Ашық сабақ "Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы тақырыбы физика пәні мұғалімдері үшін таптырмас сабақ жоспары. Сабақтың негізгі мақсаты оқушыларға заңды табиғат құбылыстарымен яғни, өмірмен байланыстырып түсіндіру, ұқтыру. Оқушыларға осы сабаққа байланысты есептерін шығаруылуын және формулаларын игерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың аты

§44. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы жайлы мағлұмат беру

  • Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңының күнделікті өмірде, формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы жайлы мағлұмат алады

  • Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңының күнделікті өмірде, формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана жеткізеді



ПАСКАЛЬ ЗАҢЫ:

Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Қысым жайлы не білеміз?

  2. Қолмен іс тіккенде неліктен бармаққа оймақ кигізіледі?

  3. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?

  4. Жүк машимналарының артқы доңғалақтары қос-қостан болатыны неліктен?

  5. 8. Қандай күшті үйкеліс күші деп айтамыз?

  6. 9. Үйкелістің неше түрі бар?

Кубизм стратегиясын пайдалану.

Бұл сабақтың сұрағы

Көпшілікке ұнады,

Көп нүктенің орнында

Қандай шама тұрады.

Оқушылардың алдына кубик тасталады.

1.p=.../S; 2. ...= 9,8 Н/кг;

3. F = ...*g; 4. S= F/...;

5. m=...*V 6. F=p*...;

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Паскаль жайында не білеміз?

  2. Паскаль еңбектері жайлы не білеміз?

ІҮ. Топтық жұмыс (5 минут)

1 топ Қатты денелерде

2 топ сұйықтарда

3 топ газдар топтарына есептер беріледі.

«Қатты дене» тобының есептері:

1

200см2 ауданға түсірілген күш 100Н – мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

2

Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?

 

«Сұйық» тобының   есептері:

1

Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

2

Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы 0,001м2. Бұл вагонның массасы 30т болса, ол жерге қандай қысым түсіреді?

 

«Газ» тобының есептері:

1

Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсірген қысымын табыңдар.

2

Массасы  6 т  жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы  қандай болған, егер оның топыраққа түсіретін қысымы 3кПа болса.

VІ.Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1

Білу

Паскаль заңы дегеніміз не?



2

Түсіну

Паскаль заңының формуласын жаз?



3

Қолдану

Қысымның қатты, сұйық, газдарда берілуіне мысал келтір?





4

Талдау

Қатты және сұйықтардағы қысымның берілуін салыстыр?



5

Жинақтау

Ұзындығы 1 метр, ені 50 см, массасы 10 кг дененің жерге тұсіретін қысымын анықтаңдар?


6

Бағалау

Паскаль заңын білу біздің күнделікті тұрмыста маңызы қандай?




Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

  1. Неліктен шаңғысы жоқ балаға қарағанда шаңғы байлаған бала қар үстімен жеңіл жүреді?

 

Себебі__________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

 

  1. Қай кезде сіз еденге көп қысым түсіресіз: қозғалмай тұрғанда ма, әлде жүргенде ме?

Жауабы:________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  1. Неліктен орындықта қатты да, киіз үйде көрпешеге отырған жұмсақ болып сезіледі?

Жауабы:________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  1. Неге шөл далада аттан гөрі түйемен жүрген ыңғайлы?

Себебі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________

 


Кейінгі тапсырмалар

642

Кейінгі оқу

§44. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2018
911
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі