Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: 1. Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығына талдау жасау 2. Оқушылырдың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту 3.Ақынның мәдени мұрасын құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: суреттер,сызбалар, т/б. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, тарих. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2. Үй тапсырмасын сұрау А) Абай деген кім? Ә)Оның қандай шығармалары бар? Б)Өлеңге қандай өзгерістер енгізді? В)Абайдың немере інісінің аты кім?
Материалдың қысқаша нұсқасы


10-сынып. Қазақ әдебиеті. Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: 1. Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығына талдау жасау

2. Оқушылырдың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту

3.Ақынның мәдени мұрасын құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,сызбалар, т/б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, тарих.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

А) Абай деген кім?

Ә)Оның қандай шығармалары бар?

Б)Өлеңге қандай өзгерістер енгізді?

В)Абайдың немере інісінің аты кім?

3. Жаңа сабақ

-Балалар, біз бүгін Абайдың немере інісі –Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына талдау жасаймыз. Төменгі сыныптарда оның көптеген өлеңдерімен, поэмаларымен таныстыңдар, сондықтан ол кім деген сұраққа жауап беріңдерші.

Шәкәрім –ақын

Олай болса сол кісінің басқа да қырларымен танысайық.

Сабағымызды төмендегі өлең жолдарымен бастайық.

Қайтадан қайрылып

Қауымға келмейсің,

Барыңды-

Нәріңді

Тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңда із қалдырсаң

Шын бақыт-

Осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!

Ш.Құдайбердіұлы 1858 жылы шілденің 11-і күні Семей облысы, Шыңғыстау деген жерде дүниеге келген. Руы –тобықты. Әкесі- Құдайберді, атасы-Құнанбай. Арғы атасы-Өскенбай, бабасы-Ырғызбай. Ол –ақын,прозаик, философ,аудармашы болған. Әкесінен ерте жетім қалып, атасы Құнанбайға еркелеп жас кезінде білім алмаған, дей тұрғанмен, кейіннен Абай ағасының арқасында білім алады.Ол түрік, парсы, орыс, араб тілдерін жетік меңгерген.Стамбул, Париж, Мекке қалаларының кітапханаларында, мұражайларында мағлұматтарды зерттеп,жинақтаған.19 жасынан бастап қазақ шежіресін жинаған.Пушкин,Толстой, Хожа Хафиз, Физули, Сағди, Қожа Ахмет Яссауи, Гете т/б шығармаларына аударма жасаған.Абай ұрпақтары ұшыраған зобалаңға бұл да ұшырайды, біреулердің жала жабуымен ұсталып, қамалады. Дегенмен ақталған Шәкрімді жолда біреулер атып өлтіреді , денесін құдыққа салып жібереді. Оны білген ұрпақтары құдықтан алып, Жидебайдағы Абай атамыздың бейітінің қасына жерлейді.

Енді сұраққа жауап беріңіздер:

  • Біз Шәкәрімнің қандай поэмасымен таныстық?

Олай болса, сол шығарманы талдап көрейік...

кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Қандай мінезді адам?

Қалқаман




Мамыр




Әнет баба




Көкенай





Мамырды алып қашады

Елінен кетеді



Өзі өлсе де Қалқаманның амандығын тілейді



Мамыр мен Қалқаманның амандығын тілейді, құн төлемек болады


Мамырды өлтіреді, Қалқаманды өлтіруді талап етеді, ескіліктің көлеңкесінде өмір сүрген

Батыл, намысқой, сүйгеніне қосылуды армандаған жан


Сабырлы,сезімтал,ақылды, өз теңін тілеуші



Ел бірлігін ,тыныштығын ойлайды,мейірімді, әділдікті жақтаушы, ғұлама


Намысшыл, өз заманының перзенті, билікке құмар




Шәкәрімнің шығармалары

өлеңдері

поэмалары

әндері

аудармалары

«Адамдық борышың»,

«Жастарға»,

«Анадан алған туғанымда»,

«Талап пен ақыл»,

«Тіршілік, жан туралы»

«Мақтан мен сөгіс»,

«Өмір»,

«Гауһардай көзі»

«Еңлік-Кебек»,

«Қалқаман- Мамыр»,

«Ләйлі-Мәжнүн»

«Ел қайда?»,

Бостандық таңы»,

«Кетермін, артымда сөз,әнім қалар»

Пушкиннен:

«Дубровский»,

«Боран»

Толстойдан:

«Үш сауал», «Крез патшасы»




Абай Шәкәрім сабақтастығы


Абай

Шәкәрім

Ұқсастығы

«Көзімнің қарасы»

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Ғылым таппай мақтанба»

«Гауһардай көзі»

«Насихат»


«Адамдық борышың»





Бекіту сүрақтары:

  • Шәкәрім кім ?

  • Қашан ,қайда дүниеге келген?

  • Абайды кім санаған?

Қорыту : Өз заманында өте білімді, білікті адам бола білген Шәкәрім шығармашылығы сіздер мен біздерге үлгі болуы керек екенін есте ұстайық. Оның тағылымын өз өмірімізге азық ете білейік.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
2587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12