Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сауда жасай білесің бе?" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сіздер тамақтану ережесін ұстанасыздар ма? Жас ерекшеліктеріне қарай тамақтану ережелерінің ерекшеліктері болу мүмкін бе? Тамақтануға қатысты қандай кеңеспен бөлісе алар едіңіздер?
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: №11-12

Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жом

Күні:



Мұғалімнің есімі: Ханходжаева Ф.А

СЫНЫП: 8 Т2




Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:





Тақырыбы

2-бөлім: Сауда жасай білесің бе?

Концепт

Ақшаны үнемдеп ұстайсың ба?

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Тыңдалымдағы ақпаратты түсінеді

  • Жағдаятқа сай қарым-қатынасқа түсе алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тыңдалым мәтінінің өзектілігін көрсетеді

  • Жағдаятқа сай сөйлеу мәдениетін сақтай алады

Кейбір оқушылар:

  • Тыңдалымдағы ақпарат негізінде өзіндік ұстаным қалыптастыра алады

  • Жағдаятқа сай сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана алады.

Құндылықтар

Ас - адамның арқауы

Ынтымақтастық;

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

Өмір бойы білім алу.

Салауатты өмір салты

Бағалау критерийлері:

  • Тыңдалым негізіндегі жасалған тапсырмаларды қатесіз орындайд;

  • Ойын дәлелді жеткізеді әрі негіздей алады;

  • Бейнебаяннан негізгі ақпаратты анықтап оны сипаттап бере алады;

  • Тірек сөздерді қолдана алады.

Тілдік мақсат





















АКТ қолдану дағдылары


Оқушылар:

«Тағам» тақырыбы төңірегінде дамытылатын болады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қоректік құндылықтар, күнделікті ас мәзірі, дәрумендер, адам ағзасы, мөлшер, сіңімді, бұқтырылған, дәмдеуіштер.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:




  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?


Талқылауға арналған тармақтар:

Дәрімендік тағамдардың адам денсаулығына пайдасы қаншалықты?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Әрбір адамның тамақтану ережесі болғанына қалай қарайсыз?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сөздерді мағынасына сай орынды қолдану және сөздердің байланысуына назар аудару. Көркемдегіш құралдарды орынды қолдану.



Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты таныстырылымды көріп, интербелсенді тақтаны қолданады.

Алдыңғы оқу

Су

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

10 минут

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

  2. Үй жұмысын сұрау. Ой сергіту.

  3. Жаңа тақырып анықтау. Оқушыларға жылдам слайдтағы суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттерді жаттап алулары керек. Көрген суреттері негізінде тақырыпты анықтайды.

  4. Оқу мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.


Ортасы



Талқылау 5 минут








Тыңдалым тапсырмасы 10 минут
























10 минут















5 минут








Екінші сабақ

Сергіту сәті

5 минут











10 минут

+ 20минут көрініс және бағалау.



1-тапсырма.

Тыңдалым алды тапсырмалар.

Сіздер тамақтану ережесін ұстанасыздар ма?

Жас ерекшеліктеріне қарай тамақтану ережелерінің ерекшеліктері болу мүмкін бе?

Тамақтануға қатысты қандай кеңеспен бөлісе алар едіңіздер?



Тыңдалым тапсырмасы. Оқушыларға тыңдалым тапсырмасы таратылып беріледі. Оқушылар өз алдарына мақсат қояды. 18 сөздің қаншасын дұрыс таба аламын. Әрбір оқушы өзін-өзі бағалайды.

1) Алайда, тәттілерді балаға қосымша тағам ретінде берген жөн.

2) Уақытында тамақтанған әрбір оқушының сабаққа үлгерімі жақсы болады.

3) Сабақ барысында қарны ашып, мазасызданбауы үшін, таңғы асты тастамауы қажет.

4) Балаңыз таңғы асты ішуден бас тартса, бір стакан су немесе шөп шай берсеңіз болады.

5) Ал, түскі аста оқушы міндетті түрде ыстық тамақ ішуі керек.

6) Төртінші тамақ, ол қосымша тағам ретінде кіреді оған дәрумендерге бай салаттарды айтуымызға болады.

7) Уақытында, дұрыс тамақтанған баланың дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады.


Тыңдалым тапсырмасы екінші рет қайталанады. Оқушыларың өздерін бағалауы мен қатемен жұмысқа қосымша уақыт беріледі. Тыңдалым тапсырмасының толық нұсқасы интерактивті тақтада көрсетіледі.


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Шолу сұрақтар: Тыңдалым не туралы болды? Қозғалған тақырыптың өзектілігі қандай? Қандай жаңа ақпарат алдыңыздар?


Олай болса тыңдалған мәтіндегі ақпараттарды қолдана отырып өзіңіздің күнделікті тамақтану режиміңізді жазыңыз. (5-7 ереже көлемінде)

Оқушылар өз ережелерімен бөліседі. Бір-бірін бағалайды.

Жетістік критерийлері:

1) Ережелер нақты, әрі түсінікті болу керек.

2) Тыңдалымда айтылған ақпараттармен байланысы айқын болуы тиіс.

3) Әрбір ереженің таңдалу себебі көрсетілуі керек.


Кері байланыс. Бүгінгі сабақтағы өз белсенділіктеріңізді он балдың ішінде қаншаға бағалар едіңіздер? Неліктен? Екінші сабақта өз іс-әрекеттеріңізде нені өзгерткілеріңіз келеді? Тыңдалым бойынша өз нәтижеңізге көңіліңіз тола ма? Қателіктермен қалай жұмыс істейсіз? Сабақтың ұйымдастырылуы жайлы не айта аласыз? Сабақ барысында нені өзгерту қажет?



Бірінші сабақта өткенді қайталау, қорытындылау. Суреттердің реттілігін сақтай отырып әңгіме құрастырыңыз.Жылдамдыққа басымдық беріледі, яғни сұраған кезде оқиғаны жүйелі түрде әңгімелеп беру.



Оқушыларға тапсырмалардың бөлшектері таратылып беріледі, осы тапсырмалар негізінде оқушылар өз жұптарын табады. Жұптар берілген жағдаят негізінде өздерінің тілдік дағдылары мен қоса коммуникативтік қабілеттерін де танытулары сұралады. Тапсырманың қандай формада орындалатынын оқушылар өздері шешеді.


Кеңес беру.

Сіз ресторан менеджерісіз. Сізге өте талғампаз қонақ келді. Сіз сол қонақтың көңілінен шығарлықтай кеңестер бере алуыңыз керек. Сіздің кеңестеріңіз негізделген және ол кісінің өз таңдауын жасауға көмектесе алуы керек. Таңдау жасауға кедергі болудан сақ болыңыз.


Ұсыныс жасау.

Сіздің асханаңызға жаңадан жұмысқа қабылданған даяшы, алдын ала тапсырыс берілген орынға басқа қонақтарды отырғызып қойған. Сіз оны біршама уақыт өткенде ғана байқадыңыз. Енді сізге сіздің маңызды қонақтарыңыз келгенге дейін жаңағы қонақтарға жағдайды түсіндіріп, бұл орыннан ауысуға ұсыныс жасауыңыз керек. Сіздің ұсынысыңыз оларға қолайсыздық тудырмайтындай сыпайы болу керек және сіздің тараптан жасалған қолайсыздықтың орнын толтырарлықтай шешім де табуыңыз қажет.


Талап ету.

Сіз жедел тамақтану орталығына келдіңіз. Даяшы сіздің тапсырысыңызды алып, ұзақ уақыт жоқ болып кетті. Сізден кейін келгендердің тапсырысы орындалып, сіздікі ұмытылып кетті. Сіз менеджерді шақырып өзіңізге лайықты қызмет етуді талап ету қажет, бірақ даяшының жас қызметкер екенін ескеріп өз талабыңыздың барынша даяшының қызметіне нұқсан келтірмеуін де ескергіңіз келіп отыр. Екіншіден сіз тапсырыс берген тағамда аллергиялық әсері бар қоспалардың болмауын қадағалауды да талап етуіңіз қажет.


Бұйрық беру.

Сіз үлкен ресторанның менеджерісіз. Қарамағыңызда ондаған қызметшіңіз бар. Көпшілігімен жұмыстан бөлек те тығыз қарым қатынасыңыз бар. Бірақ алда үлкен тапсырыс болғандықтан, сізге үлкен жауапкершілік жүктелген. Яғни, сізге өте маңызды қонақтарды лайықты деңгейде күтіп алу қажет. Уақыт таяп қалса да көп дүние жасалмағанын байқадыңыз. Енді сіз өз әріптестеріңізге бұйыра отырып жұмысқа жұмылдыруыңыз қажет. Және ең бастысы сіздің бұйрықтарыңыз олардың көңілдеріне тимейтіндей, олармен достық қарым-қатынастарыңызға сызат түсірмейтіндей болуы шарт.


Оқушылар өзге жұптардың жұмыстарын қадағалап отырады. Тиісті жерлерінде жағдаятқа қатысты кеңестері де сұралып отырады. Бірін-бірі бағалайды.

Бағалау критерийлері:

1) Жағдаяттан шығу барысында тілдік, коммуникативтік дағдыларын көрсете алулары қажет

2)Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана алады.

3) Қатесіз әрі түсінікті сөйлеу.















https://www.youtube.com/watch?v=8WD3D_0UOrI































































































Аяқталуы

5 минут

Рефлексия.

Қандай жетістікке жеттім?

Әлі де қиындық тудыратын тапсырмалар бар. Оларды қалай жөндей аламын?

Маған ұнайтын тапсырмалар қандай?

Маған қажет болатын жаттығулар қандай?


Үй тапсырмасы: Бір витамин туралы креативті презентация жасаймыз


Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
1051
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12