Ашық сабақ: Сценарий дайындау. Кейіпкерлермен декарациялар жасау. 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Сценарий дайындау. Кейіпкерлермен декарациялар жасау. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға театр туралы түсінік беру, қуыршақ театрының түрлерімен таныстыру; оқушылардың өз ойын айта білуге үйрету, театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын, басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру; - театр өнеріне құрметпен қарауға тəрбиелеу. Көлеңкелі театрға арналған кейіпкерлердің көлемді бейнесін жасауды жалғастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Көркем еңбек

Мектеп: «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Күні: 21.10.2021ж

Оқытушының аты-жөні: Болатбекова А.Б

Сынып: 6 «А» (қыз балаларға арналған)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Сценарий дайындау. Кейіпкерлермен декарациялар жасау.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.4.1-Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға театр туралы түсінік беру, қуыршақ театрының түрлерімен таныстыру; оқушылардың өз ойын айта білуге үйрету, театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын, басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру; - театр өнеріне құрметпен қарауға тəрбиелеу.

Көлеңкелі театрға арналған кейіпкерлердің көлемді бейнесін жасауды жалғастыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы:

9 минут
















1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа сәттілік тілеу;

2. «Театр билеті» арқылы топқа бөлу:

1 топ – Алғырлар;

2 топ – Батылдар.

3. Алдыңғы білімді «Алтын микрафон» әдісі бойынша сұрау.

1) Тауматроп дегеніміз не? Тауматроп қалай жасалады?

2) Қуыршақ анимациясы дегенміз не?

3) Қазақстандағы ең алғашқы шыққан мультфильм қандай?

4) Қуыршақтың түрлерін атаңдар?

4. Сыныпқа «Топ ережелерін» түсіндіру;

5. Жаңа сабаққа қойылатын мақсаттарды оқушыларға жеткізу.

1. Көңіл - күйі көтерілген оқушылар бар ынта - назарын сабаққа бағыттайды;

2. Оқушылар таратылған театр билеттері арқылы, театр билеттерде көрсетілген топ орнына жайғасады;

3. Оқушылар алдыңғы өткен тақырып аясында қойылған сұрақтарға жауап береді.

4. Топ ережелерімен танысады;

5. Жаңа сабақтың мақсаттарына назар аударады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру


Билеттер, жұмыс дәптерлері, презентация

Сабақтың ортасы:

29 минут





І. Жаңа сабақты түсіндіру

Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар. 1935 ж. Алматы қаласында қазақтың қуыршақ театры ұйымдастырылды. 1938 ж. театрға республикалық қуыршақ театры дәрежесі берілді. Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981), Шымкентте (1983) және Қостанай мен Петропавлда (1992) ашылды. 2002 ж. Алматыда Қазақстан қуыршақ театрларының 1-фестивалі өтті. Қуыршақ театры, негізінен, балалар аудиториясына арнап спектакльдер қоюмен шұғылданады. Кейбір ұжымдардың қойылымдарында үлкендерге де арналған пьесалар бар.

- Көлеңкелі театрдың жұмыс кезеңдері:

1) Сценарийге сүйеніп, қара картонға қарындашпен фигураларды (кейіпкер сұлбаларын) салыңдар. Олар экранда анық көрінетін болады.

2) Сұлбаны қиып алыңдар.

3) Сұлбаларды таяқшалармен бекітіңдер.

4) Қозғалатын бөліктерін жасаңдар.

5) Жарық көзін таңдаңдар. Ол үстел шамы, туристік қолшам, бағытталған жарығы бар кез келген шырағдан болуы мүмкін.

Оқушылар презентация материалында ұсынылған жаңа білімді меңгереді, жаңа ақпаратты дәптерге жазып отырады.

«Түртіп алу» әдісі



























Оқушылар сценарийге сүйене отырып, картонға кейіпкерлерді салады, салынған кейіпкерлерді қиып, таяқшаларға жапсырады.

Сабаққа белсенді қатысып, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп отырған оқушыларды мадақтау сөздерімен ынталандыру

Презентация, оқулық, жұмыс дәптерлері

ІІ. Жаңа сабақты меңгеру

1 Тапсырма. Сарамандық жұмыстарды жасау «Сценарий құрастыру». Берілген критерийлер бойынша оқушылар театрландырылған көріністі көрсетеді.

Уақыт: 15 минут

Оқушылар берілген қуыршақтарға сәйкес сценарий құрастырып, қойылым көрсетеді.


Дескриптор:

  • Көлеңкелі театрға сценарий құрып, қойылым қойылады.

«Бас бармақ» әдісі


Қажетті материалдар: Қара фломастер, қатты қағаз, ағаш таяқшалар

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру

2 Тапсырма.

Сөйлемдердің екінші бағаннан жалғасын табыңдар. Сын есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құраңдар.

1. Қуыршақ театры -........../..........сахналық ойын көрсететін таетрдың бір түрі

2. Қуыршақты актер ......../ .........қуыршақпен ойын көрсететін театрдың бірі.

3. Сахнасына қарай қуыршақ театры ......../ ........қимылға келтіреді, оның сөзін айтып тұрады.

4. Қуыршақ театры -........./.......бірнеше топқа жіктеледі

Уақыт: 4 минут.

Оқушылар, алдарына таратылған бланктермен мұқият оқып, танысады. Бланкте берілген сөйлемдердің жалғасын тауып жазады.



«Үш шапалақ» әдісі

3-Өте жақсы!

2-Келісуге болады.

1-Түсініксіз болды.




Презентация, таратпа бланк, оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың аяғы:

7 минут

Кері байланыс. Рефлексия: «Тазалық» әдісі арқылы оқушылармен кері байланыс орнату.


Үй тапсырмасы:

§10. Сценарий дайындау. Кейіпкерлер мен декарациялар жасау.

- Тақырыпты оқу.

- Тақырып соңындағы сұрақтарға дәптерге

жазбаша жауап жазу.

Оқушылар алдарына таратылған стикерлерге сабақта алған ақпараттары туралы қысқаша мәлімет қалдырып, тақтада берілген шабадан, еттартқыш немесе қоқыс жәшігінің тұсына жабыстырады.


Презентация, стикерлер


Саралау: Бұл сабақта оқушылар арасында пәнге деген қызығушылығын арттыратын топтық тапсырмалар орындатылады. Кейбір оқушылардың өзге балаларға қарағанда күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алу қабілетін ескере отырып, сөйлемдерді құрау бағаны ұсынылады.

Бағалау: Критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы жаңа материалды толық меңгереді. Әр тапсырмадан кейін «оқушыларды қалыптастырушы бағалау» жұмысы жүргізіледі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау: оқушылар арасындағы арақашықтық сақтау маңызын түсіндіру, маскалық режимді сақтау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2021
3389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі