Материалдар / Ашық сабақ "Салу есептері" 7 сынып

Ашық сабақ "Салу есептері" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы:7.4.5.10. Шеңбер. Геометриялық салулар.

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: №2 Ш. Уәлиханов ЖОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Талипова У

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Салу есептері.

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

7.1.2.16

берілген бұрышқа тең бұрыш салу, бұрыштың биссектрисасын салу, кесіндіні қақ бөлу;

7.1.2.17

кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салу;

7.1.2.18

берілген элементтері бойынша үшбұрыш салу;

Сабақтың мақсаты

Барлығы:

-есептің шартын талдауды;

-берілген бұрышқа тең бұрыш салуды;

-бұрыштың биссектрисасын салуды;

-кесіндіні қақ бөлуді біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

-кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салуды;

-берілген элементтері бойынша үшбұрыш салуды біледі.

Кейбір оқушылар:

- берілген элементтері бойынша үшбұрыш салуды;

-дәлелдеуі мен зерттеуді жүргізуді біледі.

-ActivStudio бағдарламасы арқылы салу есептерін орындай алады.

Бағалау критерийі

1. Берілген бұрышқа тең бұрыш сала алады;

2. Бұрыштың биссектрисасын сала алады;

3. Кесіндіні қақ бөле алады;

4. Кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу сала алады;

5.Берілген элементтері бойынша үшбұрыш сала алады;

6. ActivStudio бағдарламасы арқылы салу есептерін орындай алады.

Тілдік мақсаттар

Кесінді-kesindi Бұрыш –ugol Перпендикуляр- perpendikulyar

Үшбұрыш – treugol/nik Сызғыш – lineyka Циркуль – tsirkul

Диалог пен жазу сөздер үшін пайдалы мен тіркестер:

Геометриялық салу есептері дегеніміз-кейбір геометриялық есептерді абсолют дәл деп ұйғарылатын әр түрлі аспаптардың (сызғыштың, циркулдің т. б. ) көмегімен шығару.

Салу есептерін шешу, ереже бойынша 4 кезеңнен тұрады.

  1. Талдау. 2. Салу. 3. Дәлелдеу. 4. Зерттеу.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлайды.

Пəнаралық байланыс

Сызу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта Activ Studio бағдарламасы.

Алдыңғы білім

Кесінді, орта перпендикуляр, үшбұрыш, шеңбер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин







3 мин



















Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын қадағалау.

Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

Үйге берілген тапсырманы «Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы тексеру.

Салу құралдары: циркуль, сызғыш, қалам суреттері арқылы топқа бөлу. Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу.

«Тыңда, ойлан, жаса» әдісі.

Бүгінгі өтетін тақырыбымызға байланысты бұрыш, бұрыштың түрлері, бұрыштың биссектрисасы ұғымдарды ауызша қайталаймыз.

Берілген сұрақтарға жауап беру үшін әрқайсымызға бірнеше санағыш беремін , алдымызға қоямыз. Берілген сұрақтарға анықтамамен жауап беріп қана қоймай, сол геометриялық фигураларды қолымыздағы бар құралдардан жасап көреміз. Дұрыс қателігін жауаптары бойынша жұппен тексереміз.

  1. Бұрыш деп қандай фигураны айтамыз? Жасап көр.

Жауабы: Бұрыш деп бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бір бөлігін айтамыз.

2. Бұрыштың қандай түрлерін білеміз?

Жауабы. Бұрыштың түрлері: 1) сүйір бұрыш.

2) тік бұрыш

3) доғал бұрыш

4) жазыңқы бұрыш.

3. Сүйір бұрыш деп қандай бұрышты айтамыз? Жасап көр.

Жауабы: 900 тан кіші бұрышты айтамыз.

Shape1


4Shape2 . Доғал бұрыш деп қандай бұрышты айтамыз? Жасап көр.

Жауабы: 900 тан артық, ал 1800 тан кем бұрышты айтамыз.

Shape3




5Shape4 . Жазыңқы бұрышты жасап көр?

Жауабы:

Shape5

А

6. Жазыңқы бұрыштан 900 тең тік бұрышты қолдарыңыздағы құралдармен қалай жасауға болады? Жасап көр.

Жауабы. Жазыңқы бұрыш төбесінен перпендикуляр тұрғызу арқылы 900 тық екі бұрыш жасауға болады.

Shape6



.Shape7

7. Бұрыштың биссектрисасы деп нені айтамыз? Жасап көр.

Жауабы: Биссектриса деп бұрыштың төбесінен шығып, бұрышты тең екіге бөлетін сәулені айтамыз.


Shape8 Shape9



Shape10

Бағалау критерийлері:

Дескриптор

Берілген сұрақтарға анықтамамен жауап бере алады және сол геометриялық фигураларды қолымыздағы бар құралдардан жасап көрсете алады.

Бұрышты өзінде бар құралмен жасап көрсетеді.

Бұрыш түрлерін атайды.

Сүйір, доғал, жазыңқы және тік бұрыштарды өзінде бар құралмен жасап көрсетеді.

Бұрыштың биссектрисасын өзінде бар құралмен жасап көрсетеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Слайд





Суреттер.











Санағыш немесе қаламсап































Слайд





Сабақтың ортасы

(9 мин)




















Салу есептерін талдау және салу, дәлелдеу, зерттеу.

7 мин








2 мин

Салу есептерін талдау және салу, дәлелдеу, зерттеу.

6 мин

















Салу есептерінің алгоритмін талдау және толықтыру.

5 мин









1-сұрақ. Геометриялық салулар үшін қандай құралдарды қолданамыз?

Геометриялық салулар үшін негізгі сызба құралдары сызғыш пен циркуль.

Геометриялық салу есептері дегеніміз-кейбір геометриялық есептерді абсолют дәл деп ұйғарылатын әр түрлі аспаптардың (сызғыштың, циркулдің т. б. ) көмегімен шығару.

2-сұрақ Ең қарапайым салу есептері өте ерте заманда не үшін пайда болған деп ойлайсыздар?

Ең қарапайым салу есептері өте ерте заманда жер танаптарын өлшеу және әр түрлі құрылыстарды салу жұмыстарын орындағанда пайда болған.

Циркуль мен сызғыштың көмегімен шығарылатын кез-келген салу есебін бір ғана циркульмен не сызғыштың өзімен де шығаруға болады.

Салу есептерін видиодан көрсету.

1. Берілген бұрышқа тең бұрыш салады;

2. Бұрыштың биссектрисасын салады;

3. Кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салады;

Топта талдау және салу. Бүгінгі салу есептері туралы не үйренгендерін білу үшін «Топтық пікірталас» әдісі пайдаланамын. Топпен жұмыс.

Тапсырма: Берілген кесіндіні қақ бөлу.

«Жұптық әңгіме» әдісі. Жұппен жұмыс. (Флипчартта және тақтада орындайды)

1 тапсырма: Берілген үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салыңдар.

2 тапсырма: Берілген екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы бойынша АВС үшбұрышын салыңдар.

Бағалау критерийлері:

Дескриптор

Салу

есептерін талдай алады және сала алады.


1.Берілген салу есебін талдайды.

2. Берілген үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салады.

1.Берілген салу есебін талдайды.

2. Екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы бойынша үшбұрышты салады.

Сергіту сәті. Логикалық есеп.« Мен сенің жасыңды таба аламын!!!.»

«Бірге ойлаймыз» әдісі. Топпен жұмыс. (Флипчартта және тақтада орындайды)

1 топ: Тапсырма: АВ=c, AC=b екі қабырғасы және CD=m медианасы бойынша АВС үшбұрышын қалай салуға болады.

2 топ: Тапсырма: АВ=c, AC=b екі қабырғасы және CH=h биіктігі бойынша АВС үшбұрышын қалай салуға болады.

3 топ: Тапсырма: АВ=c бір қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышы <A= <B= бойынша үшбұрыш салыңдар.

Бағалау критерийлері:

Дескриптор

Салу

есептерін талдай алады және сала алады.


1.Берілген салу есебін талдайды.

2.Медиана анықтамасын тұжырымдайды.

3.Екі қабырғасы мен медианасы бойынша үшбұрышты салады.

1.Берілген салу есебін талдайды.

2.Биіктік анықтамасын тұжырымдайды.

3.Екі қабырғасы мен биіктігі бойынша үшбұрышты салады.

1.Берілген салу есебін талдайды.

2.Биіктік анықтамасын тұжырымдайды.

3.Бір қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышы бойынша үшбұрышты салады.

«Оқы, талда, толықтыр...» әдісі . Жеке жұмысты әр оқушының салу есептерінің алгоритмін түсінгендігін білу мақсатында ұсынылады. Ең алдымен тапсырманы оқиды, талдайды және салу алгоритмін түсінеді. Кейін тапсырма беріледі, сызбаға қарап отырып, алгоритмін толықтырады.

Тапсырма:Табаны және бір қабырғасы бойынша теңбүйірлі үшбұрыш салу тапсырмасын оқы және түсін.

Талдау: Табаны мен бір қабырғасы бойынша циркуль мен сызғышты пайдаланып теңбүйірлі үшбұрышты қалай салуға болады? Алдымен табанына тең кесінді салу арқылы екі төбесін саламыз, содан соң теңбүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы тең болатынын ескеріп үшінші төбесін салуға болады

Алгоритм

Алгоритм бойынша салу үлгісі

Берілген теңбүйірлі үшбұрыштың AB бір қабырғасы және CD табаны берілген болсын.

1. Жаңа үшбұрыштың бір төбесі болатын P нүктесін белгілейміз.

2.  Циркульдың ұшын C нүктесіне қойып ашасын CD-ға тең етіп аламыз

3. P нүктесінен доға жүргіземіз.

4.  Доғаның бойынан R нүктесін белгілейміз. Ол жаңа үшбұрыштың екінші төбесі болады.

5. PR кесіндісін сызамыз.

6.  Циркульдың ұшын B нүктесіне қойып, ашасын AB-ға тең етіп аламыз.

7.  Циркульдың ашасын өзгертпей центрі P нүктесінде және центрі Q нүктесінде болатындай екі доға жүргіземіз.

8.   PQ және RQ кесінділерін саламыз.

9.   PQR -ізделінді үшбұрыш.


Дәлелдеу


Aргумент

Негіздеме

1

PR = CD

Салуымыз бойынша PR және CD кесінділері тең.

2

QP = QR = AB

Салуымыз бойынша, QP, QR ұзындықтарын циркульдың ашасын AB-ға тең етіп алынды

3

QPR үшбұрышы табаны CD қабырғасы AB болатын үшбұрышқа тең үшбұрыш.

Теңбүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтары тең болады.Сондықтан үш қабырғасы бойынша бұл екі үшбұрыш тең.

Тапсырма: Суретке қарап алгоритмін жаз.

Табаны мен оған түсірілген биіктігі бойынша теңбүйірлі үшбұрыш салу

Талдау: Табаны мен бір қабырғасы бойынша циркуль мен сызғышты пайдаланып теңбүйірлі үшбұрышты қалай салуға болады? Алдымен табанына тең кесінді салу арқылы екі төбесін саламыз, содан соң табаны мен оған түсірілген биіктігі бойынша теңбүйірлі үшбұрыш салынған деп қарастырайық. Онда табанына түсірілген биіктік табанының орта перпендикуляры болатынын көреміз және табанына қарсы төбесі табанының екі ұщынан бірдей бүйір қабырғасына тең қашықтықта орналасқанын ескеріп үшінші төбесін салуға болады

Суретке қарап алгоритмін жаз

Алгоритм бойынша салу үлгісі

AB табаны және оған түсірілген CD биіктігі берілген болсын.

1.

2.

3.

4.

5.  .

Төменде табанына орта перпендикуляр тұрғызуды қарастырамыз

6.

7.  .

8.  .

9.

10.

11.   PQR –ізделінді үшбұрыш

Дәлелдеуі:


Aргумент

Негіздемесін толықтырып жаз

1

PR = CD


2

QS - PR дің орта перпендикуляры


3

QPS және QRS үшбұрыштары тең.

  • QS ортақ

  • QSR = QSP = 90° (2)бойынша.

SP = SR (2)бойынша.

4

QP = QR


5

QS = AB


6

QPR –теңбүйірлі үшбұрыш

(4)бойынша теңбүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы тең

7

QPR -табаны CDжәне биіктігі AB болатын теңбүйірлі үшбұрыш.

(1) (5) (6)-бойынша


Бағалау критерийлері:

Дескриптор

Салу

есептерін талдай алады және сала алады.


1.Берілген салу есебін талдай алады.

2.Биіктік анықтамасын тұжырымдайды.

3. Тең бүйірлі үшбұрыш анықтамасын біледі.

3. Табаны мен оған түсірілген биіктігі бойынша теңбүйірлі үшбұрыш салу сызбасына қарап алгоритмін жазады.


Слайд




















Интербел-сенді тақта

Флипчарт

Тақта,

Сызғыш

Циркуль













Флипчарт

Тақта,

Сызғыш

Циркуль















А4 форматы

Сабақтың соңы

2 мин




2 мин




2 мин

Сабақты «Блум – ромашка» әдісімен қорытындылаймын.

  1. Салу құралдарын ата?

  2. Салу есептері дегеніміз не?

  3. Салу есептері не үшін пайда болған?

  4. Қандай салулар сызғыштың көмегімен орындалады?

  5. Қандай салулар циркульдің көмегімен орындалады?

  6. Бұл салуларды қайда қолдана аламын?

Үйге тапсырма:

1 тапсырма: Берілген бұрышқа тең бұрыш салыңдар.

2 тапсырма: Бір бұрышы және оған іргелес жатқан екі бұрышы бойынша АВС үшбұрыш салыңдар.

Кері байланыс. Post-It «жапсырмалары» әдісі бойынша.

Топта немесе жеке:

Не үйрендім?

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Нені білгім келеді?

Слайд










Стикерлер


Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз.

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау


Басым бөлігіне циркуль мен сызғышпен салу есептерін орындату.

Қабілеті жоғары оқушыларға күрделілігі жоғары есептер беремін және салу есептерін ActivStudio бағдарламасында орындатамын.

Бас бармақ әдісімен, жұптық, топтық, жеке жұмысты орындау барысында бағалау критерилері бойынша критериалды бағалау

Сергіту сәттері, салу құралдарымен жұмыс істегенде техника қауіпсіздік ережесін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен депойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді

пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?



ЖИ арқылы жасау
03 Ақпан 2018
1965
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі