Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдасты рушы
РефлексивтіКоррекциялаушы | -Балалар,бүгін сендерді «Сиқырлы еліне» саяхатқа шақырамын.Онда немен баруға болады?-Біз онда сиқырлы көлікпен барайық.Кәне өз көліктерімізді тауып алайық.(Дьенеш блогы) Ойын: «Осындай пішінді тап»-Міне «Сиқырлы еліне» де келдік, әрі қарай жаяу барамыз, ал көліктеріңді гаражға қойыңдар( клемнің үстінде гараждың суреті бейнеленген таблица)Ойын: «Гараждар»-Балалар,бұл елде өзімізді қалай ұстау керектігін білесіңдер ме?(Тиын отырған үстелге келеді,оның алдында жіпке тізіле бастаған моншақтары бар жолақшалар,логика-геометриялық пішіндер)-Балалар, тиын өз балаларына моншақ жинап жатқан екен,бірақ аяқтай алмай отыр, сендерден көмек сұрайды...қалай көмектесеміз бе?Жақсы онда кірісейік....Ойын: «Қатарды жалғастыр»(тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді,көмек керек балаларға көмектеседі,мақтайды)-Міне сендер тиынға көмек көрсеттіңдер.Сендер қандай іс жасадыңдар?-Жарайсыңдар!Сендер қайырымдылық іс жасадыңдар,енді тиынмен қоштасып,ары қарай жүрейік.Ой,қандай жел соғып тұр!Желдің бізбен ойнағысы келеді, ал сендер ше?Онда ойнайық.Сергіту сәті:Алдымнан жел еседі,Тербеледі ағаштар.Кіп -кішкентай ағаштар,Үп-үлкен боп өседі.-Жақсы, желмен ойнап,дем алдық,енді ары қарай жүрейік.(Ойыншықтар,қасқыр,аю,қоян тұрған жерге жақындайды. Олардың алдында ішінде Дьенеш блогы бар дөңгелек сақиналар, жаныныда кодтар жазылған карточкалар)-Қараңдар,қасқыр,қоян және аю мына пішіндермен ойнағанды жақсы көреді екен, бірақ олар бұл пішіндерді бөлісе алмай отыр екен.Кім айтады оларға қалай көмектесуге болады?Ойын: «Пішіндерді бөл!» ( пішіндерді құрсауларға бөлу )-Балалар,қалай ойлайсыңдар, қасқыр,қоян және аю ойынды дұрыс ойнау үшін не істеу керек?-Дұрыс, пішіндердің үйлерін белгілермен белгілеу керек. -Аңдар сендерге рахмет айтып жатыр,ал бізге ары қарай жүру керек.(Аю отырған үстелге жақындайды,оның алдында құлып салынған қорапша жатыр,жанында көп кілттер «Дьенеш блогтары»)-Аю, сен неге көңілсізсің?Не болды?(аю құлағына сыбырлағандай болады)-Балалар,аю қорапты ашалмай отыр екен, оған көмектесуіміз керек, солай ма?Ойын: «Құлыпты аш»
-Қараңдар,қораптың аузында құлып тұр,ал мына жерде көп кілт бар екен, бұл құлыптың кілті қайсы екенін қалай білуге болады ?(балалрдың назарын жатқан блогтарға аудартады) -Кім қалай ойлайды?(егер айталмаса қораптағы белгілерге назар салуға ұсынады)-Дұрыс, балалар, сендер құлыптың кілтін дәл таптыңдар! Аю өте қуанышты, сендерге рахмет айтып жатыр!-Міне ,тағы да бір қайырымды іс жасадыңдар!-Қайырымды іс деген не? -Дұрыс,ол бір-бірімізге көмектесу екен.(аюмен қоштасады)Ал енді бізге артқа тобымызға қайту керек.-Сендерге «Сиқырлы елде» ұнады ма?-Ол елде нелер тұрады екен?-Нелерге,қалай көмектестік?-Сендерге не ұнады,не қиын болды?
| Өз ойларын айтады:-поездбен,кемемен,ұшақ пен, көлікпен...т.б
-Келіседі,коды бар карточ калар арқылы өздеріне көлік таңдап алады , оларды сипаттайды.Тоқтайды, көліктерін га ражға қояды, түсі және көлемі бойынша топтас тырады.
Тыныш,ақырын,айқайламай жүру керек.... -Сәлем, тиын! Моншақтарды жинауға кіріседі.: 3 қасиеті (түсі,пішіні және көлемі бойынша)
-Көмектестік.
-Сау бол,тиын!
-Иә, ойнағымыз келеді!
Өлең жолдары бойынша қимылдар жасайды.
Ары қарай жүреді.Аю, қоян және қасқыр тұрған жерге келеді. Қызығушылық танытады.
Неге қандай пішіндер керектігін анықтайды: қасқырға көк пішіндерді , Аюға үлкен пішіндерді, қоянға дөңгелек пішіндерді бөліп береді....Өз ойларын айтады.-Белгімен белгілеу керек.Әр түрлі белгілермен белгілеп,атайды.
-Сау болыңдар!
Қызығушылық танытады.-Иә. Қуана келіседі.өз ойларын айтады.
Қораптағы код бойынша,құлыптың кілтін тауып береді, 3 қасиеті бойынша(пішіні,түсі,көлемі)
Қуанады.
-Ол көмек көрсету, жақсылық жасау.
-Сау бол,аю!Өз көліктері тұрған гаражға келіп өз көліктерін алады да балабақшаға қайтады.Қойған сұрақтар арқылы оқу іс-барысын қорытынды лайды. |