Материалдар / Ашық сабақ "Сенім" 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сенім" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
айналаңа, жан-жануарларға қамқор болу туралы білімдерін кеңейту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2020
381
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Кайсенова Наргуль Кадесовна

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылы

«І.Айттыков атындағы орта мектеп-балабақша кешені»КММ


Сабақтың тақырыбы: Өзіңе сенім

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

Мектеп «І.Айттыков атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шындықты айту, уәдеде тұру, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық

Пән мұғалімі: Н.Кайсенова Сыныбы: 6

Сабақтың мақсаты: қиянат жасамау адам өміріндегі маңызды іс екендігі жөнінде түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: - айналаңа, жан-жануарларға қамқор болу туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушыылық: - әрқашан көмектесуге дайын болуға ықпал ету;

Тәрбиелік: - мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. «5 –Т» ережесін қайталау

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

Ресурстар үн таспа,

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ертеңіме сенемін Иранбек Оразбаев

Өмірімнің мәні – өлеңім Еркемін мен ойлар ертеңін

Жайқалған нұр жасыл желегім Мәңгіліктің жырын өркеп ем

Мен өміріме, өлеңіме Мен жырларыма, нұр бағыма

Сенемін, сенем... Сенемін, сенем...

Жайқалған нұр жасыл желегім Өрлесін деп жаяр өркенім,

Ертеңім деп табар қорегім. Өмірімнің күйін шертемін

Мен өміріме, өлеңіме Ертеңім – менің ертегім

Сенемін, сенем... Ертеңіме сенемін...


  1. Дәйексөз.

«Ерліктің шарты – өзіңе сенім» халық даналығы

1. Сенім қандай іс-әрекеттердің бастауы бола алады?

2. Өзіне сенімді адамның бойында қандай қасиеттер болады?

3. Өзіңнің басқа адамдарға сенімсіздік танытқан сәттерің болды ма?


  1. Мұғалім  сыйы.

Екі дос пен тарғыл мысық (Әңгіме)

Серік Үсенұлы

Екеуі бірге мектептен қайтып келе жатқан. Бір кезде жол саябақты кесіп өтетін жіңішке соқпаққа ұласты. Дәл сол кезде есіне кенет бірдеңе сап еткен Дарқан әңгімені басқа тақырыпқа бұрды.

Сәрсен, саған бірдеңе көрсетейін бе?– деді досына қарап.

Ол не?– деді Сәрсен Дарқанның үніндегі өзгеріске елең етіп.

Көресің бе?.. Алдымен соны айтсаңшы…

Көрем. Не ол?

Онда жүр. Қазір көресің.

Соны айтқан Дарқан жолдан шығып, саябақтың ортасына қарай жүрді. Онда үлкен-үлкен ор қазылып, электр сымдары тартылып, күрделі жӛндеу жұмыстары жүріп жатқан еді. Жүруге қиын болатын. Сәрсен сәл бөгеліп  қалғанмен, ақыры досының артынан амалсыз ерді. Екінші жағынан оны Дарқанның жаңа көрсетем деген нәрсесі қызықтырған еді. «Не болды екен?» деп ойлаған ол Дарқанға қарай асықты. Сәрсен Дарқанды ұзатпай қуып жетті.

Ол не, Дарқан? Айтшы…– деді қатарласа бере.

Асықпа, қазір көресің,– деді досы құпия жымиып.

Сұрақтың салмағы одан сайын арта түсті. Жауабы айтылмаған жұмбақ тағатты таусар халге жеткізді. Екеуі ентіге басып бір шеттегі үлкен шұңқырдың жиегіне келіп тоқтады. Тереңдігі 3-4 метр келетін дәу ұраның іші бетонмен құйылыпты. Тіп-тік және адамның бойы жетпестей биік. Жағасындағы үйінді топырақпен тіпте де биіктей түскендей. Ал түбі теп-тегіс. Ірге жақта жатқан үлкендігі бақырдай екі- үш тарғыл тастан басқа ештеңе байқалмайды.

Осы ма?– деді Сәрсен Дарқанға мұрнын тыржитып.

Мұндай шұңқырлар көп қой қалада!

Сен ештеңе көрмедің бе?– деді Дарқан досының жүзіне барлай қарап. Сәрсен сасып қалды.

Не-е? Көретін тағы не бар?– деді өз-өзінен қуыстана шұңқырға қайта үңіліп.

Қарадым ғой, не бар онда?...

Сен шынымен ештеңе көрмедің бе?..– деді Дарқан оның қитығына тие, мазақтай тіл қатып.

Қара ана жаққа, соқыр! Ірге жақтағы ана тастың түбінде мысық отыр…– деді сұқ саусағымен нұсқап.

Кәне…– Еңкейе түскен Сәрсен артынша қуана шалқайды.

Ей, рас. Анда мысық отыр екен ғой. Тастан аумайды екен өзі. Тас екен деп қаппын… Бұл қайдан жүр мұнда?...

Білмеймін. Кеше кеште осы тұстан өтіп бара жатқанда байқадым. Бірдеңе мияулайды. Бұрылып келіп қарасам, осы мысық екен. Біреулер әкеп тастаған ба, жоқ өзі түсіп кеткен бе, білмеймін?! Жанталасып шыға алмай жүр. Орта тұсқа дейін секіріп келеді де, қайта құлайды. Артынша қайта секіреді… қайта құлайды. Мен де көмектесе алмадым. Болмаған соң, үйден нан әкеліп бердім. Қараңғы түсіп кетті, амалсыз үйге қайттым… Бүгін сабақта күні бойы осыны ойлап отырдым. Бірақ шығарып алатын ешбір амал таба алмадым.

Жіп салып тартып алмаймыз ба?– деді сәл ойланып қалған Сәрсен. – Жоқ. Оны кеше істеп көрдім. Жіпті салғаныңмен, ұстай алмайды екен. Аяғымен шұқып ойнап жүр, мені ойнатып жатыр деп қалған секілді…

Онда қайтеміз?..

Бәсе, қайтеміз? Екеуі біраз үнсіз тұрған соң кері бұрылды. Мысық та алға қарай мияулай ұмтылды. Ілмиіп қу жаны қалыпты. «Мені тастап қайда барасыңдар?» дейтіндей. Аянышты үні құлақтарынан өтіп, жүректеріне жетті. Бір-біріне қарасып тағы бір сәт тұрып қалды. Сол аралықта:

Таптым!– деді Дарқан Сәрсеннің иығынан алақанымен салып қалып.– Таптым! Жүр, маған көмектес.– Арқасындағы сөмкесін шешіп жерге қоя салған ол досының қолынан алып сүйрей жөнелді. – Білдім,– деп қояды жолда келе жатып.

Кешелі бері қалай ойыма келмеген?! Дарқан Сәрсенді ұзындығы 4-5 метр келетін жеңді білектей кесілген ағаштың қасына ертіп келді. – Мынаны кеше көргем. Апарып салу есіме келмепті,– деді жүзі балбұл жанып.

Ал кеттік! Не істеу керек екенін енді аңғарған Сәрсен сұлап жатқан құрғақ ағаштың бір басын иығына салды да, кері жүрді. Олар ағаштың бір басын шұңқырдың ішіне түсіріп, шұңқырдың бұрышына қарай итеріп қойды. Екінші басын шұңқырдың жиегіне тіреп еді, ағаш қабырғаға кӛлбей сүйеніп тұра қалды. Екеуі енді қайтер екен деп мысыққа қарады. Алғашында шошып кері қашқан мысық аздан соң, бойы үйренгеннен кейін сыртта тұрған қамқоршыларының ойын түсінгендей, ағашқа жақындап, иіскелей бастады. Арада көп уақыт өтпеді. Мысық көз ілеспес жылдамдықпен көлбеу ағашқа қарғып шықты да, соның үстімен екі секіріп, сыртқа қарай ытқыды. Мұны көрген екі бала қуаныштары қойындарына сыймай айғайлап жіберді

.

1.«Сенімділік батылдыққа жетелейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Өзіңе сенімді болу үшін не істеу керек?

3.Өзіңе сенім артқан кезде қандай күйге бөленесің? Айтып бер.


Шығармашылық жұмыс «Бұл қай сәт?»


1-тапсырма

Музыкадан үзінділер қойылады. Балалар сол әуеннің мәтіннің қай сәтіне сәйкес келетіндігін табулары керек

2-тапсырма

«Сенім»  деген  сөздің  әрбір  әрпінен  басталатын  адами  қасиетті  білдіретін сөздерді жазыңдар.



Сергіту сәті. «Әуенді тап»


  1. Үй тапсырмасы.

  2. Келесі сабақ: 31 беттегі «Ұлыма хат» мәтінін оқу. 7-тапсырма дарынды адамдардың портретін жасау


  1. Топпен ән айту. Сенім

 Өлеңін жазған Ринат Зайытов  Әнін жазған Ұлықпан Жолдасов

Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген.

Бір сенім бар,

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім барда

Асығам алға

Ақ тілегім, биікке самға.


Қайырмасы:

Тағдыр жолы көп торабы

 Ақ пен қара жолағы

 Сенім – маған серік болады.

 Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін.

Жүрегіммен сенемін.

Жылуын берер,

Шапағат төгер

 Махаббатым адаспай келер,

Асқардай биік,

Армандар жиып

 Мен өтемін.

Өмірді сүйіп

 Қайырмасы.

Тағдыр жолы көп торабы

Ақ пен қара жолағы

 Сенім – маған серік болады.

 Ақ таңдарды мен көремін,

 Дауылды да жеңемін.

Жүрегіммен сенемін.

  1. Қайырмасы.


8.Сабақтың қорытынды сәті.

Соңғы тыныштық сәтi.

  1.  Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Денелерімізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, айналадағы барлық тіршілік иесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеміз. Тұла бойымыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рақмет айтамын! Бүгінгі сабақта өткен тақырыбымызды,құндылықтар мен қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сабақ аяқталды.

Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!