Ашық сабақ "С" дыбысымен сиқырлы орманға саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "С" дыбысымен сиқырлы орманға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
әдіс алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С» дыбысымен сиқырлы орманға саяхат

Тақырыбы: «С» дыбысымен сиқырлы орманға саяхат»
Кезең: сөзде машықтандыру кезеңі
Мақсаты: «С» дыбысын «ғажайып қорапша» ойыны арқылы сөзде анық, дұрыс айтуға
үйрету.
Түзете - дамытушылық: Балалардың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру. Дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру. Қолдың ұсақ моторикасын мозайка және дәнді - дақылдармен жұмыс жасау арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға, өзін - өзі баға дұрыс беруге және өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Айна, салфетка, стакан, түтікше, мозайка, дәндер, суреттер, слайд.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, слайд көрсету.

Іс - әрекет кезеңі
Мотивациялық қозғаушы кезең
Ізденуші - ұйымдастырушы кезең
Логопедтің іс - әрекеті
- Сәлеметсіңдер ме?
- Көңіл - күйлерін қалай?
- Балалар, бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге көп қонақтар келіпті. - Олар сендердің дыбыстарды қалай айтатындарыңды тыңдауға келіп отыр екен.
- Ендеше, оқу іс - әрекетімізге жақсы қатысып, дыбыстарды қалай айтатынымызды көрсетейік.
- Балалар мен сендерге бір дыбыс жасырамын, сол дыбыс ненің даусы екенін табуларын керек?
- Бәріміз мұқият тыңдап көрейікші ненің дыбысы?
- Иә, дұрыс жыланның дыбысы екен.
- Жылан қалай дыбыс шығарады, бәріміз бірге айтайықшы?
- Балалар қандай дыбыс естіліп тұр?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Бүгін біз «С» дыбысын дұрыс, әдемі айтып үйренеміз.
- Алдымыздағы айнаға қарап «С» дыбысын айтайықшы?
-«С» дыбысын айтқан кезде ерініміз, тіліміз, тісіміз қандай қалыпта болады екен?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар «с» дыбысы созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады.
- «С» дыбысы дауыссыз дыбыс, оны көк текшемен белгілейміз.
- «С» дыбысы неге ұқсайды?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2020
713
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі