жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Шәкәрім Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек дастанына пікір"
Ақжал негізгі орта мектебі
Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек»
Пән мұғалімі: Г.К.Жиенбаева
2018-2019 оқу жылы
|
САБАҚ: қазақ тілі |
Ақжал негізгі орта мектебі |
||||||||||||
|
Күні: 20.12.18 ж |
Оқытушының аты-жөні: Г.К.Жиенбаева |
||||||||||||
|
СЫНЫП: 8ә сынып |
Қатысушылар саны: 11 |
Қатыспағандар:0 |
|||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны |
||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Поэмадағы ең негізгі мәселелер мен ең негізгі тартыстарды қарастыра отырып, феодалдық әдет-салт, заңның құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу, поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту; |
||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасының тақырыбы, идеясын ашу, сюжеттік –композициялық құрылымын талдау. Топ жұмысы арқылы жеке тілдік дағды қалыптасады. Сыни ойлау, еркін сөйлеуі қалыптасады.. Білімдерін өз бетінше қолданады, өз пікірін жеткізіп айтады; |
||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Сөздік қоры молаяды, мәнерлеп оқиды, тірек сөздерді түсінеді, ойлау дағдылары қалыптасады, табиғаттың тамаша құбылыстарын суреттейді |
||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, қазақ тілі |
||||||||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Тізбектеп айту, әңгіме кестесі, жұптық, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап «Ыстық орындық», «Алты қалпақ», «Кубизм» |
||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Бұл тақырып Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» поэмасымен байланысты. |
||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||
|
Жоспар-ланған уақыт |
Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз) |
Ресурстар |
|||||||||||
|
Басы 2мин
10 мин |
1.Ұйымдастыру кезеңі,
шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір - бірімен амандасып алады. І топ ІІ топ ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.«Тізбектеп айту» әдісі бойынша «Шәкәрім кім?» деген сұраққа жауап беру 1.Шәкәрім –жұрттың алдындағы батпандай ауыр міндеттерді азаматтық парасатымен сезініп, осы рухта әсем жырлар тудырған тамаша ақын. 2. Ол- келешек ұрпағына өнеге-өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы жүйрік жазушы. 3. Ол- заманы мен халқы жөнінде ой толғаған тарихшы,ойшыл пәлсапашы. 4 .Ол-шығыс пен батыстың үздік әдебиет үлгілерін халқына танытқан талантты аудармашы. 5. Ол-қоғам дамуының тынысын тап басқан ойлы мақалалардың авторы. 6. Ол-сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді әндердің туындыгері. Шәкәрім – лирик: 1)адамгершілік тақырыбы;2)ғылым-білім тақырыбы;3)әлеуметтік тақырып;4)еңбек тақырыбы;5)махаббат тақырыбы. Шәкәрім – аудармашы: 1)Пушкиннен «Дубровский», «Боран»;2)Толстойдан «Асахордан патша», «Үш сауал»;3)Физулиден «Ләйлі – Мәжнүн». Шәкәрім – эпик: 1) «Еңлік –Кебек»;2) «Қалқаман –Мамыр»; 3) «Нартайлақ пен Айсұлу». Шәкәрім – тарихшы,ойшыл. «Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі» «Мұсылмандық шарты». «Қазақ шежіресі». «Үш анық». Шәкәрім – жазушы: 1) «Әділ – Мария» Шәкәрім – сазгер: 1) «Шын сырым»;2) «Жастық»;3) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»; 4) «Анадан алғаш туғанда» т.б.
«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын тексеру. «Еңлік – Кебек» дастаны бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беріп, шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. 1) Дастанда Еңлік пен Кебек қалай
кездеседі? 2. «Бір айналып сөйлесу» әдісі бойынша «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнын айту |
|
|||||||||||
|
Ортасы 15 мин
|
Жаңа сабақ. 1. Тарих қойнауына шолу Іздендіру тапсырмасы. "Еңлік - Кебек" аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасын талдау. 1-нұсқа "Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз" деген атпен 1892 жылы "Дала уалаяты" газетінің 31-39 сандарында жарияланды. 2-нұсқа "Дала уәлаяты" газетінің 1900 жылғы 46-санында жарияланған нұсқа "Қазақ тұрмысынан хикая" деп аталды. 3- нұсқа – Мағауия Абайұлының "Еңлік - Кебек" поэмасы. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы архивінде сақталған қолжазба бойынша 1960 жылы "Дастандар" жинағында басылды. 4- нұсқа - 1912 жылы Семейде жеке кітап болып басылған "Жолсыз жаза" поэмасы. Ескілікті жақсы білген шежіре ақын Шәкәрім Еңлік - Кебек оқиғасы 1780 жылдар шамасында болды деп дәл көрсетеді.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қасындағы жас өнерпаздарға, шәкірттеріне Абай :«Осы жалғыз мола осынау елсіз жотаға пайда болғалы, міне жүз рет жадырап жаз, кірбең тартқан күз келіпті. Сол бір ықылымнан бергі көп буындар тіршілігінің үнсіз куәсі осы мола. Бұл мола — ішіне ауыр сыр бүккен мола. Мұнда жатқан бір қыз, бір жігіт. Жігіті — Кебек, қызы — Еңлік аталушы еді,»- деп сол оқиғаны әңгімелей келіп, жас ақын інілеріне осыны жыр етіп жазуды тапсырады. Міне, осылай Абай ағасының тапсыруымен дүниеге келген «Еңлік — Кебек» дастаны бүгінгі жастардың сүйіп оқитын шығармасы, ғашықтарға қойылған мәңгілік ескерткіштей. «Кестелі сөзде кемел ой » шығарманы талдау. Топтық жұмыс. І топ. Шығарманың композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау 1. Басталуы. Кебектің Нысан абызға бал аштыруы 2. Байланысуы. Кебектің аңға шығып, адасып, Еңлік үйіне түсуі 3. Дамуы. Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі. Қара жартаста кездесуі 4. Шиеленісуі. Еңлік пен Кебектің елден қашып кетуі 5. Шарықтау шегі. Көбейдің Кеңгірбай жұмбағын шешуі. Кеңгірбайдың қатал үкімі 6. Шешімі. Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Бесіктегі шырылдаған сәбидің тауда қалуы.
ІІ топ Дастанға сатылай кешенді талдау Дастанның атауы «Еңлік - Кебек» дастаны. 1891
жылы жазылған. Дастанның тақырыбы: Екі жас арасындағы махаббат,
әйел теңсіздігі.
«Кубизм» стратегиясы
Еңлік пен Кебектің өліміне кім (не) кінәлі?Ажар, Диана, Ернар өз пікірлерін айту. 1.Ру басылары кінәлі. 2. Екі жастың өздері кінәлі 3.Салт -дәстүр Әр оқушы өз ойларын жеткізеді. Кітаппен жұмыс . «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен Кебек пен Еңлік бейнесін көрсету. 1. Ақ қалпақты топқа: Сол кездегі тарихи оқиғамен байланыстыра отырып дастанның мазмұнын айту тапсырылады. 2. Сары қалпақты топқа: Дастанды оқып отырғанда қандай сезімде болдың. 3. Қара қалпақты топқа: Дастанның жағымсыз кейіпкерлері жайлы айту тапсырылады. 4.Қызыл қалпақты топқа: Еңлік пен Кебектің кездескен тұсынан монолог оқу тапсырылады. 5. Жасыл қалпақты топқа: Автор шешімімен келісесің бе? Егер автордың орнында болсаңдар, шығарманы қалай аяқтаған болар едіңдер?
Шығармашылық диктант Шәкәрім ... (1858) жылы ШҚО, Абай ауданы, Шыңғыстауының етегінде дүниеге келген. ... (5) жасында оқуға барып, ... (7) жасында жетім қалады. Әкесі Құдайберді ... (1866) жылы ... (37) жасында дүниеден озады. 10 жасында ... (домбыра) , ... (гармонь) музыкалық аспаптарында ойнауды үйренеді. ... (25) жасында болыс болып сайланады. Халық Шәкәрімді «екінші ... (Абай)» деп таныған. Ақын ... (1905) жылы Меккеге қажылыққа барған. Шәкәрім ақын 1931 жылы 2-ші ... күні ... (73) жасында жазықсыз оққа ұшқан. |
Оқулық. 1.А-4 парағы 2.Флипчарт 3.Стикер 4.Оқулық 5. Роwer point таныстырылым, бейне көрсетілім 6. Смайликпен бағалау, ауызжа ынталандыру. Мөр қою жазған жұмыстарына. Кубик-рубик Ақ, сары, қара, қызыл, жасыл қалпақтар. |
|||||||||||
|
8 мин |
ІІ. Менің пікірім ( зерделейік, ойлайық, айтайық)
|
қосымша материалдар |
|||||||||||
|
Соңы 3 мин |
Оқушылар тапсырманы орындап жатқанда Роза Рымбаеваның «Еңлік-Кебек» әнін тыңдатамын. «Алдыңғының соқпағын артқы
түзер» Шәкәрім ақын өз дастанында өз ойын осылай түйіндеген екен. Осымен мен де өз ашық сабағымды қорытындылаймын. Үйге тапсырма: Эссе “Дастаннан кейінгі ой” Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген пікірлерін жазу. Оқушыларды бағалау. Кері байланыс: Осы кестеге оқушылар өз ойларын стикерге жазып, тақтаға іліп қояды.
|
Смайликтер |
|||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||
|
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс |
|||||||||||
|
Қиялдарын шарықтатады, жаңа дүние ойлап табады. |
Смайликтер, бағалау парақшасы |
Жаратылыстану, бейнелеу Сыныптың және ауаның тазалығы. |
|||||||||||
|
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||
|
|
|||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: |
|||||||||||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген