөздерді естісең шапалақта. «Ш» дыбысы бар сөздерді естісең аяғыңмен топылдат.

(Шыны, сиыр, алаша, кесе, пеш, бас).

Жаңылтапашты қайталау.

Шын еңбекші өрмекші,

Өрмекші шын өрнекші.

7.Тапсырма. «Рациямен сөйлеу» . Рация ойыншығын алып, естіген сұрақтарды тыңдап, буынға бөлу, сұрақтарға жауап беру. Тек әр жауапты қарындашпен үстелді тоқылдат.

-Сә-лем.

-Се-нің а-тың кім?

-Сен не-ше жас-та-сың?

Қорытынды.

-Жарайсың! Сен күшіктерді өз мекеніне жеткіздің! Енді қарашы біз қандай суреттерді жинап алдық. Қане, суреттерден «с» және «ш» дыбыстары бар заттарды бөліп жинайық, атайық. Жақсы, күшіктер өз мекенін де көмек сұрағандарға көмектесе алатын болды.

-Алинұр саған бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Жақсы, олай болса мен де қуаныштымын.

Үйге тапсырма беру. Мына суретке қарап, сөйлемдер құра. Сөйлемдерде «с», «ш» дыбыстарын дұрыс айтуды ұмытпа. Ал, күшіктер саған риза болып, сыйлық дайындап қойды. Алинұр осындай мейрімді және батыр бол.

Сабағымыз аяқталды, сау бол!

























1 «Психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» ММ





Бекітемін

Әдіскер №1 ППКК ММ

___________________


« »__________ 2018ж.











Ашық сабақ жоспары








Мұғалім логопед: Елеуова С.С.














Талдықорған қаласы 2018жыл



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!