Ашық сабақ «С» дыбысын дұрыс айтуға үйрету 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «С» дыбысын дұрыс айтуға үйрету 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп логопедтеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С» дыбысын дұрыс айтуға үйрету.

Мақсаты:

  • «С» дыбысының артикуляциясын түсіндіру, тыныс шығару жаттығуларын дұрыс орындау.Сурет арқылы ажырату, есте сақтау қабілетін дамыту.

  • Танымдық белсенділігін арттыру, ой-өрісін дамыту. Әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында сөздік қорын дамыту.

  • Оқушыларды тиянақтылыққа,адамгершілікке, тазалыққы тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Кіріспе

Сәлемдесу тренингі /Жылулық шеңбері/

2. Өткенді қайталау

Үй жұмысын тексеру

ІІ. Емдік уқалау

Бет бұлшық еттерін босаңсытып, ауыз қуысына арналған емдік уқалауды жасап, тілдің қимыл-қозғалысын жақсарту.

ІІІ. Тыныспен жұмыс

«Түтікше», «күрекше», (шар үрлеу, сыбызғы ойыншықтарын үрлеу)

Мұрынмен терең дем алып, ауыздан дем шығару.

Ауызбен терең дем алып, мұрыннан дем шығару.

ІV. Артикуляциялық жаттығулар (тапсырманың бағалануы)

Айна алдында мимикалық, ерінге, тілге арналған жатығулар жасау. «Барабан», «ат шауып келеді», «тіс тазалау», «футбол», «тәтті тосап», «грибок-гормошка», «заборчик-трубочка», «алтыбақан», «жылан», «блинчики», «тарақ», «шар», «тостағанша», «сылақшы», «маса», «сағат тілі».

V. «С» дыбысының артикуляциясын түсіндіру.

  • Ерін жымиып тұрады.

  • Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық.

  • Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады.

  • Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы жүреді.

  • Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға азу тістерге тиіп тұрады.

VI. «С» дыбысын дұрыс айтып дағдыландыруға арналған жаттығулар.

А) Пойыз жүргелі тұр. Паровоз ысылдап, бу шығарады с-с-с



Ә) «Дөңгелек жарылды». Самат велосипедпен қатты келе жатыр еді. Кенеттен дөңгелегіне шеге кіріп кетіп, жарылып қалды. Қандай дыбыс шығарады? С-с-с!

Б) «Жыланның ысылы». Балалар орман ішінде келе жатыр еді. Алдарынан жылан шыға келді де қатты ысылдады. Олар қорқып тоқтай қалды. Жылан қалай ысылдады? С-с-с!

В) «Ысқырғыш шәйнек» . Әжем базардан жаңа шәйнек сатып алды. Ол шәйнек ішінде су қайнаған кезде қатты ысқырады. Қалай ысқырады? С-с-с!

Г) «Милиционер». Балалар көшеден өтіп бара жатыр еді. Бір кезде милионер ысқырып, оларды тоқтатты. Қараса,бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр екен. Милиционер қалай ысқырды? С-с-с!

VII. Тілге жаттығуы. «Мен бастайын,сен аяқта» ойыны.

Мұғалім Оқушы Мұғалім

Ба с Бас

Қы с қыс

Та с тас

Туы с туыс

Құ с құс

Қамы с қамыс

Алғы с алғыс

Баты с батыс


VIII. «С» дыбысын сөзде айтуға дағдыландыру.

Сөзді дұрыс оқы және айт.

Сақа Санамақ

Сана Сағым

Сабақ Сарымсақ

Сандық Сапар

Саусақ Сары

Сайрады Сая

Салтанат Сақал

ІХ.Сабақты қорыту.

Бүгін сабақта қандай дыбысты айтып үйрендік?

  • «С» дыбысын.

Үйге тапсырма: айна алдында артикуляциялық жаттығуын жасау, «С» дыбысын буында,сөзде дұрыс, анық айтып үйрену.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2021
733
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі