Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Қыс қызықтары"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың
тақырыбы: Қыс
қызықтары
Сабақтың
мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік
беру. Балалардың қыс туралы білімдерін жетілдіру. Суреттер
бойынша әңгімелеу.
Көрнекілігі: Қыс мезгіліне байланысты
суреттер. Қыс мезгіліндегі балалардың ойнап жүру әрекеттері бойынша
суреттер: аққала, шана, қар
Сабақтың
барысы:
Психологиялық дайындық:
Арайлап таң атты,
Алтын сəуле таратты.
Тəрбиелі баламыз,
Амандасып аламыз.
Сәлеметсіздер ме!
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне байланысты
«Қыс қызықтары» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтеміз.
Сонымен қазір жылдың қай мезгілі екен?
Балалар: Қыс мезгілі
Мұғалім: Жарайсыңдар, қыс мезгілі басталып, күн суыта бастады, адамдар
қалың киімдерін киді. Қыста не жауады?
Балалар: Қар жауады және бұршақ жауады.
Мұғалім: Жарайсыңдар, қыста қар, бұршақ жауады. Ағаштар қармен жамылады.
Өзендер мен көлдерде мұз қатады. Балалар мұзда аяқтарына коньки, шаңғы теуіп, шанамен сырғанайды.
Мұғалім: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер ойлана отырып шешуін табыңдар.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілі
Қыс мезгілі туралы тақпақтар айтайық:
Еламан: Қыс айлары көңілді,
Ақ қар жапқан өңірді.
Үйренеміз жалықпай,
Коньки, шаңғы тебеміз.
Балнұр: Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Қанат: Қыста қармен ойнаймыз,
Қызыққа біз тоймаймыз.
Таудан төмен сырғанап,
Шаңғы, шана тебеміз.
А. Кәусар: Қыста салқын болады,
Адамдар да тоңады.
Ауырып та қалады,
Бірақ емделіп алады.
Асель: Қыс мезгілі жақсы ғой,
Жаңа жыл да болады.
Балалар да қуанып,
Сыйлығын да алады.
Сырым: Қыста құстар тоңады,
Тамақты әзер табады.
Себебі дала салқын ғой,
Ұша алмай да қалады.
Бауыржан: Жапалақтап қар жауды,
Айналаның бәрі аппақ.
Ағаштар да сәнді болып,
Киіп алды ақ көйлек.
Азамат: Қар жауды..
Қатты сағындым мен қысты.
Аққаланы жасаймыз,
Коньки теуіп ойнаймыз.
Лейла: Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
Бахытбек: Бір топ бала далада
Соқты қардан аққала,
Мұрны сәбіз үп-үшкір.
Көзі көмір қап-қара.
Хор әні: «Қыс қызығы»
Енді жұмбақтарға берейік:
Айбек: Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады?
Ол не? (Аяз)
Нуршат: Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын десем, қолға тұрмады (Боран)
Т. Кәусар: Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Ү. Айнура: Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол - аяқ, қаз тұрады (Қар)
Д.
Айнура: Шелек қалпақ
басында,
Сәбіз екен
танауы.
Қыста қардан
туатын,
Тауып көрші сен оны (Аққала)
Акылбек: Өзі сондай аппақ,
Жердің бәрін жаппақ.
Ол не? (Қар)
Арай: Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ (Қар)
Ақерке: Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Ән: «Қар жауды» Сиелханова Асель, Мұратбай Қанат, Мұратбай Балнұр,
Нұржанов Еламан
Ойын: «Артығын тап»
Шарты: Берілген суреттердің ішінен артық суретті табу.
Би: «Биле, биле» А. Кәусар, Н. Еламан, Ө. Лейла, С. Сырым
Қорытынды: Бүгінгі сабағымызда «Қыс қызықтары» тақырыбындағы
ашық тәрбие сағатымызда қыс мезгілінде болатын қызықтар туралы
әңгімелелеумен қатар әндер, тақпақтар айтылып, би билеп, ойын түрін ойнадық.
Жақсы қатысқандары үшін балаларды қар суретімен марапаттаймын.
Сырым: Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Еламан: Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте (Шырша)
Ән: «Қар жауды»
Жүзімізде қуаныш
Әр көңілде жақсы
үміт
Келе
жатқан Жаңа жыл
Әкелсін көп жақсылық.
Соңғы айына
келгенде,
Күн жылына бастайды.
Көктем келіп қалғанда,
Қарлар еріп қалады.
Терезеге ою салды,
Аяз үрлеп суықты.
Суретші ме білмейміз біз,
Шыны беті әдемі.
Аю, борсық ұйықтап жатыр,
Апаң, інде түс көріп.
Аппақ қоян тығылып жүр,
Қасқыр оны жүр іздеп.
Жапалақтап қар жауды,
Айналаның бәрі аппақ.
Ағаштар да сәнді болып,
Киіп алды ақ көйлек.
Жапырақтары жайылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Әуеде ақ мамық,
Қалбалақтап ұшады.
Қанаты талып,
Жерді барып құшады (Қар)
Тынық күнде, бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп.
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у-у-у-деп (Қыс)
Табан тайған,
Қатып қалған,
Жылтыр айнам (Мұзайдын)
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
Келіңіздер, келіңіздер
Би де билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Таңырқанып тұрмаңыздар
Сәнді шырша шақырады
Шырша жырын жырлаңыздар.
Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине,
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де.
Ал келіңдер, келіңдер.
Тақпақ айтып беріңдер,
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер!
Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Кел, Жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Келді міне Жаңа жыл
Қарсы алайық бәріміз
Күліп ойнап би билеп!
Ән салайық
бәріміз
Еламан: Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте (Шырша)
Тақпақтар:
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Жол аппақ түске енді,
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды.
Жұмбақтар:
-
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
-
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
-
Шелек қалпақ басында.
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан тұрады.
Танып көрші сен оны.
-
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте.
Сұрақ-жауаптар:
-
Қыста ауа райы қандай?
-
Қыста адамдар қалай киінеді?
-
Жерде не жатыр?
-
Қыста қандай мереке болады?
-
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қорытыңды: Балалар, біз сабақта не айттық? Қыс қандай мезгіл?
Аққала неше бөліктен тұрады?
Үш бөліктен тұрады. Мұрнын, көзін неден жасайды? Сәбізден, көмірден жасайды. Түстері қандай? Қызғылт сары, қара. Аққаланы неден жасайды? Қардан жасайды.
Балалар, бұл жасаған достарыңды ата-аналарыңа көрсетемін.
Қыс мезгіліндегі суреттерді көрсету.
Балалар мына суреттерде қандай мезгіл
бейнеленген?
Қысқы орман суреті, шанамен сырғанап жатқан балалар, коньки теуіп
жүрген балалар, қар күреп жатқан адамдар суреттерін көрсету.
Ал, енді мына суретке қарайықшы, қыс мезгілінің толық көрінісі
бейнеленген.
Ән: «Қыс қызығы»
Күн суық болады, қар жауады, боран соғады, адамдар қалың
киінеді.
1-бала:
Қар жауады жапалақтап,
Дала аппақ қарашы.
Шаңғыменен ойнаймыз біз,
Қыс келбеті тамаша!
2-бала:
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман маужырайды,
Маужырайды түнгі аспан.
Аққаланың
Балалар аққаланы құрастырады.
Мақсаты: Сурет бойынша
әңгімелетуді жалғастыру.
Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту.
табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Мақсаты: 1. Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл
мезгелдерінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын
дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге
төселдіру.
2.Оқушылардың тіл байлығын
дамыту, оқу техникасын жетілдіру.
3.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге
тәрбиелеу.
Дидактикалық ойыны: «Қайсысы
артық?» Суреттер көрсетіледі олар суреттерге қарап артығын
табады.
Бұл жерде артық -
доп. Қыста далада шаңғы, шана, коньки
тебеміз. Ал доппен
ойнай алмаймыз.
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)
Көктен түседі.
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Ең әдемі де ерекше мезгілдің бірі – қыс. Желтоқсан, қаңтар, ақпан –
қыс айлары. Күзден кейін қыс келеді. Қыс түскенде дала, орман,
үйлер де ақ қарға жамылады. Өзендер мен көлдердің бетіне мұз
қатады. Жыл мезгілдерінің ең суық та, қаһарлы кезі – осы қыс
айлары. Қыста күндер суық, аязды және салқын болады. Боран
соғады.
6) “Маған ұнайтын жыл мезгілі ” тақырыбына шағын әңгіме
жазыңыз.
Тақырыбы: «Қыс келді»
комплексті сабақ.
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Жыл
мезгілдері жайлы білімдерін толықтыру. Қыс мезгіліне деген
қызығушылығын арттыру. Жаңа сөздермен сөздік қорын молайту.
Жұмбақтар, өлеңдер, тақпақтар арқылы тілдерін ұстарту. Әр мезгілдің
өзіндік ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, қыс туралы өлең оқу, жұмбақ
жасыру, сұрақ - жауап.
Сөздік жұмыс: ұлпа қар, қырау, аяз, боран.
Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің суреттері,
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды. /Қыс/
Таңғажайып
сәт: Топқа почташы хат алып
келді. (қыс суретін)
Жұмбақтар
жасыру:
Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады. (Аяз)
Балаларға дайын көгілдір қағазға «Қар жауып тұр» жапсыруды
ұсынамыз.
Балалар қарды мақта арқылы жапсырады.
Қауіпсіздік ережесін естерінде сақтайды.
Балалар жапсыру жұмысын музыкалық әуен арқылы орындайды.
Жасаған жұмыстарын тақтаға ілеміз.
Сабаққа барлықтарын белсенді қатыстыңдар.
Балаларды мақтау, мадақтау.
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты: а) Сабақ
арқылы оқушылардың білімін байқау, бұрынғы алған
білімдерін еске түсіру.
ә) Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау
қабілетін дамыту.
б) ой белсенділігіне, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс
істеуге, туған жерінің әсем табиғатын сүюге
тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс сабақ.
Әдістері: Ойын, сұрақ – жауап, эвристикалық (сұрақ қою, табу, іздену) топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтастыру.
Көрнекілігі: Сурет, сөзжұмбақ, қима қағаздар, көрініс.
Аппақ болып таң атты,
Дала сондай тамаша!
Бастайық енді сабақты,
Тұрсыңдар ғой жараса!
«Қыс
қызығы».
Балалар, қыс мезгілінің сендерге арнап жазып жіберген хаты бар
екен. Қанекей хатын оқып көрейік.
Сәлеметсіздерме, қымбатты балаларым? Мені
шын жақсы көретін болсаңдар, төмендегі менің тапсырмаларыма
белсенді түрде жауап беріңдер. Сәлем мен беттеріңнен шымшып сүюші –
Қыс.
Ендеше балалар қыстың 1 – тапсырмасын оқып
көрейік:
І. Қыс туралы тақпақ, мақал – мәтел, айтып, жұмбақ шешіңдер.
-
Оқушылар тақпақтарын айтады.
Жұмбақтар.
Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын десем, қолға тұрмады
(Боран).
Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол - аяқ, қаз
тұрады. (Қар)
Табан тайған,
Қатып қалған,
Тақырыбы: «Қыс қызығы »
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге, қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ойын: « Сыңарын тап»
қыс жыл мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады.Бұлар сауысқан,қарға, торғай.Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.
-балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
-қыс туралы қандай тақпақтар білеміз?
Сабақтың тақырыбы: Қыс қызығы.
Сабақтың мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қысқы табиғатты бақылай білуге жаттықтыру.Қыс туралы өлең, тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтел үйрету.Балалардың сөздік қорын дамытып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Қыс туралы суреттер, тақпақтар, жұмбақтар,
жаттығулар.
Кіріспе әңгіме: Қазір жылдың қай мезгілі ?
Қыс айларын атап беріңдерші ?
Қыстың ерекшеліктерін білесіңдер ме ?
А.Асылбековтың «Қыс» тақпағын оқып беру:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды, тауды да,
Болған ақ түспенен.
Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Зу – зу – зу,
Шанамен зулаймыз.
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт – сарт – сарт,
Қолымызды соғамыз.
Қорытынды: Қай жыл мезгілімен таныстық ?
Ауа райы қандай ?
Қыста қандай қызықты ойындар ойнайды ?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Орнымызға отырайық.
- Жақсы балалар сендер қыс мезгілін білдіңдер.
(Осы кезде есік қағып «Қоян» келеді).
- Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендерге өзіммен
бірге жұмбақ ала келдім, кім шешуін табады екен.
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады (Қар)
Мұғалім:
Балалар, қыс мезгілінің сендерге арнап жазып жіберген хаты бар екен. Қанекей хатын оқып көрейік.
Сәлеметсіздерме, қымбатты балаларым? Мені шын жақсы көретін болсаңдар, төмендегі менің тапсырмаларыма белсенді түрде жауап беріңдер. Сәлем мен беттеріңнен шымшып сүюші – Қыс.
Сұрақ-жауап
Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Бүгін біз қыс туралы айтамыз.
Қыс туралы қандай сөздерді айтуға болады.
Қыс қандай? (Суық, қатты, қарлы, боранды, аязды, ертегідей әдемі)
Қар қандай? (Суық, жабысқақ, жұмсақ, сықырлақ, ұлпа ,сулы, таза, аппақ, жеңіл, жылтыр)
Ал табиғатта қандай өзгерістер болады?
Оны біз мына жердегі суреттерді тақтаға ілу арқылы көрсетейік.
Балалар: Қыста ұлпа қар жауады, қар жиі жауады.Күн қысқа, түн ұзақ. Күннің көзі бар бірақ жылуы аз. Жерді, ағаштарды аппақ қар жабады. Өзен, көлдер қатып, мұзға айналады. Аяз терезеге өрнек салады.
Жануарлар суықтан қорғанып жылы тон киеді,ін қазып, қалың қардың астына кіреді. Адамдар жылы киім киеді.
Ендеше балалар қыстың 1-тапсырмасын оқып көрейік:
І-тапсырма: Қыс туралы тақпақтар айтыңдар:
І-тапсырма бойынша оқушылар тақпақтарын
айтады.
ІІ-тапсырма: Мақал-мәтел айтыңдар:
ІІ-тапсырма бойынша мақал-мәтелдер айтылады.
ІІІ-тапсырма: Жұмбақтар шешіңдер:
ІІІ тапсырма бойынша жұмбақтар
жасырайық.
Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын десем, қолға тұрмады (Боран)
Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол – аяқ, қаз тұрады (Қар)
Табан тайған,
Қатып қалған,
Жылтыр айнам (Мұзайдын)
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
(Аяз)
Әуеде ақ мамық,
Қалбалақтап ұшады.
Қанаты талып,
Жерді барып құшады (Қар)
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны
(Аққала)
Тікен-тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте (Шырша)
Қыс мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру:
Қардан жасалған адам.
Қыс мезгілінде не жауады?
Қардан басқа не жауады?
Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
Қыста не қатады?
Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?
Бізге жаңа жыл мерекесінде қонаққа кім келеді?
5.Ойын: «Қарды қағып ал»
Ойынның шарты: Қарды қағып алған бала қыс туралы тақпақ, жұмбақ,
жаңылтпаш, мақал-мәтел айтуы тиіс.
1. Далада қар
борайды, 2.
Жапалақтап аппақ қар,
Ақ мамыққа
орайды.
Жауды күнде қайталап.
Мұз болады,
қатады,
Қырға шықты балалар,
Жып-жылтыр боп
жатады.
Шаңғыларын арқалап.
3. Жұлдыз болып
ағамыз, 4.
Қуаныштың бүгінгі,
Ақ мамықтың
үстімен.
Басылмайды ыстығы.
Біз спортшы
боламыз,
Жылдамырақ жүруді,
Үлгі аламыз
күштіден.
Үйретеді қыс күні!
5. Балалар шықты
далаға,
Ойнап, күліп жүр
енді.
Шаналармен
озады,
Аққаланы
соғады.
6.Сергіту сәті:
Жел улейді у-у,
Боран соқты зу-зу,
Қатты-қатты жел соқты гу-гу,
Шыдай алмай ақшақар ах-ах,
Билеп кетті қалтырап пах-пах.
Аққала: Балалар сендер ойнап болғасын кетіп қаласыңдар ал мен жалғыз қалып қоймас үшін мен сияқты аққалалар құрастырып беріңдерші. Менде көп достарым болады.
8.Ойын: «Аққала құрастыру»
Ойынның шарты музыка әуенімен: Берілген
қиындылардан
аққаланы құрастырып шығу.
Аққала: Қандай тамаша болды. Енді менің көп аққала достарым бар.
Балалар қараңдаршы мына жерде қыста ойнайтын алаңға ұқсай ма?
Не бар бұл жерде?
Сырғанақ, мұз айдыны бар.
Сырғанақты немен тебеміз?
Балалар: Шанамен
Мұзда сырғанау үшін аяғымызға не киеміз?
Балалар: Коньки
Қарда сырғанау үшін аяғымызға не киеміз?
Балалар: Шаңғы
Дұрыс сырғанақты шанамен сырғанаймыз,мұзда конькимен,
қарда шаңғымен сырғанаймыз.
Аққала: Балалар сендер сырғанақ тепкілерің келеме?
Екі қатарға бөлініп кім жылдам сырғанайтын байқап көрейік.
9. Тәжірибе жасау:
Балалар қарды ұстап қандай екенін көргілерің келе ме?
Онда келіңдер көрейік.
Қардың түсі қандай?
Қар жылы ма суық па?
Қарды ұстасақ қолымыз құрғақ бола ма?
Қар жылы жерде не істейді?
Ендеше қардан шағын домалақтар жасайық.
10. Қорытынды.
Ән: «Ақшақар» (музыка әуенімен, қимылды көрсету арқылы
орындау)
Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Рефлексия:
Сендерге сабақ ұнаса алдарыңда көңілді ақшақар және көңілсіз ақшақарлар жатыр. Көңілдеріңді білдіріп шыршаға іліп қояйық.
Шыршамыз қандай болады екен?
11. Мадақтау. Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
Балаларға қыс мезгілінің басқа мезгілдерден өзгешілігін түсіндіру.
Қысқы ойын түрлерін атау, жұмбақтар шешу арқылы тапсырмаларды орындау, қысқы табиғат көрінісіндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қыс қызықтары суреттері, қар, аққала, шырша, шырша ойыншықтары.
Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Айларын ата?
Қыста ауа райы қандай болады?
Қыс мезгілінде адамдар қандай киім киеді?
Қыстап қалатын құстарды ата?
Қыста қандай ойындар ойнайды?
Қыс мезгілінде қандай мереке болады?
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Ойынның шарты: Тілек айтып шыршаға ойыншықтар ілу.
ҮІІІ. Қорытынды.
Ән: «Бір, екі, үш» (қимылды көрсету арқылы орындау)
ІХ. Мадақтау. Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Қыс қызықтары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ауызекі сөйлеу білуге үйрету.Мәнерлеп оқу,сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз
бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
(Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай! деп қолдарын көтереді)
Ғажайып сәт. Желдің дауысы естіледі. Есік қағылады.
Тәрбиеші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты. Қане, есікті ашып
көрейін.
Қыс ханшайымы кіреді.
Қыс ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қыс ханшайымымын. Мен
сіздердің қыс мезгілі туралы айтып жатқандарыңызды естіп қалып,
қонаққа келдім.
Балалар: Сәлеметсіз бе, ханшайым!
Қыс ханшайымы: Балалар мен сіздерге құр қол келген жоқпын,
тапсырмалар әкелдім. Менің тапсырмамды орындауға дайынсыздар
ма?
Балалар: Иә, дайынбыз
1 - тапсырма. Жұмбақ жасыру
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады?
Ол не? (аяз)
Өзі сондай аппақ,
Жердің бәрін жаппақ.
Ол не? (қар)
Табаныма байладым
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
Ол көңілді сайқымазақ емес,
Үш қабатты бірақ үй емес. (Аққала)
Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар,
балалар!
Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?
Тәрбиеші: А. Асылбековтың «Қыс» тақпағын оқып беру:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген.
Бақша - бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
- Бұл өлең шумағында не туралы айтылған?
- Қардың түсі қандай?
- Дала қандай екен?
- Сендер бақшаға келгенде қалай киінесіңдер?
Қыс ханшайымы: 3 - тапсырма. Балалар қазір қыста далаға
киінетінімізді көрсетейік, ойын жаттығулар арқылы (қимылмен
көрсету)
Құстар енді тонды ( Қар )
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады. (Күн)
Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Төбесінде даланың
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі. (Күн)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Айдын: Жапалақтап ала
қар,
Жауады күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап,
Асланбек: Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Ерасыл: Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақты
Нұрсат: Тынық күнде,бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп.
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у-у-у-деп. (қыс)
Сабина: Күзгі орманда жапырақ,
Жел тұрғанда шуылдап.
Дыбыстайды ыш-ыш-ыш – деп. (күз)
Мақсат: Бұлт үйірілсе аспанда,
Түнереді атырап.
Жаңбыр жауса бір мезет,
Дыбыстайды тырс-тырс –деп (көктем)
Көктем туралы мақалды кім айтады:
Нұрлыбек: 1. Сәуір болса.
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.
2.Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.
Нұрдәулет: 3.Мезгіл жетсе,мұз ерір.
4.Сәуірдегі жауын, сауып тұрған сауын.
Қыс туралы мақалды кім айтады?
Асылбек: 1 Қыс азығын, жаз жина.
Нұрсұлтан: 2.Арбаңды қыста сайла,
Шанаңды жазда сайла.
Расул: 3.Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.
Жұмбақтар шешейік.
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды ( Қар )
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады. (Күн)
Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Төбесінде даланың
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі. (Күн)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Ұйымдастыру кезеңі.
- -Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай
елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды)
Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе
жалтыр қыс деп те атайды сен білесің бе?
Иә білемін айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен
сырғанап, шаңғы тебеміз.
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
Жерді қар басады.Өзенді мұз басады.
Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді.
Жәндіктер тығылып қалады.
Адамдар қалың киінеді.
Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.
Желтоқсан-жыл аяғы қыстың басы ол,суық,ызғарлы болады.
Қаңтар-Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты
суық,үскірік аяз болады.
Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей
борандар болады.
Ойын тапсырмалар
№1 тапсырма Балалар сендер қалай ойлайсыңдар қыс жақсы ма? жаман
ба?
Қыстың жақсы және жаман жақтарын айтады.
№2 « Ғажайып баспалдақ»
Мына сөздері қатыстырып екі жол өлең құрастыр
1.Бар,қар.2.Ойнады,Тоңбады.3.Мұз,біз.
№3 «Сөйлемді аяқта»
1.Қырау басқан ......(әйнек,ағаштар)
2.Балалар аққала.....(Жасады,жасап ойнады)
3.Қар жапалақтап .......(Жауып тұр,жауады)
№4
«Ұқсастығын тап»
2
Жұмбақ шешу
1.Суда қалқиды,жылыда балқиды. (Мұз)
Су – ана жайлы аңызды айтып береді.
«Ерте ерте ертеде су-ана өмір сүріпті.Оның үлкен отбасы
болыпты.Ұлдары- тұман,жаңбыр,қар.Қыздары- шық,мұздық,және қарша
қыз. Олардың мінездері әр түрлі болыпты.Су-ана қызы
мұздыққа
қонаққа келеді.Су-ананың қызының қандай қасиеттері барын қазір біз
білеміз.
Мұздың қасиеттерін зерттеу.
1Мұз текшелерін жылы жерге қойсақ ол ериді.
2.Еріген мұзға бояу қосып қатырсақ түсі өзгереді.
3.Қалай ойлайсыңдар мұздың дәмі бар ма?Иісі ше?
4.Бір қалыпты температурасы бола ма?
5Ауыр ма жеңіл ме?
Ал мұз пайдалы ма жоқ па?
Неге пайдалы? (балмұздақ жасайды,сырғанақ жасайды,су астындағы
мекендеушілерге аяз қорқынышты емес екен)
Неге зиянды? (жеуге болмайды,құласаң ауыртады,лақтырғанда қатты
тиеді,өзенде мұздың бетінен жүруге болмайды)
Алгаритм бойынша белгілеу.
Өнер орталығы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Бейнелеу өнері
Сабақтың мақсаты:Дәстүрден тыс тырмалау әдісі бойынша қыс мезгілін
суреттейді.
Орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған
жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы балалар
әңгімелейді.
Сергіту сәтін Жел улейді у-у-у
Боран соқты зу-зу
Қатты-қатты жел соқты гу-гу
Шыдай алмай жапырақтар ах-ах
Билеп кетті қалтырап пах-пах
Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады.
Қорытынды. Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс
жасадыңдар.
Біз не үйрендік?
Сендерге ұнады ма?
Кімге не ұнады?
Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай
сыйлығым бар.
Көңіл-кі-күйіміз қандай? Тамаша!
Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
Ауа райы қандай? Тамаша!
Қысқы ойындар қандай? Тамаша.!
Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша! Келген қонақтарымызға да
бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)
Келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздар!
Тапсырмалар
1. «Қызықты тапсырма.»
2. «Ойланып көр» Тірек-сызба сурет бойынша
Мынау кімдер? Мынау балалар
Балалардың көңіл күйі қандай? Балалар көңілді.
Балалар қанша? Балалар көп.
Балалар не істеді? Балалар ойнады.
Көп балалар көңілді ойнады.
Тақпақ
Бір топ бала далада
Соқты қардан аққала
Мұрны қызыл үп—үшкір.
Көзі көмір қап-қара.
Көңілді қыс және қысқы ойындар. Қатынас
Тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін
кеңейтіп,сөздік қорын
байыту.Сұраққа нақты жауап беріп,сурет мазмұнына сай
әңгіме
айтуға үйрету.Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды,сырғанауға арналған
заттарды ажырата білуге үйрету
Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап,қызықтарын әңгімелету
арқылы
балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Бір - біріне қамқор болуға,ұйымшылдықпен ойнауға
тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап,әңгімелеу,жұмбақ шешу,тапсырмалар орындау.
Көрнекілік: Қыс суреттері,аққала, ,ойын суреттері.
Пән аралық қатынас: Сауат ашу,Логика
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
-Балалар бүгін бізде ерекше күн.Қәне орнымыздан тұрып апайларға
амандасып алайық.
Шаттық шеңбері
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!
І.Кіріспе бөлім
Жұмбақ шешу:
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні-түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады. (Аяз)
-Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
-Қыс мезгілінде болады.
-Қыс мезгілі қандай болады?
-Салқын болады,беті-қолымыз тоңады.Қар жауады,боран болады.
-Қыста біздер қалай киінеміз?
-Жылы киімдерімізді киеміз.
-Қандай қысқы ойындарды білеміз?
-Аққала соғамыз,шанамен сырғанаймыз,шаңғы,коньки тебеміз.Хоккей
ойнаймыз,
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар(желтоқсан,қаңтар,ақпан)
-Желтоқсан айындағы мерекелерді кім айтып береді?
ІІ.Негізгі бөлім
-Дұрыс айтасыңдар.Қарлы боранымен,сықырлаған аязымен қыс та келіп
жетті.Бірақ біз қыстан қорықпаймыз денемізді шыңдаймыз,жылы
киінеміз.Сырғанап ойнап,аққала жасаймыз.
.
-Ал,ендеше балалар қыс туралы тақпақ білсек айта қояйық.
Сырғанаққа мығымбыз
Шыныққанбыз,шымырмыз
Таудан төмен сырғанап
Біз тебеміз сырғанақ.
Аулаға қар үйгізді,
Бетті аязға сүйгізді.
Тоңбасын деп теректер
Қырау ішік кигізді.
Ағаштардың жапырағын
Ашулы жел тонайды
Ақ жамылған атырабым
Қар борайды,борайды.
Қыста жерді жауып кетті
Ал көктемде ағып кетті (қар)
Ілдім дағы аяққа
сырғып кеттім сай жаққа (Шана)
III- Дәптермен жұмыс
Жақсы балалар олай болса барлығымыз кітаптағы суреттерге қарап
әңгіме құрастырамыз.
-Суретте қай мезгіл бейнеленген?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін қайдан біліп тұрмыз?
-Балалар қалай киінген?
-Қыс мезгіліндегі қандай ойындар берілген?
Енді осы әңгімемізді толықтырып,жинақтап кім айтып жібереді
екен?
Сергіту сәті;
Бірге жаттайық.Келді- дағы қыс,
Дала аппақ түс.
Қос аяқта шаңғымыз,
Дөңге шықтық бәріміз.
Ребус шешу, Шана.
"Не артық" (Қысқы ойынға жатпайтын ойын құралын табу)
Қысқы ойындар. Топпен жұмыс
-Балалар топпен қысқы ойын түрлерін жарыса жапсырып тақтаға іледі,
әр топ сурет бойынша өз ой пікірлерін білдіреді.
Сергіту сәті:
Қысқы ойынға қажетті құралдардың суретін сал. Топпен жұмыс 1 Топ
шана, 2топ шаңғы, 3топ аққала, 4 топ хоккей ,
салынған суреттер тақтаға ілінеді.
Жұмбақ шешейік:
Қырға қарап сүйреп шығам, ойға мініп түсем. (ШАНА) тақтаға ілініп
балалар дыбыстық талдау жасайды.
Ал балалар енді бүгінгі сабақтағы көңіл күйлеріңді
білдіреміз!!!
IV-Оқу іс-әрекетін қорыту:
-Қыс мезгілі сендерге ұнайма?
-Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесің?
-Қардан не жасаймыз?
-Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?
Бағалау: Қане балалар енді бағалау парағын көтереміз.Өте жақсы.
Балалар сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатысқандарың үшін көп
рахмет!
Қыс келді
Жарияланды 22-11-2015, 17:39 Категориясы: Бала-бақша
Балабақша тәрбиешісі Жанар Ашаевна
Қоршаған ортамен танысу
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: «Қыс келді» комплексті сабақ.
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Жыл
мезгілдері жайлы білімдерін толықтыру. Қыс мезгіліне деген
қызығушылығын арттыру. Жаңа сөздермен сөздік қорын молайту.
Жұмбақтар, өлеңдер, тақпақтар арқылы тілдерін ұстарту. Әр мезгілдің
өзіндік ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, қыс туралы өлең оқу, жұмбақ
жасыру, сұрақ - жауап.
Сөздік жұмыс: ұлпа қар, қырау, аяз, боран.
Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің суреттері,
Керек құралдар: қыс мезгілінің суреті, шыны ыдыс, қар, желім,
сүрткіш, мақта.
Психожаттығу: «Амандасу - сәлемдесу»
Қайырлы таң, аспан!
Қайырлы таң, күн!
Қайырлы таң, жер!
Қайырлы таң, балалар!
Енді балалар бір - бірімізге қарап, жылы жүзбен жымиып, жақсы көңіл
- күй сыйлаймыз.
Сабақ барысы:
Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?»
Қар тоң еріп,
Су көбейіп,
Сай - салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады. /Көктем/
Өрік, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз.
Дүкендерге түседі. /Жаз/
Бұлттар төніп,
Жерге төгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады. /Күз/
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды. /Қыс/
Таңғажайып сәт: Топқа почташы хат алып келді. (қыс
суретін)
- Балалар, қазір мен сендерге өлең оқып беремін.
« Қыс» Автор: Абай Құнанбаев
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Қыс мезгілінің суретін қарастыру.
Қыс келді. Айналаның бәрі аппақ. Күн суық, аяз. Ағаштардың
бұтақтарын қырау басқан. Қыста күн қысқарады, түн ұзарады. Үйдің
мұржасынан түтін шығып жатыр. Балалар қыста шана, шаңғы, коньки
тепкенді жақсы көреді. Кейбір балалар жотадан төмен қарай шанамен
сырғанап келеді. Балалар қардан аққала жасады. Қыстап қалған құстар
бұтақтарға қонып отыр. Балалар істеген жұмыстарына қуанды.
Қармен тәжірибе жасау.
Балалар қарды ұстап көреді. Қар түсі ақ, суық болады. Қарды шыны
ыдысқа салып қоямыз. Сабақтын сонында көреміз.
Сергіту сәті:
Сұрақ - жауап:
- Қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
- Иә, дұрыс, қыс мезгілі.
- Қыстың қандай ерекше белгілерін білесіңдер?
- Қыста қар, боран, аяз, күн суық болады.
- Қыста балалар не тебеді?
- Қыста балалар шана, шаңғы, коньки тебеді.
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
Жұмбақтар жасыру:
Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. (қар)
Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады. (аяз)
Тәжірибе жасаған қарымызды бақылау. Қар еріп, суға айналды.
Қар жылы жерде еріп кетеді.
Балаларға дайын көгілдір қағазға «Қар жауып тұр» жапсыруды
ұсынамыз.
Балалар қарды мақта арқылы жапсырады.
Қауіпсіздік ережесін естерінде сақтайды.
Балалар жапсыру жұмысын музыкалық әуен арқылы орындайды.
Жасаған жұмыстарын тақтаға ілеміз.
Сабаққа барлықтарын белсенді қатыстыңдар.
Балаларды мақтау, мадақтау.
Табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктері қалыптасады.
Балалардың логикалық ойлау іс-әрекеті, жан-жақты ойын арқылы баланың қиялы, ой – өрісі, есте сақтау қабілеті дамиды.
Құстардың суреттері, қима қағаздар, қыс мезгіліне қатысты суреттер, оқулық.
Топқа бөлу.
2. Топтық жұмыс.
3. «Болжау» әдісі
4. Ассоциация құру
ІІІ. Ойын ойнату
Әр құстың артындағы сұрақтарға жауап беріп, өз орнына орналастыр.
1. Өзің білетін құстарды ата
2. Қандай үй құстарын білесің?
3. Құстардың барлығына тән белгілерді ата
4. Үй құстары немен қоректенеді?
5. Өзіңе қандай құстар ұнайды?
6. Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтандап. ( балапан)
7. Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға ғып,
Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)
8. Екі айыр құйрығы
Қияқ мұрт қанаты
Ұшқырлардың жүйрігі.(қарлығаш)
Аққу мамық ұлпа қар
Жамылады қырқалар.
Шымшып аяз бетіңді,
Ширатады етіңді.
Қос конькимен ылғи біз
Жалтыр мұзда сырғимыз.
Торғай қыста тоңады
Бұл қай кезде болады?
- Өте жақсы, қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
3. Оқулықпен жұмыс.
Әр топқа тапсырмалар беріледі:
1-топ – мәнерлеп оқиды
2-топ – түсініктерін айтады
Қар жауды..
Қатты сағындым мен қысты.
Аққаланы жасаймыз,
Коньки теуіп ойнаймыз.
Қыс мезгілі жақсы ғой,
Жаңа жыл да болады.
Балалар да қуанып,
Сыйлығын да алады.
Қыста салқын болады,
Адамдар да тоңады.
Ауырып та қалады,
Бірақ емделіп алады.
Қыста құстар тоңады,
Тамақты әзер табады.
Себебі дала салқын ғой,
Ұша алмай да қалады.
Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
Жүзімізде қуаныш
Әр көңілде жақсы
үміт
Келе
жатқан Жаңа жыл
Әкелсін көп жақсылық.
Соңғы айына
келгенде,
Күн жылына бастайды.
Көктем келіп қалғанда,
Қарлар еріп қалады.
Терезеге ою салды,
Аяз үрлеп суықты.
Суретші ме білмейміз біз,
Шыны беті әдемі.
Аю, борсық ұйықтап жатыр,
Апаң, інде түс көріп.
Аппақ қоян тығылып жүр,
Қасқыр оны жүр іздеп.
Жапалақтап қар жауды,
Айналаның бәрі аппақ.
Ағаштар да сәнді болып,
Киіп алды ақ көйлек.
Қыс айлары көңілді,
Ақ қар жапқан өңірді.
Үйренеміз жалықпай,
Коньки, шаңғы тебеміз.
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Қыста қармен ойнаймыз,
Қызыққа біз тоймаймыз.
Таудан төмен сырғанап,
Шаңғы, шана тебеміз.
Жапырақтары жайылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады?
Ол не? (Аяз)
Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын десем, қолға тұрмады (Боран)
Әуеде ақ мамық,
Қалбалақтап ұшады.
Қанаты талып,
Жерді барып құшады (Қар)
Тынық күнде, бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп.
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у-у-у-деп (Қыс)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол - аяқ, қаз тұрады (Қар)
Шелек қалпақ
басында,
Сәбіз екен
танауы.
Қыста қардан
туатын,
Тауып көрші сен оны (Аққала)
Өзі сондай
аппақ,
Жердің бәрін жаппақ.
Ол не? (Қар)
Табан тайған,
Қатып қалған,
Жылтыр айнам (Мұзайдын)
Тікен-тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте (Шырша)
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
Келіңіздер, келіңіздер
Би де билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Таңырқанып тұрмаңыздар
Сәнді шырша шақырады
Шырша жырын жырлаңыздар.
Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине,
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де.
Ал келіңдер, келіңдер.
Тақпақ айтып беріңдер,
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер!
Бір топ бала далада
Соқты қардан аққала,
Мұрны сәбіз үп-үшкір.
Көзі көмір қап-қара.
Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Кел, Жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Келді міне Жаңа жыл
Қарсы алайық бәріміз
Күліп ойнап би билеп!
Ән салайық
бәріміз