Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ сценарисы Қазақ халқының салт-дәстүрлері 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілеріне және барлық ұстаздарға пайдаланса болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



113 Әл – Фараби атындағы жалпы орта мектебі





Тақырыбы:



«Қазақ халқының салт-дәстүрлері.»

Shape1







Эралиева Бахриниса

Шымкент қаласы—2020жыл.









113 Әл- Фараби атындағы жалпы орта мектебінің 9-«Б» сыныбында өткізілетін «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты іс-шара ның жоспары.

Іс-шара атауы

Уақыты

Жауапты

1

Мұғалім сөзі

1мин

Мұғалім

2

Мемлекеттік әнұран

2мин

Идаятов Фарход, оқушылар

3

Мұғалім сөзі (Слайдтар)

4мин

Мұғалім, Идаятов Фарход

4

Ән

1мин

Идаятов Фарход

5

Жүргізушілер сөзі

5мин

Хавазметова Умида, Нарқулов Сарварбек

6

Қазақша би(қамажай)

4мин

Идаятов Ф, Юлдашева М, Деканбаева Г, Хавазметова У

7

Оқушылар сөзі (Бесікке салу) Бейнебаян- бесік жыры.

7мин

Оқушылар, Хавазметова У

8

Бейнебаян (Өзбекше бесікке салу)

8мин

Идаятов Ф

9

Өзбекше би (Бошингда румол)

4мин

Идаятов Ф, Миртожиева М, Мирполатова Н, Қорғанбаева У, Тойметова Д

10

Бейнебаян (Қырқынан шығару)

4мин

Идаятов Ф

11

Сахналық көрініс (Тұсау кесер)

8мин

Юлдашева М, Куванов У, сынып қыздары

12

Қазақша би

3мин

Идаятов Ф, Юсупханова М, Холниязова М

13

Жүргізушілер сөзі

5мин

Хавазметова Умида, Нарқулов Сарварбек

14

«Ата дәстүр» әні

4мин

Идаятов Ф.

15

Мұғалімнің соңғы сөзі

3мин

Мұғалім

16

Қонақтарға сөз



17

Жалпы

1:20мин












Тақырып: Қазақ халқының салт- дәстүрлері.

Мақсаты:

1.Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы мәлімет беру және салт- дәстүрлердің тәрбиелік мәнін түсіндіру.

2.Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

3.Оқушыларға кейбір салт-дәстүр үлгілерін тамашалату, көрсету.

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағат

Көрнекілігі: интерактив тақта, ән, бейнебаян, «Тұсау кесер» салт- дәстүріне қажет заттар.

Сабақтың барысы.

Мұғалім сөзі: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің өскелең ұрпақтары! Бүгінгі 9-«Б» сынып оқушыларының «Қазақ халқының салт- дәстүрлері» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Қош келдіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің кешімізге

Әнұран орындалады.

Мұғалім сөзі: Өнерлі халық - өміршең халық, қазақ халқының салт-дәстүріне бағыттылған ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Сабақтың мақсатын айтып өтемін.

Бейнебаян қойылады. Ән.

Мұғалім сөзі: Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп өтсем. (тақтада слайдтар көрсетіледі)
Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.

Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерге баланың дүниеге келген күнінен бастап жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып ер жетіп, бойжеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу,қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар,ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу.









Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар; мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, үйлену, үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді.
Енді ашық тәрбие сағатымызды жүргізу үшін сөзді бастаушыларға берсек.

1 - жүргізуші: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 - жүргізуші: Халқымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Ұрпақ атты үлкен, кіші, балдырған.
1- жүргізуші: Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.

2-жүргізуші: Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

1-жүргізуші: Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді. Түркі тілдес халықтар да қазақ халқымен бір қандас болып келеді. Яғни өзбек және қазақ халқының ата тегі бір туыс халық. Сондықтан бұл екі халықтың салт-дәстүрлері ұқсас болып келеді.
2-жүргізуші: Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той-думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді. Біз бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлеріне тоқталсақ.
1-жүргізуші: Кіндік кесу дәстүрі. Ел ішінде нәресте туған сәтте «кіндік шешесі» немесе   оның  кіндігін  кесетін  әйелдер  дайын  тұрады.  Кейде олардың  «жол менікі» деп таласатын кездері де  болады.  Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Байыпты  әжелердің  шешімімен кіндік  кескен  әйелге  «кіндік кесер» кәдесі беріледі. Кейін де «кіндік шеше» деп аталатын  әлгі   әйел  сол баланың  анасы  есепті  құрметке  ие болады. Баланың  кіндігі  түскеннен  кейін  де жасалатын  халықтық  ырымдар көп. «Елдің  қорғаны  болсын» деп ер  баланың  кіндігін  атшаптырым жерге апарып  көмеді. «Қыз отбасының  тірегі болсын» деп от орнына  немесе  табалдырыққа  көмеді.

2-жүргізуші: Сүйінші сұрау дәстүрі. Бала туғаннан кейін жан – жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады. « Ұл туғанға күн туады », «қыз туғанға ай туады», деп бала туғаннан сүйінші сұрайды. Ұл туса – «ат ұстар, қыз туса - көйлек тігер » деп те хабарлайды . Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.





Сыныбымыз қыздарының орындауындағы «Қамажай биін» тамашалайық.

1-жүргізуші: Ат қою. Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды. Қазақша балаға ат қоюдың жолы мен сәттері көп. Наурыз айында туса Наурызбай,  айт күні туса Айтбай, Айтгүл, жол жүріп келе жатқанда туса Жолдыбай. Егер қыз туа берсе  Ұлжан, Ұлпан деп қойған.

2-жүргізуші: : Шілдехана. Шілдехана деген сөзді кей жерлерде «шілделік» деп те атайды. Бұл жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық тойы.

1-жүргізуші: Бесікке салу. Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр.
Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп, өмірге келер сәбиді асыға күткен.
Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы.
Бүгін ендеше біз қазақ халқының баланы бесікке бөлеп, бесік жырын айту салтын оқушылар аузынан естиік.
1. Муниса:
Бесікке салу салтында алдымен тыштырма жасалады. Бұл тыштырма - түбектің тесігінен «тышты ма» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіру ырымы.. Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегенді білдіреді.

2. Ю. Мафтуна: Кейін бесік кертпе деген бар. Бесік кертпе – отқа табыну дәуірінен қалған ырым. Бұл дегеніміз шымшуырды отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кетеді. Оттан жын-шайтан, дерт-дербезе қашады-мыс. Бұл алаумен аластаудың бір түрі. Осыдан  кейін отпен аластайды.

3. Махлие: Бесікті аластау

Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.

4. Ботир: Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген, үбірлі-шүбірлі қадірмен әйелге тапсырылатын ырым бар. Сондықтан баланы бесікке көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді өнегелі әжелер салады. Бесікке салардың алдында баланы шомылдырып, өс-өс жасайды. Өс-өс дегеніміз балдырғанның қол-аяғын созу.















5. Гаухар:Өс-өс!
Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол – балуан білекті,
Батыл бол – таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным.

6. Махсума: Кейін анасы баланы бөлеп береді. Қыз-келіншектер бесікті жабдықтайды.

Егер баланы бесікке бөлемесе, ол анасының жанында ұйықтағасын он­ың иісін алып, онсыз ұйық­тай алмайды. Ұйқысы жиі бұзылады. Ал ұйқының дұ­рыс болмауы баланың пси­хикасына кері әсерін тигізеді. Анасының ұйқысы да жиі бұзылады. Ағзасы дұрыс демалмаған ана шаршайды. Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу, қол-аяғы түзу, ширақ болады.

Бесік жабдықталған соң бала бесікке бөленеді.

7. Қ. Умида: Бесікке бөлеу

Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Бесікке бөлеген әжеге және оның көмекшілеріне көйлек-жабдық сияқты сый тартылады.

8. Фарход: Кейін атасы бата береді:

Көтерейік білекті,

Нұрға бөлеп жүректі.

Бөбекке бата берейік,

Ағынан айтып тілекті:

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер-білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өрен, өршіл, өркенді болсын!

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандық тәлім алмасын!

Даналардың дәстүрін,

Жаңаласын, жалғасын,

Шұғылалы шуақты күн кешсін,

Басын сұр бұлт шалмасын,

Қос топшысы талмасын,

Қырандай биік самғасын!









9. Х. Умида: Балдырғанның анасы бесік жырын айтып, сәбиін ұйықтатады.

Бесік жыры.

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні – қалпағың.
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым.

Әлди, әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен тірегім,
Жаман күнде керегім!..

10. М. Мафтуна: Бесік жыры баланың дүние танымының ерте кеңеюіне жол ашады. Қазақ халқының балаларының тілі ерте шығып, жатық сөйлеуінің кілті - осы бесік жырында жатыр. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Ана баланы әннің ырғағымен тербетеді. Сәби бесікте жатқанда ана­сының ұлағатты әнін естіп, бойына тәрбиелік мазмұндағы, рухани өнерді өз ана тілінде қабылдайды.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, енді бейне тақтаға назар аударсақ. Өзбекше бесікке салу.

(Қонақтардан өзбекше әлди айтып беруін сұраймын)Өзбекше би (Бошингда румолинг)

2-жүргізуші: Қырқынан шығару. Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Халықта он рет естігеннен, бір рет көрген артық деген сөз бар. Сондықтан қырқынан шығару дәстүрін бейнероликтен тамашалайық.

1-жүргізуші: Тұсау кесіп, той жасау – ата-дәстүр, салтымыз,

Думанды тойын жасап дүбірлетіп,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
705
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12