400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қуыршақ" биі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қуыршақ биін оқушылар үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 28.01.2020ж

Тобы: Тұмар

Тақырыбы: Қуыршақ биі

Мақсаты: Әр түрлі қуыршақтар, олардың шыққан елі туралы оқушыларға мәлімет беру. Қуыршақ кейіпкерлері арқылы музыкаға, биге деген қызығушылықтарын арттыру. Шығармашылыққа, әуенді тыңдай білуге, ырғақты сезінуге үйрету.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

1.Шаттық шеңбері. Жүректен жүрекке. Оқушылар бір - біріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп, тілек айтады.

2. Көңіл-күйді анықтау. (смайлик арқылы)

ІІ. Өткен тақырыпқа шолу. Қазақ биін билеу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушылар 2 топқа бөлініп мозайкадан қуыршақтың суреті арқылы жаңа тақырыпты шығарып алады.

М: Балалар ненің бейнесі шықты қане айта қойыңыздар?

О: Қуыршақтың

М: Дұрыс айтасыңдар балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы "Қуыршақтар биі" деп аталады. Айта қойыңыздаршы мына жердегі қуыршақтардың атын білесіздер ма?

О:

М: Ендеше балалар сіздерге осы қуыршақтар туралы шағын мәлімет бере кетейін.

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат 2010 жылы ұлттық нақыштағы «Бал-бала» ойыншықтарын шығаруды бастады. Әрине, бүгінде қазақы нақыштағы ойыншықтар әр қазақтың үйінде бар деуге келмес. Десе де, отандық өнім өз тұтунышыларын әлдеқашан тапқан.

Бал бала қуыршақтары қазақша нақышта киінгенімен қоймай, қазақша ән айтып, қазақ тілінде сөйлейді. Бұл дегеніміз баланың отанға,еліне туған тіліне деген құрметін арттырады.

ЛОЛ қуыршақтары ең алғашқы рет 2016жылы Америка құрама штаттарында шығарыла бастады, одан соң Европа және Ресей елдерінде шығарылып кеңінен таралды. Қазір көздің жауын алатын бұл қуыршақтар барлық баланың ең сүйікті ойыншығына айналып үлгерді.

Эльза Дисней студиясының түсірген "Холодное сердце" толықметражды фильмнің басты рөліндегі қыз екенін барлығымыз білеміз. Эльза қуыршақтары 2016 жылы Америка құрама штаттарында және латын америкасында шығарылды. Бұл қуыршақтарда қыздардың ең сүйікті қуыршақтарына жатады.



Енді осы қуыршақтардың қимылдарын биге қосу арқылы "Қуыршақтар биін" үйренеміз. Биге біз қазіргі таңда кең таралып жүрген қазақ эстрадасындағы Кешю тобының "Қуыршақтар" әнін аламыз. Қуыршақтар биіне 11 11 қимыл түрін қосамыз.

Қане балалар ортаға шығып тұра қойыңыздар менімен бірге қайталаймыз. Бірінші музыкасыз билейтін боламыз.

Оқушылар өздері қайталайды. Енді осы қимылдарды әуен ырғағына келтіреміз.

IV. Қорыту: Балалар бүгін қандай би түрімен таныс болдық? Қуыршақтар биі сендерге ұнады ма?

V. Бекіту: Жасыл қуыршақ сабаққа түсіндім

Сары қуыршақ онша түсінбедім

Қызыл қуыршақ мүлде түсінбедім

VI. Үйге тапсырма

Би қимылдарын әуен ырғағымен бірнеше рет қайталау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 тамыз
1755
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі