|
Оқу қызметінің жоспары |
«Таным»білім беру саласы Қ.М.Ұ.Қ. |
|
Тақырыбы |
Салыстыру. |
|
Мақсаты |
Екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыра білу,бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға беттестіру және тұтастыру тәсілдерін пайдалану. |
|
Көрнекі құралдар |
Үш түрлі көлемде үй макеті,үш түрлі көлемде қуыршақтар,екі түрлі көлемдегі алма ағашы, қызыл үлкен алмалар макеті,сары кішкентай алма макеттері. |
|
Сөздік жұмыс |
Үлкен,кіші. |
|
Билингвальді компонент |
Үлкен-большой, кіші-маленьки. |
|
Кіріспе бөлім |
Шаттық шеңбері. Күн күлімдеп көктемде Күлімдейді әдемі. Төбемізде қарлығаш Айналады әдемі. |
|
Негізгі бөлім |
-Жарайсыңдар,балалар.Орнымызға жайғасайық. «Қуыршақтар»әуенімен қуыршақтар келеді. -Сәлеметсіңдар ма балалар!Біз орманға барып едік, үйімізден адасып қалдық.Бізге көмектесесіңдер ме, достарым? -Ия, көмектесеміз. -Ендеше біз алдымен танысып алайық.Мен үлкен қуыршақпын, есімім Жазира.Менің үйім үлкен болған. -Ал, мен орташа қуыршақпын.Есімім Назира.Менің үйім орташа болған. -Менің есімім Рабиға.Мен ең кішкентайымын.Менің үйім кішкентай болған.(Жылайды ) -Жыламаңдар қуыршақтар, біз сендерге көмектесеміз. -Жүріңдер бірге,үйлеріңді тауып берейік.Жолда келе жатып, алдынан алма ағаштарды кездестіреді. -Балалар, қараңдаршы, мында алма ағаштары бар екен.Ағаштарымыз қатты салбырап, белдері майысып кетіпті ғой.Көңілсіз ғой. -Сәлеметсіздер ме ағаштар? Біз үйімізден адасып қалып едік,жол сілтеп жібермейсіз бе? -Жол сілтеп жіберем, тек маған да көмектерің қажет болып тұр.Біздің алмаларымыздың түсін, көлемін ажыратып ,мына себеттерге жинап берсеңдер.Әйтпесе алмамыздың көптігінен ағаштарымыз майысып, бұтақтарымыз сынайын деп тұр. -Көмектесеміз бе ,балалар? -Көмектесейік. -Мына алма ағашының алмасының түсі қандай екен? -Қызыл. -Көлемі қандай? -Үлкен. -Алма ағашымыз қандай? -Үлкен. -Дұрыс айтасыңдар балалар,қызыл алмаларды сары себетке жинайық. -Ал, екінші алма ағашының алмаларының түсі қандай? -Сары. -Сары алмамыздың көлемі қандай? -Кішкентай. -Алма ағашымыз қандай? -Кішкентай. -Сары алмаларды көк себетке жинайық. -Алмаларымыздың қайсысы көп, қайсысы аз? -Сары алма көп,қызыл алма аз екен. -Дұрыс айтасыңдар балалар,сары алмалар көп екен,ал,қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен. Ағаштар: -Балалар көп рахмет сендерге,бәрін жақсы біледі екенсіңдер.Қуыршақтардың үйіне оңға қарай жүре беріңдер,осы жолмен тура табасыңдар. Билингвальді компонент:Үлкен-большой,кіші-маленьки. Балалар қайталайды. -Енді,балалар аздап сергіп алайық. Тік ұста бойыңды, Жоғары соз қолыңды Соз қолыңды тағы да, Жеткіз керік мойнына. -Қараңдар,балалар, біз қуыршақтардың үйіне жетіп алыптық.Енді қуыршақтарымызды үйлеріне кіргізейік.Жебе келе гой, маған Жазираның үйі қандай, көрсетші. -Үлкен үй,себебі Жазира үлкен. -Нұрдана,Назираның үйін көрсетші? -Назираның үйі орташа, себебі Назира Жазирадан кішілеу. -Ал, Рабиғаның үйі қандай? -Кішкентай,себебі Рабиға ең кішкентайы. -Жарайсыңдар, балалар! -Балалар, біздің үйімізді тауып бергендеріңе көп-көп рахмет.Сендер болмағанда біз орманда адасып қалар едік,сау болыңдар! -Сау болыңдар әдемі қуыршақтар!Енді үйден алысқа ұзамаңдар. |
|
Қорытынды бөлім |
Балалар,біз бүгінгі оқу қызметімізде көп жақсылық жасадық.Алма ағаштардың алмаларын жинап бердік,қуыршақтардың үйлерін тауып бердік.Әрдайым достарыңнан көмектеріңді аямаңдар,сау болыңдар балалар! |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Салыстыру. бала бақша
Ашық сабақ Салыстыру. бала бақша
|
Оқу қызметінің жоспары |
«Таным»білім беру саласы Қ.М.Ұ.Қ. |
|
Тақырыбы |
Салыстыру. |
|
Мақсаты |
Екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыра білу,бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға беттестіру және тұтастыру тәсілдерін пайдалану. |
|
Көрнекі құралдар |
Үш түрлі көлемде үй макеті,үш түрлі көлемде қуыршақтар,екі түрлі көлемдегі алма ағашы, қызыл үлкен алмалар макеті,сары кішкентай алма макеттері. |
|
Сөздік жұмыс |
Үлкен,кіші. |
|
Билингвальді компонент |
Үлкен-большой, кіші-маленьки. |
|
Кіріспе бөлім |
Шаттық шеңбері. Күн күлімдеп көктемде Күлімдейді әдемі. Төбемізде қарлығаш Айналады әдемі. |
|
Негізгі бөлім |
-Жарайсыңдар,балалар.Орнымызға жайғасайық. «Қуыршақтар»әуенімен қуыршақтар келеді. -Сәлеметсіңдар ма балалар!Біз орманға барып едік, үйімізден адасып қалдық.Бізге көмектесесіңдер ме, достарым? -Ия, көмектесеміз. -Ендеше біз алдымен танысып алайық.Мен үлкен қуыршақпын, есімім Жазира.Менің үйім үлкен болған. -Ал, мен орташа қуыршақпын.Есімім Назира.Менің үйім орташа болған. -Менің есімім Рабиға.Мен ең кішкентайымын.Менің үйім кішкентай болған.(Жылайды ) -Жыламаңдар қуыршақтар, біз сендерге көмектесеміз. -Жүріңдер бірге,үйлеріңді тауып берейік.Жолда келе жатып, алдынан алма ағаштарды кездестіреді. -Балалар, қараңдаршы, мында алма ағаштары бар екен.Ағаштарымыз қатты салбырап, белдері майысып кетіпті ғой.Көңілсіз ғой. -Сәлеметсіздер ме ағаштар? Біз үйімізден адасып қалып едік,жол сілтеп жібермейсіз бе? -Жол сілтеп жіберем, тек маған да көмектерің қажет болып тұр.Біздің алмаларымыздың түсін, көлемін ажыратып ,мына себеттерге жинап берсеңдер.Әйтпесе алмамыздың көптігінен ағаштарымыз майысып, бұтақтарымыз сынайын деп тұр. -Көмектесеміз бе ,балалар? -Көмектесейік. -Мына алма ағашының алмасының түсі қандай екен? -Қызыл. -Көлемі қандай? -Үлкен. -Алма ағашымыз қандай? -Үлкен. -Дұрыс айтасыңдар балалар,қызыл алмаларды сары себетке жинайық. -Ал, екінші алма ағашының алмаларының түсі қандай? -Сары. -Сары алмамыздың көлемі қандай? -Кішкентай. -Алма ағашымыз қандай? -Кішкентай. -Сары алмаларды көк себетке жинайық. -Алмаларымыздың қайсысы көп, қайсысы аз? -Сары алма көп,қызыл алма аз екен. -Дұрыс айтасыңдар балалар,сары алмалар көп екен,ал,қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен. Ағаштар: -Балалар көп рахмет сендерге,бәрін жақсы біледі екенсіңдер.Қуыршақтардың үйіне оңға қарай жүре беріңдер,осы жолмен тура табасыңдар. Билингвальді компонент:Үлкен-большой,кіші-маленьки. Балалар қайталайды. -Енді,балалар аздап сергіп алайық. Тік ұста бойыңды, Жоғары соз қолыңды Соз қолыңды тағы да, Жеткіз керік мойнына. -Қараңдар,балалар, біз қуыршақтардың үйіне жетіп алыптық.Енді қуыршақтарымызды үйлеріне кіргізейік.Жебе келе гой, маған Жазираның үйі қандай, көрсетші. -Үлкен үй,себебі Жазира үлкен. -Нұрдана,Назираның үйін көрсетші? -Назираның үйі орташа, себебі Назира Жазирадан кішілеу. -Ал, Рабиғаның үйі қандай? -Кішкентай,себебі Рабиға ең кішкентайы. -Жарайсыңдар, балалар! -Балалар, біздің үйімізді тауып бергендеріңе көп-көп рахмет.Сендер болмағанда біз орманда адасып қалар едік,сау болыңдар! -Сау болыңдар әдемі қуыршақтар!Енді үйден алысқа ұзамаңдар. |
|
Қорытынды бөлім |
Балалар,біз бүгінгі оқу қызметімізде көп жақсылық жасадық.Алма ағаштардың алмаларын жинап бердік,қуыршақтардың үйлерін тауып бердік.Әрдайым достарыңнан көмектеріңді аямаңдар,сау болыңдар балалар! |
шағым қалдыра аласыз













