Ашық сабақ "Қуыршақты шомылдырайық" кіші топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қуыршақты шомылдырайық" кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қуыршақ пен ойнай отырып сөйлеуге, дене мүшелерін атауға үйрету. Қуыршақты шомылдыру арқылы саусақ маторикасын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Гүлдер» бөбекжайы

















I-кіші «Раушан» тобы

Ашық көрсетілім

Тақырыбы: «Қуыршақты шомылдырайық»













Тәрбиеші: Хамзина А.М











С.Ашутасты 2019жыл


Ашық оқу қызметінің ұйымдастырылған конспектісі


Тобы: І-кіші «Раушан»

Тәрбиеші: Хамзина А.М

Білім саласы: «Коммуникация»

Бөлім: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Қуыршақты шомылдырайық»

Мақсаты: Балаларды қуыршақ пен ойнай отырып сөйлеуге, дене мүшелерін атауға үйрету. Қуыршақты шомылдыру арқылы саусақ маторикасын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: бас,қол,аяқ,құлақ деп қайталайды.

Түсінеді: Қуыршақ Сәулені шомылдыру керектігін түсінеді.

Қолданады: Сұрақтарға жауап беруді.

Билингвалдық компонент: көз- глаза, қол-рука, аяқ- нога,бас-голова. Сөздік жұмыс: шомылдыру. Көрнекілік құралдар: қуыршақ, қуыршақтың киімдері.


Ұйымдастырулы оқу қызметінің өткізілу барысы:

1.Ұйымдаст қозғаушы қыз. Түрі.

Мақсаты: Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызып, назарларын аудару.

Ғажайып сәт.

Топқа есік қағып қуыршақ Сәуле келеді.

Балалар бізге қуыршақ Сәуле келіпті қане амандасайық.

2. Ұйымдастыру іздестіру.

Мақсаты: зейін қойып тыңдауға, сөздерді анық қайталап айтуға үйрету.

Сұрақ-жауап:

Тәрбиеші:Балалар қуыршақ Сәуле көңілсіз қараңдаршы.

Сәуле неге көңіл –күйің жоқ ?

Сәуле: Балалар мен сендермен ойнауға келе жатырғам, орта жолда мына қуырщақтарымды түсіріп алып былғап алдым.

Тәрбиеші: Сауле сен біздің балалармен ойнауға келдіңбе?

Сәуле :Ия, бірақ енді қуыршақтар кір болып қалды.

Тәрбиеші: Балалар Сәуле жылап тұр, біз оған көмек беремізбе? Сәуле біз саған көмек береміз. Қазір осы қуыршақтарды балалармен бірге жуып, сүртіп қайта ойнайтын боласыңдар!

Сәуле: Алақай, балалар, рахмет! –(деп қуанышын білдіреді)

Тәрбиеші: Балалар алдымыз, киімдеріміз бүлініп қалмау үшін, алжапқыш киәп аламыз.

-Қуыршақтарды алып, әдемілеп кір жерлерін саусақтарымыздың көмегімен , уқалап жуамыз.

-Балалар қуыршатың басын жуайықшы.

-Қуыршақтың ішін жуайық?

-Қуыршақтың қолын жуайық қолы қірлеп қалыпты.

-Қанекей енді қуыршақтың аяғын жуайықшы.

- Құлағын тазалайықшы?

-Жуып болған қуыршақтарымызды, сүлгімен жақсылап сүртеміз.

-Балалар қараңдаршы қуыршағымыз тап-таза болды, Ия!

-Енді, не істейміз?

-Дұрыс, қуыршақтың киімдерін кигіземіз.

Сәуле қарашы қуыршақтар тап-таза болды. Енді балалармен ойнасаң болады.


Ойнамас бұрын Сәуле балалармен бір сергіп алайық. Балаларымыз шаршап қалған шығар. Қане балалар шеңберге тұрамыз.

Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық

Қарлығашқа ұқсайық

Ұшып ,ұшып алайық

Орнымызға қонайық

Сәуле: Ой , балалар рахмет сендер сондай еңбек қор екенсіңдер. Балалар мен сендерге осы қуыршақтарды ойнауға тастап кетемін. Менің кетуім керек. Анам іздеп жатқан болар. Сау болыңдар, деп-(балалармен қоштасып кетіп қалады.)


Билингвалдық компонент: көз- глаза, қол-рука, аяқ- нога,бас-голова.

Сөздік жұмыс: шомылдыру.


Рефлексивті-түзетушілік.

Мақсаты: Балаларды тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.

Сұрақтар:

1. Балалар бізге қонаққа кім келді?

2. Сендерге қуыршақтарды жуындырған ұнадыма?

3. Не үшін шомыламыз, балалар?





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2021
1522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі