Ашық сабақ "Қыс"Абай Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қыс"Абай Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен жаңартылған білім бағдарламасы негізінде жазылған ашық сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлемдегі сөздердің байланысы

(Қыс. Абай)

Мұғалімнің аты-жөні:Мұқашева Г.Қ.

Күні: 13.12

СЫНЫП: 2Ә


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Өз бетінше жұмыс жасайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Сұрақты нақты, дұрыс қояды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Өз ойын еркін білдіреді.Сөйлемдегі сөздердің байланысына дұрыс сұрақ қояды, табады.

Бағалау критерийі

1.Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.Сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Разия: Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Айзере:Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Камилла: Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.

Раушан:

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Алсу:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

-Ендеше балалар,қазақ тілі сабағын қонақтарымызбен өзіміздің қазақ тілінде амандасумен бастайық


-Ассалаумағалейкум, қонақтар!


- Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,

Балаларым,айтыңдаршы
Бұл қай мезгіл болады? (Қыс)


-Иә,қазір қыс мезгілі.Қыс келгелі табиғатта қандай өзгерістер болды?

-Қыс сендерге ұнай ма?несімен ұнайды?


-Ендеше «Қарлы кесек»ойынын ойнап жіберейік


Оқушылар сабақты өлең оқудан бастайды.






















Оқушылар бұрылып, қонақтармен амандасады.







Сөйлем тақырыбы бойынша бір-біріне сұрақтар қояды

Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

23-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқиды(бейнетаспа)

-Қысты бейнелейтін сөздер: ақ киімді денелі,ақ сақалды,үсті-бысы ақ қырау, демалысы үскірік, аяз бен қар.

Каллиграмма құрастыру:

-У-у-у уілдеп боран соғады....

Балалар енді тоңады

-Сықыр-сықыр Аяз беттен өбеді

Ақ қар жерге төгеді

-Қырт-қырт етіп қар жатыр

Айнала бәрі жып-жылтыр?



Өлеңді оқып, қысқа қатысты сөздерді табады.Калиграмма құрастырады.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Дәптермен жұмыс.

24-тапсырма. Жұмбақты көркемдеп жаз. Шешуін тап:

Аспаннан ақ ұлпа борады,

Қырқаны сейсепке орады.

Бірінші сөйлемдегі сөздердің байланысын тауып,сызады.


Топпен жұмыс:Берілген сөздердің ішінен табиғатқа қатысты сөздерді тап.

Үскірік-аяз

Ұлпа-қар

Ақша-бұлт

Шалқар-көл

Қарлы боран


Өзіңе ұнаған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.



27-жаттығу Ауызша (керекті сөздерді қойып, өлеңді толықтырады)


Өз-өздерін бағалайды:сауатты көшіру, көркем жазуларын.

Үйге тапсырма:

26-жаттығу.

Сызбаға сәйкес мәтін құрап келу.


Аяқталуы

Сабақты бекіту

7 минут

Анализ-синтез

Рефлексия :«Тазалық»

-Мен қоржыныма не салдым?

-Нені әлі де үйренуім керек?

- Неден арылуым керек? Не қиындық туғызады?

Сабақтан алған,үйренгендерін айтады,сабаққа қатысуға кедергі болған нәрсені анықтайды.

Бағалау


3 минут



Бағалау: «Бағдаршам»

Оқушылар бағдаршаммен өздерін бағалап шығады





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2674
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі