|
Оқушы: Жаңбырбай Айтолқын Сыныбы: 2 (ПДТ). Мұғалім-логопед:Балгаева Т.С. Диагнозы: Спастико-паретическая форма дизартрии. ОНР 3 уровня. Күні: 31.01.2018 ж. Тақырыбы: «Ғажайып түстер». Логопедиялық сабақтың тақырыбы: «Ш-С дыбыстарын ажырату». Сабақтың мақсаттары Білімділік: Түстер тақырыбын меңгерте отырып, С-Ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде бір-бірінен ажыратып, анық айтуға үйрету. «Ш-С» дыбыстары туралы түсініктерін кеңейту. Артикуляциялық қалпын түсіндіру, сөздік қорын молайту. Грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыру. Түзетушілік: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, кеңістікте бағдарлауын, есте сақтауын, көріп қабылдауын, ойлау қабілетін дамыту. Ұсақ қол моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, берілген сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу, жылдамдыққа үйрету. Көрнекілігі: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті, С-Ш дыбыстары бар суреттер, табиғат суреті, Дымбілмес пен Мыстан кемпірдің суреттері, слайд. Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. - Қане, алдымен бізге сабаққа келген ұстаздармен амандасып алайық (сәлеметсізбе!) Қане, күліп қонақтарды жақсылап қарсы аламыз.
- Айтолқын, қазір бізде қандай мезгіл? (қыс) - Қыс айларын атап берші (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
- Бүгін қаңтардың нешесі? -Жарайсың! II. Үй тапсырмасы.
«Ш» дыбысының артикуляциясы.
Үйге Ш−С дыбысына байланысты сөздер жазып келуді бергенмін. Қане, тексерейін оқи ғой. Жарайсың! III. Жаңа сабақ. - Айтолқын, бүгінгі сабағымыздың негізгі тақырыбы «Ғажайып түстер» деп аталады. Ендеше, сен қандай түстерді білесің? - Жарайсың. Түстер адамға сән береді, айналаны құбылтады. Егер түстер болмаса барлығы көңілсіз болар еді. Сондықтан түстер бізге қажет екен. Бірақ, мына суретке қарайықшы. Бұл суретте не байқадың? - Дұрыс айтасың. Бұл Дымбілмес дейтін бала. Оның көңіл-күйі түсіп тұрғанын көріп тұрмыз. Оның неге көңіл-күйі жоқ білесіңбе? - Өйткені, мыстан кемпір кемпірқосақтың түстерін ұрлап алған екен. Сол себепті ол мұңайып отыр. Ал, Дымбілмес оларға қалай көмектесу керек екенін білмейді. Себебі мыстан кемпір түстерді оның тапсырмаларын орындаса ғана береді екен. Сенен көмек сұрап отыр. Түстерді тауып, кемпірқосақты бояп берейік. Қанекей, көмектесеміз бе, Айтолқын? - Ендеше, бастаймыз. - Түстердің түрін атап өттік, енді сол әрбір түсте бір тапсырма бар. Егер түстердің тапсырмасын жақсы орындасаң кемпірқосақты бояйсың. Қане, тапсырмаларды жақсы, шаршамай орындау үшін мына жаттығуларды жасап алайық. Тыныс алу жаттығулары Ауызбан дем алу - мұрынмен дем шығару( 2 рет) Ауызбен дам алу - ауызбен дем шығару (2 рет) Мұрынмен дем алу- ауызбен дем шығару (2 рет) Мұрынмен дем алу - мұрынмен дем шығару (2 рет) Торттың бетіндегі майшамды үрлеу (1рет және 3рет Өз- өзімізге массаж жасау
1 Артикуляциялық жаттығулар орындау. «С» дыбысына «Ш» дыбысына «Құймақ» «Әткеншек» «Сағат» «Тоқылдақ» «Тәтті тосап» «Кесе» «Тіс тазалау» «Сылақшы»
2 «Кім зерек?» ойыны. Әр түрлі буындардың ішінен С мен Ш дыбыстарын естігенде жалаушаны көтеріп, буынды қайталайсың. са, се, па, му, қа, ша, су, ма, ле, ше, ба, ме, шу, лу, .
3-тапсырма. Сары түс.
« 4-тапсырма. Жасыл түс Дидактикалық ойын: «Адасқан суреттер?» (сурет бойынша «с» дыбысынан басталған сөздерді «с» бағанына, ал «ш» дыбысынан басталған сөздерді «ш» бағанына орналастыру қажет)
5 «Жаңа сөз ойлап тап» ойыны Дәптермен жұмыс Қолға арналған жаттығулар.
[С]-[Ш] дыбыстарын сөздерде ажырату. Мына сөздердегі «ш» дыбысының орнына «с» дыбысын, ал «с» дыбысының орнына «ш» дыбысын қойып жаз және оқы!
ІV. Сергіту сәті. «Түстер» туралы ән қойылады. Бала сол әнді тыңдай отырып, сергіту жаттығуын және көзге арналған жаттығуларды жасайды.
6 «Дұрыс айт, анық айт» ойыны. Тізбек сөздерді шатаспай тез оқимыз. Сараның сиырларынығ саны сегіз. Сиырлары семіз, сүтті. Самал, Асыл сиырларын сауды. Самат, саят сиырларын суарды. Бақшада шие, алша көп шықты.Шара, Шолпан шие теруге шықты. Шора, Шара, Сандуғаш әнші, биші, күйші. 7 «Кім шешен?» ойыны. Суретке қарап сөйлем құра.
- Айтолқын, жарайсың! Барлық тапсырманы орындап, Дымбілмеске көмектестің. Енді, түстерді атап шығайықшы. - Дұрыс айтасың! Ендеше, Дымбілместің кемпірқосағын бояп берейік. Ұсақ қол моторикасына арналған жаттығу Тапсырма: «Кемпірқосақты бояу»
V. Сабақты бекіту.
VІ. Үй тапсырмасы. Жаттап келу! Тілді төмен са-са-са – би билейді жараса! Тілді жоғары ша-ша-ша – біздің шана тамаша!
|
№2 АРНАЙЫ (ТҮЗЕТУ) МЕКТЕП−ИНТЕРНАТЫ
ТҮЗЕУ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ−ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА
Ашық сабақ

Логопедиялық сабақтың тақырыбы

Мұғалім-логопед:Балгаева Т.С
Алматы 2018 жыл, 31 қаңтар
АЯҚ−ҚОЛЫ КЕМТАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №2 АРНАЙЫ (ТҮЗЕТУ) МЕКТЕП−ИНТЕРНАТЫ
ТҮЗЕУ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ−ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР
Ашық сабақ тақырыбы: «Ғажайып түстер»
Логопедиялық сабақтың тақырыбы: «Ш-С дыбыстарын ажырату»
Өткізілген күні: 31 қаңтар, 2018 жыл
Аты−жөніңіз:____________________________________________________
Қай қаладан келдіңіз?_____________________________________________
Қандай мекемеде жұмыс істейсіз?___________________________________
_______________________________________________________________
Мамандығыңыз:_________________________________________________
Еңбек өтіліңіз қанша жыл?_________________________________________
Жеке логопедиялық сабаққа
ПІКІР
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Пікіріңіз үшін рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Ш-С дыбыстарын ажырату" логопедия

шағым қалдыра аласыз