Ашық сабақ "Сан есімнің мағыналық түрлерінен өткенді қайталау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Сан есімнің мағыналық түрлерінен өткенді қайталау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сан есімнің мағыналық түрлерінен алған білімдерін тиянақтау. Сан есімнің өзіне тән белгілерін білу, Салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындысын жасауды, игередіӘр топ мүшелері жаттығуды толық орындайды.Келесі топқа тексеруге береді. Оқушылардың барлығы да қатысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Іле ауданы

Султанбекова Шынар Серікқазықызы


Пәні: қазақ тілі

Күні:

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы

Сан есімнің мағыналық түрлерін қайталау

Сілтеме

6-сынып «Қазақ тілі» оқулығы

Мақсаты

Сан есімнің мағыналық түрлерінен алған білімдерін тиянақтау. Сан есімнің өзіне тән белгілерін білу, Салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындысын жасауды, игерту

Күтілетін

нәтижелер

Сан есімнің мағыналық түрлерін меңгереді.
Есептік, реттік,топтық,болжалдық,бөлшектік,жинақтық сан есімдерді ажырата алады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді өздігінен меңгеру

Пәнаралық байланыс

Әдебиет,тарих

Қолданылатын әдістер

Блум таксономиясы, топтық жұмыс, СТО

Керекті жабдықтар


А4, А3 қағазы, маркер, стикерлер.


Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Ұйымдас

тыру


1 мин





Оқушылар түрлі фигуралар арқылы 4 топқа бөлу

Топ басшысы, спикер, бағалаушы сайланады

1-топ Ғалымдар

2-топ Зерттеушілер

3-топ Ойшылдар

Үй тапсырмасы


Зымыран сұрақтар

2 мин

«Алтын сандық»
Берілген сұраққа нақты, дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтарын ата?
3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?
4. Дара сан есім дегеніміз не?
5. Күрделі сан есімдерге мысал келтір?
6. Сан есімнің мағынасына қарай түрлерін ата?
7. Есептік сан есім сұрақтары?
8. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтар?
9. – ау, - еу жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім?
10. Нешінші? Қай сан есімнің сұрағы?
11. Қай сан есімдерге - ау,- еу жұрнағы жалғанғанда ы, і дыбыстары түсіріліп қолданылады?
12. Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтарды ата?
13. Қаншадан? нешеден? сұрақтарына жауап беретін сан есім?
14. Оннан екі - қандай сан есім?
15. Мың, жүз құрамына қарай қандай сан есімдер?
16. Екеу, үшеу, төртеу - қандай сан есімдер?

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Миға шабуыл

1

минуттағы ой

1 мин

Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сөз айтады.. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек

Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны

1 минут ішінде жазады

Білу

1 мин


Сан есімдер мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді:есептік, реттік, жинақтық,топтау, болжалдық,бөлшектік сан есімдер

Слайд арқылы топтастырады ,толықтырады

Сан есімнің мағыналық түрлерінен мағлұмат алады

Ойлау арқылы ойлану


Жуан, жіңішке сұрақтар

5 мин

Тақырыпты қайталау, сұрақтар құрастыру

Сұрақтарын келесі топқа береді. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса, мұғалім өзі сұрақ қоюына болады

Shape1

Ойлау арқылы ойлануға берілген сұрақтарға жауап береді, ой жүйелейді

Түсіну Оқулықпен жұмыс

Бумеранг


10 мин

1-топ Ғалымдар 129-жаттығу


2-топ Зерттеушілер 130-жаттығу


3-топ Ойшылдар 131-жаттығу


Әр топ мүшелері жаттығуды толық орындайды.Келесі топқа тексеруге береді.

Оқушылардың барлығы да қатысады.

Температура өлшеу

1 мин

  1. Мұғалім топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін бағыт береді.


Ой-бәйге

Оқулықпен жұмыс

3 мин

1-топ Семантикалық карта

2-топ Сәйкестендіру кестесі

3-топ Сатылай талдау


Берілген тапсырманы топта орындайды

Сөз тапқанға қолқа жоқ

( әріптерден сан есімді жауап айту)
сергіту сәті



2 мин

  1. Бір жылда күн бар.

  2. наурыз - “Халықаралық әйелдер күні”.

  3. Бір жылда ай бар.

  4. Бір километрде метр бар.

  5. жылы Н.Ә. Назарбаев ҚР Президенті болып сайланды.

  6. жылдары А.Құнанбаев өмір сүрген .

  7. Ел Президенті «Қазақстан - .........» бағдарламасын ұсынды.

  8. желтоқсан - “Тәуелсіздік” күні.

  9. Қазақстанда Тілдер мерекесі ........ қыркүйекте атап өтіледі.

  10. Бір метрде сантиметр бар.

  11. Бір аптада ............ күн бар.

  12. Желтоқсан оқиғасы ........... жылы болды.

  13. ......... жылы Қазақстанда ЕХРО көрмесі өтеді

  14. Биыл Тәуелсіздігімізге ....... жыл

  15. Ұлы Отан соғысы ............ жылдар аралығында болды.

  16. Қазақстан халқының саны .............-ға жуық.

  17. .................... жылдар – ел басындағы қиын, репрессия, нәубет жылдары болды.

  18. Бүгін .......... жылдың ........ қараша күні.

  19. Елімізде « ....... нақты қадам» бағдарламасы іске асуда.

  20. «Сәулет» мектеп – лицейінің ғимараты ...... қабатты.

«Кім тез ойлайды?» ойыны:






Тез жауап берулері керек

Қолдану

«Мюнстенберг» әдісі


5 мин


  1. 1- топқа

  2. Көрсетілген әріптердің ішінде сөздер құрастырылған. Тез арада барлығын қарап шығып, арасындағы сөздерді табу

Вншазаттыңшедынақтылынемоесанынжабілдіріпымдплпқаншаогшнешелдплдегеноллдсұрақтарғалдолжауаполплдберетінтлдлсанолаплтесімшгдзейінждыжэхзппесептікшещзсангещсесімолвщкміндеплдыжаталады

2- топқа

пнущзаттыңзелжосаналундвщшретінопгбілдіріпжвщшнешіншіжхухдегенолпагсұраққақлдазжылущлдхжауапезхкндтдберетінырщсандыушзпесімдлаплпреттікдмдсанатплпоқуогшесімлдплдеплаталадылпнущ

3- топқа

Ывасанывапесімдердіңываалтыйтағыналықцукенгшщзхъалты фывапролдтүрікенгшщзхбар.внкеіоларукенгқұрамынаывапролдқарайсмитдаракенгжәне варкүрделіапролджболыпукенгшбөлінедінгшю.


Оқушылар ойланады, тез жауап беруге тырысады

Жауабында есептік реттік сан есімнің ережесі жазылады

Жинақтау

тест


3 мин

  1. Сан есімнің мағыналық түрлері нешеу

А) екеу

Ә) төртеу

Б) жетеу

В) алтау

  1. Қай сөзде дефис дұрыс қойылған

А) 5-сынып

Ә) 2008-жыл

Б) ХХІ-ғасыр

В) 8-наурыз

  1. Есептік сан есімді табыңдар

А) жүз жиырма

Ә) екі-екіден

Б) алтау

В) екіден бір

  1. Топтау сан есімді табыңдар

А) жетеу

Ә) бестен

Б) бізден

В) үйден

  1. Реттік сан есімдерді табыңдар

А) жүздеген

Ә) үштен

Б) ширек

В) бірінші

  1. Тек күрделі болатын сан есім

А) есептік

Ә) бөлшектік

Б) реттік

В) топтау


тест толтырады

тексеру

1 мин

Дискриптор бойынша бағалайды

Өзін-өзі бағалайды

Рефлексия

«Мұғалімге хат»

5 мин

Бүгінгі сабақ туралы мұғалімге хат жазады.

Сабақтан алған әсерлері туралы хат жазып қалдырады

Үйге тапсырма

1мин

Үйге тапсырма көркем әдебиеттен сан есімдерге байланысты 10мақал-мәтел жазу.


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Топ мүшелері берілген тапсырмалар бойынша жинақтап, бірі-бірін бағалау

Топ бір-бірін бағалайды.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
652
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі