Ашық сабақ: "Қыздар сұлу көрінер қылығымен" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Қыздар сұлу көрінер қылығымен" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, қыздарды сыйлауға тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағат тақырыбы: «Қыздар сұлу көрінер қылығымен»
Мақсаты: Оқушыларға 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, қыздарды сыйлауға тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, суреттер, презентация.
Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Қыздар сұлу көрінер қылығымен».

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын демекші біздің сүйікті де сүйкімді қыздарымыздың, аналарымыздың мерекесі құтты болсын!
1-жургізуші:Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2-жүргізуші: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін.Мерекелері құтты болсын
!

Ән: Наурыз думан (хормен)

Балалардың тақпақтары айтылады


Омирзакулы Тайырдың орындауында ән қабыл алыңыздар!


Сахналық көрініс
«Әжесі мен баласы» Қабдікәрім Ыдырысовтың әңгімесінен алынған үзінді. (көрініс)
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.

Әже: Ой қарғам-ау, қарғам-ау
(қыздар шығып) Рахмет жігіттер! Сендерге риза болдық, осылай бізді құрметтеп сыйлағандарың үшін. Бізде де өнерлі қыздар бар арамызда, қарсы алайық Қасен Алинаның орындауындағы биді.

Мұғалім:Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп таратады.





































«Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















Тәрбие сағат тақырыбы:

Қыздар сұлу көрінер қылығымен

6 «Ғ» сынып жетекшісі Оспанбек Айдана Акимбекқызы























2016 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2018
1343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі