Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ашық сабақ "Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар."

Материал туралы қысқаша түсінік
шар туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шеңбердің ұзындығының, дөңгелектің ауданының формуласын

қорытып шығару, формуланы есептер шығаруда пайдалануға

үйрету. π -саны, шар, сфера ұғымдарына шолу жасау.

Тәрбиелік: Ұқылыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, сауатылыққа және

салыстыра білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, теориялық

білімін практика жүзінде қолдана білу дағдысын дамыту.

Сабақтың тілі: Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: геометрия

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндірмелі, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, глобус, кубик, шариктер,

дөңгелек формалы шаблондар, сызғыш, жіп.

Күтілетін нәтиже: Есептер шығаруда шеңбер мен дөңгелектің

айырмашылығын ескеру.

Сабақтың мазмұны:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қажетті құралдарды дайындату.

  2. Үй тапсырмасын тексеру:

Өтілген тақырыпты пысықтау, оқушыларға геометриялық фигуралар

жөнінде сұрақтар қою.

  1. Қатынас дегеніміз не?

  2. Пропорция дегеніміз не?

  3. Пропорцияның негізгі қасиеттерін айт?

  4. Қандай шамаларды тура пропорционал шамалар деп атайды?

  5. Қандай шамаларды кері пропорционал шамалар деп атайды?

  6. Масштаб дегеніміз не?

  7. Шеңбер дегеніміз не?

  8. Дөңгелек дегеніміз не?

  9. Шеңбердің радиусы дегеніміз не?

  10. Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?

  11. Диаметр радиустан неше есе ұзын?

в) Жаңа білімді қалыптастыру

Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын анықтағанда π -саны

маңызды және өте қажет. Бұл санды ежелгі грек математигі Пифагор ашқан болатын. Ол шеңбердің ұзындығын оның диаметрінен қанша есе үлкен екендігін көрсетеді:

Шеңбердің ұзындығын өлшеп табуға болады. Ол үшін алдарыңдағы дөңгелек шаблонның көмегімен тәжірибе жасап көз жеткізейік.

Практикалық тапсырма

  1. Шаблонның жиегін жіппен айналдырып ора.

  2. Жіптің ұзындығын сызғышпен өлше.

  3. Шаблонның диаметррін сызғышпен өлше.

  4. Шеңбердің ұзындығын оның диаметрінің ұзындығына бөліңдер. Оқушылардың шығарған бөліндісі бірдей болады. Кез келген дөңгелектің шеңберінің ұзындығының оның диаметрінің ұзындығына қатынасы тұрақты шама. Оны гректің π-әріпімен белгілейміз.

π –саны шектеусіз ондық бөлшек.

Есептеулерде мәні алынады = π бұдан С = π · D

егер D = 2 R онда С = 2 π R

шебердің ұзындығы π саны мен шеңбердің диаметрінің көбейтіндісіне тең.

1 есеп: D = 10 см. С - ? С = π · D

С = π · D =3,14 ·10 = 31,4 (см) Жауабы: 31,4 см.

2 есеп: R =15 см. С - ? С = 2 π · D

С = 2 · 3,14 · 15 = 94,2 (м) Жауабы: 94,2 м.

Шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын анықтағанда π - саны маңызды және өте қажет. Бұл санды ежелгі грек математигі Пифагор ашқан болатын.

Ол шеңбер ұзындығын оның диаметрінен неше есе үлкен екенін көрсетеді.

Дөңгелектің ауданы

Көптеген зерттеулердің көмегімен дөңгелектің ауданы қабырғасы дөңгелектің радиусындай квадраттың ауданынан π-есе артық екені дәлелденген.

S = π R2 Дөңгелектің ауданы оның радиусының квадраты мен π – дің көбейтіндісіне тең.

3 есеп: Берілгені: R = 5 см. Шешуі: S = π R2

Табу керек; S

S = 3,14 · 5 2 = 3,14 · 25 = 78,5 м 2 Ж: 78,5 м 2

Шар: Глобус, ойын добы, ядро т.б. шар деп аталатын фигура. Шардың беті Сфера деп аталады. «Сфера» грек сөзі. Қазақша «Доп» дегенді білдіреді. Шардың центрі арқылы өтіп, сфераның екі нүктесін қосатын кесінді шардың (сфераның) диаметрі деп аталады. Шардың қимасы дөңгелек болады. Сфераны жазықтықпен қиғандағы қимасы шеңбер болады. Жер шар тәріздес. Суреттерін салу с/к глобус, сфера, шар, доп.

4. Жаңа сабақты пысықтау

1. π – саны неге тең.

2. шеңбер ұзындығының формуласы.

3. Дөңгелектің ауданының формуласы.

4. Шарға мысал келтір

5. Сфераға мысал келтір.


Есептер шығару.

162 1,2 4 оқушы орындайды.

5. Дарынды оқушымен жұмыс.

174 1.13 сурет бойынша шығару.

6. Бой сергіту сәті. «Ойлан тап»

Логикалық есептер.

1) R=2 см шар, көлемі қандай кубтың ішіне сияды.

Шешуі: Д =2 · R = 2 · 2 = 4 см.

a = д = 4см.

V = а3 = 43 = 64 (см3) Ж: 64 см3



7. Көмекті қажет ететін оқушылармен жұмыс.

1) π ≈ ?

2) Шеңбердің ұзындығы - ?

3) Шеңбердің ұзындығын қандай әріппен белгілейміз.

4) Радиус дегеніміз не?

5) Диаметр неше радиусқа тең?

6) Шар, сфераға мысал келтір.


8. Бағалау.

Үйге тапсырма: № 176. № 183.

Тест тапсырмалары

6 сынып


Р/с

Тапсырмалар

Жауаптары

1.

1) 4,2 : 6,3 2) 33 : 22

3) 2,5 : 5 4) 64 : 96

қатынастардың қайсысы тең?

А) 2 және 4 В) 1 және 4

С) 2 және 3 Д) 1 және 3

2.

Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыздар:


А) 6; В) 15

С) 7; Д) 10

3.

Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыздар:

13,5 : 9 = Х : 12

А) 12 С) 18

В) 8 Д) 16

4.

Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып теңдеуді шешіңдер

А) 7,2 В) 1

С) 80; Д) 39,15


5.

16 кг қоспада 7,2 кг темір бар. Неше кг қоспада 3,6 кг темір бар?

А) 7,5 кг С) 3,2 кг

В) 5 кг. Д) 8 кг


6.

Х-ті табыңдар:

|Х – 3| = 5

А) – 5; 5; В) – 2; 8;

С) – 4; 3; Д) – 8; 2;

7.

Есептің шартына сәйкес дұрыс пропорцияны таңдап ал. Есеп: 6 га егістікке 10 8ң дән себілді. 15 га егістікке себілу үшін қанша дән керек?


А) 15 : 6 = 10, 8 : Х

В) 6 : 15 = Х : 10, 8

С) 6 : 10,8 = Х : 15

Д) 6 : 10, 8 = 15 : Х

8.

Үш санның қатынасы 2 : 5 : 9 қатынасындай. Ең кіші сан мен, ең үлкен санның қосындысы 55 ке тең. Осы сандардың қосындысын табыңдар.


А) 85; С) 78;

В) 70; Д) 52;

9.

Үш санның қатынасы 3 : 4 : 8 қатынасындай. Ең үлкен сан мен, ең кіші санның айырымы 30-ға тең. Осы сандардың қосындысын табыңыздар.

А) 52;

В) 48;

С) 90;

Д) 36;

10.

Есептерңдер:


А) ; В) ;

С) 2,5 ; Д)

11.

Есептеңдер:

DrawObject1 2 · 45 +3 · 30 – 4 · 15

| - 8 | · 28 - |8| ·13

А) 1; С) 5;

В) 2; Д) 7;

12.

Теңдеудің түбірлерін көрсет.

|Х| + 1 = 4

А) – 5; 5; С) – 3

В) – 3; 3; Д) 3

13.

Өрнектің мәнін табыңдар.

| - 27| - |15| + |0| - | - 4|

А) 8; В) – 8;

В) 46; С) 38;

14.

Өрнектің 30 оқушы бар оның 19-ы математика үйірмесіне, 15-і спорттың үйірмелерге қатысады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі шет тілдер үйірмесіне де, спорттың үйірмеге де қатысады?

А) 3;

В) 4;

С) 5;

Д) 2

15.

Картадағы 1см-ге жер бетіндегі 500см қашықтық сәйкес келеді. Картаның масштабын табыңдар.

А) 1 : 500

В) 1 : 50000

С) 1 : 5000

Д) 1 : 2500

16.

- ( - ( -( -( - 74 ))))

А) – 74 С) 0

В) 47 Д) 71

17.

- 5; 0,3; - 0,9 ; 0; - 14;

27; - 7,5 сандарының қайсысы координаталық түзуде – 8 ден солға қарай орналасқан? Санды анықта.

А) – 7 С) – 14

Д) – 5 В) 27


18.

Координаталық түзуде К ( - 4,5) және R (9,5) нүктелерінің арасында неше бүтін сан орналасқан?

А) 9

С) 13

Д) 4

В) 14

19.

Амалдарды орындаңдар.

7,8 : (-2,6) + ( - 5,2) · ( - 5)

А) – 2 С) 15

В) 23 Д) 20

20.

Сыныптағы барлық оқушылардың саны -27 оның қыздар Сыныпта неше қыз бар?

А) 12 С) 15

В) 18 Д) 14

21.

Тік төртбұрыштың ені 6 см. Оның ұзындығы енінен 60 % артық. Периметрін табыңдар.

А) 31,6 С) 30

В) 32 Д) 30,6

22.

Екі санның қосындысы 350. 1-ші санның 80 %-і екінші санның 60 % -іне тең. 1 ші санды табыңдар.

А) 150 С) 180

В) 170 Д) 200

23.

Шеңбердің радиусы 25 см. доңғалақ 100 рет айналғанда неше метр қашықтыққа барады?

А) 168 м С) 140 м

В) 157 м Д) 126 м

24.

Диаметрі 20 дм дөңгелектің ауданы неге тең?

А) 208 С) 314

В) 260 Д) 320

25.

Бөлшекті қысқартыңдар.

0, 54 · (- 1, 25) ·1, 6 · 0,3

- 0,9 · 0, 48 · ( - 0,5)

А) 2,3 С) (-1,5)

В) 2 Д) 2,5



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.01.2019
1408
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12