2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Қырдың жас түлегі сурет көрмесі

Қырдың жас түлегі сурет көрмесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қырдың жас түлегі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


     

Мектеп

Бөлім

Атақты тұлғалар

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қырдың жас түлегі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.2.1Мәтін мазмұнымен танысады , тақырыбы мен идеясын ашады. 4.1.2.2Оқушыларға С.Бегалин туралы шығармашылығы туралы мәлімет беру, 4.1.2.3Шоқан бейнесімен таныстыру, өмірі, шығармашылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру;

Сабақтың мақсаты

Өзбетінше ізденуін,шығармашылық қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға ықпал ету;туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

«Тәуелсіздік және Отаншылдық»


Апта дәйек сөзі

«Отанды сүю – отбасынан басталады


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут







































Өткенді пысықтау


Психологиялық ахуал

Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу.

-Балалар, сендер бір сыныпта оқығандықтан, бір үйдің балаларындай ынтымақты болуымыз керек.

-Бүгінгі сабағымызды біз« Бір шаңырақ астында» деген тренинг арқылы бастаймыз. Өйткені мен шаңырақ болсам, сендер менің уығымсыңдар. Уық мықты болмай шаңырақ биік болмайды. Сендер бір біріңе мейірімді, ынтымақты, білімді, тату болсаңдар менің биікте самғайтыным анық.

«Бір шаңырақ астында» тренингі арқылы оқушылар шаңырақты айнала тұрып, уықтарды құрайды. Көңіл - күйлерін көтеру үшін (оқушылар бір-біріне күміс күлкілерін, жылы лебіздерін білдіру) (Жас баланың күлкісінің дауысын естірту, бірге қосылып күлу) ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Шаңырақтың астында қол ұстасып тұрып,Шаңырақ суреті арқылы топқа бөлу

1 -топ: мейірім

2-топ: жылы жүрек

3-топ: рақым

Топ лидерін сайлап,топ ережесін құрамыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жүреді:

- Өткенде қандай тақырып өттік?

-Қандай тапсырмалар орындадық?



«Атақты тұлғалар» бөлімі бойынша кімдерді, нені білдік?

Психологиялық ахуалға қатысады..Тапсырмаларды орындайды.

-Тақырыпты ашады.

Бағалау: «Домбыра»































Дескриптор:

-өлеңді оқиды, өткенді еске түсіреді -2 балл.







Слайд


Сабақтың ортасы

10 мин



















«Ойлан,

түсін!»














































Оқулықпен жұмыс


















































Жеке жұмыс


ФС 1- тапсырма

ОДД: білу, түсіну, қолдану

- Ендеше бүгінгі сабағымызда Сапарғали Бегалиннің« Қырдың жас түлегі»әңгімесін өтеміз.

«Танып ал» әдісі

Сапарғали Бегалин

(1895-1983ж) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Қазақтың белгілі жазушысы. Ол балаларға арнап 20-дан астам кітап жазып, балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді. Сапарғали Бегалин «Сәтжан»,«Көксегеннің көргендері», «Шоқан асулары», «Алтай аңызы» т.б. көптеген шығармаларды жазған. Бұған дейін ол кісінің қандай тақырыпта, кімдер туралы әңгімелер өттік? Шоқан туралы 2 – сыныпта «Мүсінші Мысық», ал 3 – сыныпта «Мейірім» деген мәтіндерді оқыдық

Group 12






«Суреттер сөйлейді» ойыны.

Шарты: сурет бойынша өз ойларын ортаға салады


«Жаңалық легі» әдісі


Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты — Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде "Шоқаным" деп еркелетіп айтуымен, "Шоқан" аталып кеткен. Туған жері - қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Арғы атасы - қазақтың ұлы ханы — Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болды.

«Мен ең әуелі қағазымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін...»

Жаңа сабақты «Бағытталған оқу» әдісіне сүйеніп бастаймын.

.

Қырдың жас түлегі

Шоқан бастаған сыныптың балалары өз бөлмелерінде дауылдасып, әңгіме – дүкен құрып отырған. Кенет офицер кіріп келді. Бұл өзі бір мазасыз, жөн- жосықсыз шырылдап ұрыса беретін адам еді. Балалар тым – тырыс бола қалды. Бөлмеде төсек – орын ұқыпты жинаулы тұр, еденде қиқым жоқ, айнала мұнтаздай тап – таза. Офицер Шоқан бастаған сынып балалары жататын бөлмеден ешбір мін таба аламй, шығып кетті.

Кенет Анатолий деген бала офицердің соңынан жүгіріп барып, жабулы тұрған есікті жұдырығымен қойып – қойып қалды. Олар жүгіріп келіп орындарына отыра бергенде есік ашылып, офицер қайта кірді.

-Есікті ұрған кім? Кәне, тез айтыңдар!

Балалар тым – тырыс, тіс жарып ештеңе айтпады. Ешкім мойнына алмады. Ашуға булығып, түтіккен офицер корпустың бастығына келіп, рапорт жазып, Шоқанның сыныбын жазалауды өтінді. Келесі күні корпус бастығының өзі келіп, Шоқаннан бастап, бәрінен тәртіпсіздік істеген кім деп сұрады. Бірақ ешкім ләм демеді. Корпустың бастығы бұл сыныптың балаларын түгелдей жазалады. Жексенбі күні " бірде-бір бала үйлеріне бармасын" деп бұйрық берді. Бұл қысым қыс ортасына дейін созылды.

Бірде бастық Шоқанды шақыртып: «Әдепсіздік істеген баланы айтып бер»,- деп қайта сұрады.

Мұны істеген мен емес. Ал тентектікті кім істесе, сол өзі айтсын,- деді Шоқан. – Батылы жетсе, өзі айтсын, жолдастарын мына жазадан құтқарсын, біз қорқаққа куә бола алмаймыз!

Жатаққа келген соң, Шоқан балалармен бірге әлгі Анатолийді ортаға алды.

-«Қорқарың бар, қораға кірме» деген біздің қазақта мақал бар.Анатолий, сен жұдырығыңды офицердің сыртынан түйгенше, батыр болсаң, айтарыңды неге көзіңше айтпайсың? Ал қорқарың бар, қолыңа ие болу керек еді. Өз кінәңді қорыққаныңнан мойындамадың.

Қысқы демалыс кезінде Анатолийді балалардың ешқайсысы шығарып салмады. Үйіне жалғыз кетті. Сол бетімен ол корпусқа келмей қойды.

Сапарғали Бегалин

«Үндемес» ойыны. Шарттарымен таныстыру.Оқушыларға пластикалық планшеттер таратылады, файлдарға салынған немесе ламинатталған қағаздар және «whiteboard» маркерге арналған ақ тақтаға жазу үшін маркерлер, жазылғанды жылдам өшіретін майлықтар таратылады. Мұғалім электронды тақтаға тапсырмалар шығарады, оқушылар планшетке жауаптарын жазып, оны көрсетеді. Мұндай сауалнамадан қай оқушыда сұраққа жауап берде қиындық туындағаны білінеді. 1. Балалар қайда отырды ? 2.Офицердің соңынан есікті кім ұрды? 3.Балаларды қалай жазалады?
«Мен бәрін білемін!» әдісі Мәтінмен жұмыс (Үш қадамды сұхбат) Мәтінді бөлімдерге бөліп оқу. 1 Бөлім: Шоқанның бөлмесі 2 Бөлім: Қатал офицер 3 Бөлім: Сужүрек Анатолий.

Жұптық жұмыс ( мәтін бойынша қалып қойған сөзді тап)

Кенет ....... кіріп келді.

Бұл өзі бір мазасыз, жөн- жосықсыз шырылдап ұрыса беретін ....... еді. Балалар ........ бола қалды. Бөлмеде төсек – орын ........ жинаулы тұр, еденде қиқым жоқ, айнала мұнтаздай тап – таза. Офицер ......... бастаған сынып балалары жататын бөлмеден ешбір мін таба алмай, шығып кетті.

Топпен жұмыс. Постер қорғау






Дескриптор:

- Автор туралы біледі -2 балл.






















































































































Дескриптор:

Мұндай сауалнамадан қай оқушыда сұраққа жауап беруде қиындық туындағанын біледі.-5балл


Оқулық дәптер




















































































































Бекіту:

Жұптық жұмыс

«Қоржын әдісі»

«Өзіңді сына» әдісімен орындалады.

Кім? Шоқан

Қандай? Ақылды, зерек

Не істеді? Саяхат жасап зерттеді

Сезім білдіретін сөйлем Артынан

өшпес

мұра

қалдырды!

Синоним Ғалым








4-тапсырманы оқушылар жұптаса отырып орындайды.Қоржынды Шоқан салған суреттермен толтырады.





Дескриптор –Қоржынға сурет салады-2балл.







Дескриптор:

Бес жолды өлең құрастырады-6 балл








Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Керуен»

Оқу тапсырмасы: Мәтінді оқу.

Жинаған балдарын санайды.

ҚБ қойылады.






















Жариялаған:
Уткир Медина
06 Сәуір 2025
69
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі