Ашық сабақ "Рационал сандар және оларға амалдар қолдану" 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Рационал сандар және оларға амалдар қолдану" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қысқа мерзімді сабақ жоспары жас мамандарға үлгі ретінде сабағына пайдалануға қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану.

Мектеп:

Есет мектеп балабақша кешені

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жолдасбаева Б

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар.Рационал сандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.7 - қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру,

оларды координаталық түзуде белгілеу.


Сабақ мақсаты

Оқушылар:

координаталық түзуде қарама-қарсы сандарды белгілеуді үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • қарама-қарсы сандарды біледі;

  • берілген санға қарама-қарсы санды табады;

  • координаталық түзуді сызады;

  • координаталық түзуде қарама-қарсы сандарды белгілей алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

берілген лексика мен терминалогияны сабақта қолданады;

координаталық түзуді салуды сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

оң сан;

теріс сан;

бүтін сан;

қарама-қарсы сандар;

координаталық түзу;

санақ басы;

бірлік кесінді;

оң бағыт;

нүкте координатасы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • координаталық түзуде үлкен (кіші) сан ... кескінделеді;

  • A(-3) жазуын «координатасы минус 3 болатын А нүктесі» деп оқимыз;

  • C(2,6) жазуын «С нүктесінің координатасы екі бүтін оннан алтыға тең» деп оқимыз;

  • берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келеді.

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы адалдық құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәнінен өткен антоним, мағынасы бір-біріне қарама-қарсы (ұзын – қысқа; толық – арық; (қалың – жұқа); күшті – әлсіз) сөздерін қолдану арқылы оң және теріс сандар, қарама-қарсы сандар ұғымын түсінеді.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


1-5 мин

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын тексеру

Топқа бөлу. (Жұмбақ жасыру арқылы)

Актуалдау.

Оқушыларға жалпы сұрақ қою:

- Оң және теріс сандарға қандай анықтама беруге болады?

- Оң және теріс сандарды координаталық түзуде қалай белгілейміз?

- 0 саны оң сан ба, әлде теріс сандарға тиісті ме?

Тапсырма 1.

Енді балалар тақтаға назар аударайықшы. Тақтадағы берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар.

ұзын – қысқа;

толық – арық; (қалың – жұқа)

күшті – әлсіз

Бұл салыстыруға қолданылған сөздерді қазақ тілі пәнінде жалпы қалай атаймыз?

Қандай сөздер антоним деп аталады?

Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер.

Мысалы: бізді қоршаған әлем өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Кішкентай кезіңізден сіздер мейірімділік және ... (зұлымдық) жайындағы ертегілерді оқыдыңыздар. Немесе жай ғана күнделікті өмірден мысал келтірсек, құбырдан ағатын су салқын және ыстық түрде болады.

Ал математикада қарама – қарсы сөздер (терминдер) кездеседі ме?

Балалар мысал келтіреді: қосу және азайту, бөлу және көбейту, оң және теріс сандар.












Слайд 1















Сабақтың ортасы


5-15 мин




15-32 мин




30-32 мин




32-37 мин


























Сабақтың соңы

37-40мин































Жаңа сабақты түсіну

Сыныппен жұмыс:


Жеке жұмыс

  • оқушылар кітапта берілген 289-290 есептерді орындайды


Жұптық жұмыс:

-оқушылар жұптасып 291-292 есептерді орындайды



Топтық жұмыс:

-бөлінген 4 топқа кесте толтыру тапсырылады.



Қалыптастырушы бағалау



  • Қарама-қарсы сандар:

а) 234 және 432

ә) 234 және -432

б) 234 және -234

  • Бүтін сандар жиыны:

а) натурал сандардан ғана тұратын жиын

ә) натурал сандардан және нөл санынан,қарама-қарсы сандардан ғана тұратын жиын

б) оң және теріс сандардан,нөл санынан ғана тұратын жиын

  • Рационал сандар жиыны:

а) натурал және бүтін сандардан ғана тұратын жиын

ә) оң және теріс бөлшектерден,бүтін сандардан ғана тұратын жиын

б) бүтін сандардан және оң бөлшектерден ғана тұратын жиын

  • «Натурал сандар және бүтін сандар жиыны рационал сандар жиынының ішкі жиыны болады»:

а) ақиқат

ә) жалған


Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.



Қосымша 2.

Математика-6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011




























































Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі